7 қазан күні Жәнібек ауданының 95 жылдығына орай ауылдың оңтүстік-шығыс бетінен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Жиналған жұртшылықты аудан әкімі Азамат Сафималиев, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар және қоныс той иелерінің атынан Роза Молдашева құтықтап сөз сөйледі. Сонан соң Азамат Сафималиұлы 24 тұрғын үй иелеріне кілттерін салтанатты түрде табыс етті.