Құрметті Жәнібек ауданы

әкімдігінің ресми сайтына келушілер!

Жәнібек ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер.

 

Жәнібек ауданы облыстың оңтүстік – батыс бөлігінде орналасқан, Ресей Федерациясының екі ауданымен шекаралас жатқан аудан. Өңірдің ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік, инфрақұрылым салалары серпінді дамуда. Жылдан – жылға ауданда заман талаптарына сай келетін жаңа білім беру ошақтары, спорттық және мәдени – сауықтыру нысандары іске қосылып, жөндеуден өткізілуде. Елді-мекендердің келбеті көркейіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Ауданның оқушылары, спортшылары мен көркемөнерпаздары түрлі деңгейде ұйымдастырылатын байқаулар мен сайыстарда жоғары орындарға ие болуда.

Жәнібек өңірі еліміздің ұлы перзенттері Ғұмар Қараш, Хаби Халлиулин, Хамит Чурин, Ерденбек Ниетқалиев, Мәншүк Мәметова және тағы басқа даңқты тұлғалардың кіндік қаны тамған жері, Ұлы Отан соғысы кезінде майданның ең жақын тылы болып, әскери шайқастарға тікелей қатынасқан аудандардың бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сай тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу арқылы билік пен халық арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі жетілдіру мақсатында «Электронды Үкімет» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, жүзеге асуда.

Жәнібек ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік – экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға, өзін толғандыратын мәселелер бойынша ұсыныстар, сын – пікірлер беруге, сондай-ақ қойған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алады.

Ресми сайтты толыққанды іске қосу мемлекеттік органдар ұсынып отырған мемлекеттік қызметтердің сапасы арттыруға, Елбасы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында саяси – экономикалық реформаларды жүзеге асыру арқылы ел экономикасын нығайтуға жағдай жасамақ.

Сіздермен бірлесе отырып еліміздің өркендеуіне әркез адал қызмет жасауға дайынбыз.

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Игі құрметпен,

Жәнібек ауданының әкімі

А.С.Сафималиев

  

 

Жаңалықтар


Көшеттер отырғызылды

16.10.2017

13 қазан күні сенбілік ұйымдастырылып, Жәнібек ауылының А.Байтұрсынов көшесіндегі саябаққа мекеме- ұйымдардың қызметкерлері Орал орман шаруашылығынан әкелінген 300 түп сүмбіл терегінің көшеттерін отырғызды.


Оқырмандармен кездесу

13.10.2017

11 қазан күні Тау ауылдық округінде аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Ахмедияр Батырханов басылымның оқырмандарымен кездесті. Кездесу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында ойын өрбіткен газет басшысы мектептегі оқушыдан бастап, ауылдың шежірелі қарияларының басын біріктіріп, ауылдағы жер-су атауларының шығу төркінін, өлкеде өсетін дәрілік шөптер, аң мен құстар, әр рудың шежіресін паш етер құнды тастар – құлпытастардың орнын анықтап, картаға түсіру, киелі жерлер туралы мағлұмат жинау хақында кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар іссапар барысында аудандық «Рухани жаңғыру» бағдарламасыныі іс-шаралар жоспарының «Рухани қазына» кіші бағдарламасына сай Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен ауданы еңбеккерлерінің жанкешті еңбегі мен өшпес рухын ұрпаққа насихаттау мақсатында ауданымыздың әр ауылдық округтеріндегі тыл ардагерлерін бейнетаспаға түсіру туралы аудан әкімі Азамат Сафималиевтің қолдауымен ауқымды шараны қолға алып, бүгін осынау игі істі нақ Тау ауылынан бастап отырғанын жеткізді.


Жазғы спорт алаңы пайдалануға берілді

12.10.2017

11 қазан күні Жақсыбай ауылдық округінде жазғы спорт алаңы пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Шараның соңы ауыл-аймақтардан келген жасөспірім спортшылардың шағын футболдан жолдастық кездесуімен өз жалғасын тапты.


Әдеп жөніндегі уәкілмен кездесті

12.10.2017

11 қазан күні Жәнібек ауданының әкімдігінде БҚО бойынша әдеп жөніндегі уәкіл Айгүл Есекеновамен кездесу өтіп, оған аудандық дербес бөлімдердің басшылары, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Кездесуде Айгүл Оразқызы ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанда №153 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жөнінде сөз сабақтап, осы орайда мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жауапкершілік пен талаптың қатаңдатылатынын, сондықтан қызмет барысында және одан тыс уақытта әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігін айтып, сөзін нақты мысалдар келтіре отырып дәйектеді. Кездесуді қорытындылаған Жақсылық Кәримоллаұлы жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзғандардың жоқтығын, осы бағытта мемлекеттік қызметшілермен құқықтық оқулар, сауалнамалар ұйымдастырылып отырылатынын айтып өтті.


Медицина қызметкерлері Жолдауды талқылады

11.10.2017

10 қазан күні аудандық орталық ауруханада аудандық ақпараттық топ мүшелері медицина қызметкерлерімен кездесіп, Жолдауды талқылады. Елбасының Жолдауында денсаулық саласына баса назар аударылғандығы туралы атап өтілді, өз кезектерінде медицина қызметкерлері Жолдауды қолдайтындықтарын білдірді. «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» демекші, еліміздегі тиімді саясаттың арқасында медицина саласының тамырына қан жүгіретіні хақ.


Барлық жаңалықтарды оқу ...