Жәнiбек ауданы 1922 жылы құрылған. Облыс орталығынан оңтүстiк-батыс жағында 454 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумағы 8,2 мың шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 17405 адам мекендейді. Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымы 9 ауылдық округтен тұрады.Табиғи-климаттық  жағдайы бойынша құрғақ, жартылай шөлейт аймаққа жатады. Автокөлiк жолдары 319 шақырымды құраса, соның ішінде 49 шақырымы қара жол, 188 шақырымы қиыршық тас төселген  жол және 82 шақырым грунттық жол.

Жәнібек ауданы Ресей Федерациясының Волгоград пен Саратов облыстарымен және Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда мен Казталов аудандарымен шекералас. 

 

 аудан картасы

Аудан халқы

2016 жылдың 1 қантарына аудан тұрғындарының саны 17290 адамды құрады, с.і. аудан орталығында 8164 адам (47,2%) және ауылдық округтерде 9126 адам (52,8%) тұрады. Экономикалық белсенді тұрғындардың саны 9557 адам, экономикалық белсенді емес тұрғындардың саны 7733 адамды құрады.

Осы мерзімге ауданда 259 адам дүниеге келіп, 119 адам қайтыс болған. Табиғи өсім 140 адамды құрады. Ауданға 279 көшіп келсе, 391 адам басқа жерге қоңыс аударды. Сальдо -112.