Мемлекеттік органдардың азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау тәртібі

Аудан әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың қабылдауы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтардың қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүзеге асады. Аудан әкімі бекіткен кестеге сәйкес белгіленген сағатта және күні азаматтарды әкім, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы жеке қабылдайды. Қабылдау кестесі әкім аппаратының ғимаратында қабырғада ілініп тұрады, газетте жарияланады және аудан әкімінің сайтында орналастырылады. Егер өтiнiштi лауазымды тұлға қабылдау кезiнде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша өтiнiш ретiнде жұмыс жүргiзiледi.

Азаматтарды қабылдау туралы анықтама сұрақтарды және азаматтардың жүгінулерінің қарауы туралы ақпаратты байланыс телефонымен алуға болады: 21-4-59
Мекен- жайы: Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі 61

Жәнібек ауданы әкімі аппаратында азаматтарды жеке мәселелері жөнінде қабылдау КЕСТЕСІ

Қарағойшин Науырызбай Қадырбайұлы

Аудан әкімі

- жұма, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, апта сайын

Қуаналиев Біржан Қайырғалиұлы

Аудан әкімінің орынбасары

бейсенбі, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, апта сайын

Менешов Біржан Нұрланұлы

Аудан әкімінің орынбасары

сәрсенбі, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, апта сайын

Абдолов Жақсылық Кәрімоллаұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

- сәрсенбі, сағат 10:00 ден 12:00-ге дейін, апта сайын

Сенбі күндері азаматтарды қабылдау арнайы бекітілген кесте бойынша жүргізіледі

Жәнібек ауданы әкімі аппаратына 2015 жылдың қорытындысы бойынша заңды және жеке тұлғалар өтініштерінің саны туралы ақпарат.

2015 жылдың қорытындысы бойынша «Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» ММ заңды және жеке тұлғалардан 487 өтініш түсті.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау сипаты
171- мемлекеттік басқару туралы жалпы мәселелер;

170 - жер ресурстары;

3- су ресурстары;

26 - жалпы қаржы мәселелері;

2 - экономика және жоспарлау мәселелері;

2 - жылжымайтын мүлікке қатысты;

9 - мүлікті жекешелендіру мәселелері;

2 - әскери қорғаныс мәселелері;

50 - жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнетақы қамтамасыз ету мәселелері;

2 - денсаулық сақтау, санитария және гигиена мәселелері;

2 - құрылыс мәселелері;

1 - агроөнеркәсіп кешені;

37 - тұрғын үй коммуналдық  шаруашылық мәселелері;

4 - тұрғын үй қоры;

2 - мәдениет және өнер;

1 - мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғалардың іс әрекеттеріне шағымдану туралы;

1 - байланыс және ақпараттандыру;