Сафималиев Азамат Сафималиұлы

Сафималиев Азамат Сафималиұлы 1979 жылы 23 желтоқсанда Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, магистр.

2000 жылы Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын, 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001жылы Атырау қаласындағы «Нефтестрой сервис ЛТД» ЖШС-нде бастады.

2003 жылы мемлекеттік қызметке келіп, Атырау облысы қаржы басқармасында бас маман, бөлім бастығы лауазымдарын атқарды.

2008-2009жж Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат депутатының көмекшісі.

2009-2010 жж Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы әкімінің кеңесшісі.

2010-2012жж Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.

2012 - 2016 жж Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары.

2016 – 2017 жж Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы әкімінің орынбасары.

2017 жылғы 03 шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі.