ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды жаңа 2016 жылмен құттықтаймын! 2015 жыл баршамызға ерекше әрі мерейлі жыл болды. Бұл жылы біз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын, Ұлы жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын кең көлемде атап өткен болатынбыз. 26 сәуірде елімізде өткізілген кезектен тыс Президент сайлауынды қазақстандықтар Елбасына және оның сарабдал саясатына қолдау көрсететіндігін дәлелдеп, ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа басым көпшілігі өз дауыстарын берді. Елімізде іске асырылып жатырған Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігін тағы бір айқындап, дағдарыстың кері әсерін Қазақстанға мейлінше тигізбеу бағытында және экономикамыздың қалыпты өсуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған нақты қадамдар болып табылады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Жолдауында дағдарыстан өту жөніндегі шараларды белгілеп берді. Бұл шараларды іске асыру нәтижесінде жылдан жылға елімізде салынып жатырған әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлердің, өндіріс орындарының саны артып, экономиканың қай қай саласында да өсім тенденциялары байқалады. Мұндай нақты істер ауданымызда да табысты іске асырылуда. Биылғы жылдың өзінде ауданымызда жаңа балабақша, спорт алаңдары салынып, баспаналар бой көтерді. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесін дамыту, жолдарды жөндеу, елді-мекендерді абаттандыру бағытында нақты жұмыстар атқарылды.  Бүгінде ауданымыздың кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық, құрылыс және өзге де салалары жақсы қарқынмен дамып, сол арқылы жаңа өңдеу және қызмет көрсету орындарын ашуға, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету арқылы жұмыссыздықтың деңгейін азайтуға мүмкіндік жасалды. Мұның бәрі мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың салихалы саясатының және әр Қазақстандықтың қажырлы еңбегінің жемісі деп білеміз.

Құрметті жерлестер, келе жатқан жаңа жылда баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке амандық, қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін! Жаңа жыл берекелі болсын!