Аудан орталығындағы Т.Жароков мектебінде ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен 8-11 сынып оқушыларына «Жастардың рухани және патриоттық тәрбиесі» атты шара оздырылды. Аталмыш шара барысында ұстаз бен ата-ананы сыйлау турасында, отбасы және патриоттық тәрбие бағытында тағылымды әңгімелерін өрбітіп, бейнеролик көрсетілді.

12 қазан күні Борсы ауылдық кітапханасында «Дәстүрлі емес діни ағымдар-ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер» атты сұхбат кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты жастарға мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой-өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата-салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу.

А.Оразбаева негізгі мектебі бойынша:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының дін туралы түсінігін анықтау мақсатында 4 сынып оқушылары арасында «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбында сурет байқауы
  2. 5-6 сыныптар арасында «Дін – тәрбие діңгегі» авторлық өлең байқауы
  3. 6-9 сыныптар арасында «Дін діңгегіміз» тренингі оздырылып, тренинг барысында оқушылар дін туралы ойларын ортаға салды, алған әсерлерімен бөлісті және «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты баяндама оқылып, діннің бала тәрбиесіндегі орын туралы бейнеролик көрсетілді.
  4. 7 сынып оқушылары «Дініңді сатпа, салтыңды сақта, сенімді ақта!» тақырыбында эссе жазды
  5. 9 сынып оқушыларына «Зайырлы Қазақстан» тақырыбында шығарма жаздырылды.

 

Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ:

  1. 8-11 сыныптар арасында «Елім үшін не істей аламын» атты монолог
  2. 7-10 сыныптар арасында «Бабалар жолы» жас ақындар байқауы, «Ибалы адам, иманды қоғам» әлеуметтік жарнамалар
  3. 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жалған діни ағымдар» тақырыбында театрландырған көрініс
  4. Оқушылар мен ата – аналардың қатысуымен жат діни ағымға әуестенудің алдын алу және түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында «Имандылық жүрекке ұяласа» дөңгелек үстел
  5. Сонымен қатар жалпы оқушылармен «Біз –қауіпсіз өмірді қалаймыз!» тақырыбында суреттер байқауы, «Жасөспірімдердің діни тәлім-тәрбие мәселесіне көзқарасы» тақырыбында тәрбие сағаттары, «Жасөспірімдердің терроризм мәселесіне көзқарасы» тақырыбында конференция
  6. Ауылдық учаскелік полиция инспекторының қатысуымен 8-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізіліп, жалған қоңыраудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

 

9 қазан күні жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог маманы Ренат Кенжеғалиев №1 мектеп лицейінде 7-8 сынып оқушыларымен кездесіп, асыл дініміздің қағидалары, діни экстремизмнің алдын алу, жат ағымдардың ықпалына түспеудің жолдары туралы мәлімет беріп, оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аудандық білім беру бөлімі бойынша 10 жалпы орта білім беретін, 2 негізгі білім беретін мектептерде оқушыларға«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсына сай дәрістер жүргізіледі. Бұл курс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі бұйрығы негізінде оқытылады. Курсты оқыту сабақ кестесіне енгізілген. Ал сабақ кестесіне сыймаған жағдайда факультативтер кестесінебелгіленген.Оқу жылының басталуында әрбір мектепте әдістемелік бірлестік отырыстары мен кіш іпедагогикалық кеңестерде аталған пәнді оқыту мәселесі қаралып, талқыланды. Оқулық Д.Кенжетаев пен Ә.Сайлыбаевтың авторлығымен былтыр жарық көрген. Біздің ауданнан екі мұғалім оқулық авторымен кездесіп, оқулық әдістемесі және оқушылармен қалай жұмыстану керектігі жөнінде түсінік алып, тәжірибе алмасып келді.Бұл пәннен жоғары білімді тарих пәнінің мұғалімдері дәріс береді.

Біздің бөлімдегі әдістемелік кабинеттің жоспарына сай биыл ақпан айында «Зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің маңызы мен әдістемесі» тақырыбында аудандық семинар-практикум ұйымдастырылды. Жиын барысында пәннің әдістемесі жөнінде баяндамалар оқылып, пән мұғалімдері өз сабақтарынан 20 минөттік шеберлік сыныптар көрсетті. Семинар соңында «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативті курсын оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер коучингі жүргізілді.

Ежелден-ақ өзін өзгеге сыйлатып келе жатқан, ұлттық тәрбие жүйесін қалыптастырған халықпыз.  Қазақтың ұлттық тәрбиесіне назар аударар болсақ, оның ислам шариғатымен байланысып жатқанын байқаймыз.Демек, әр қазақ баласы  ұлттық тәрбиемен сусындап өсер болса, ол елін сүйіп, жеріне қызмет етеді және өз халқының жанашыр азаматы болады. Тіпті, кез келген сыртқы күшке, әсіресе, дәстүрге қарсы күштерге тосқауыл болып, жағаға жармасқан қазіргі жат ағымдардан бойын аулақ ұстайды. Бүгінгі таңда етек алып бара жатқан ата-баба дәстүріне қарсылықтың ең басты себебі ұлттық құндылықтарымыздың қадірін жете түсінбеуден туындауда. Ұлттық тәрбие көріп, ұлттық мүддемен сусындамаған ұрпақ, амал жоқ, жат мәдениетке бой  алдыруда. Сайып келген-де, қоғамда орын алып жатқан сау ақылға сыймайтын келеңсіз әрекеттер ұлттық руханиятымыздан алыстауға апарып соғады.  Ұлттық рухы асқақ, намысы бекем, қуатты ел боламыз десек, бұл ретте өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазақ халқы ешкімге намысын таптатпай, елдігін сақтаған халық. Осы қасиет сонау ықылым заманнан бесік тәрбиесінің негізіне айналып, жас ұрпақ санасына сіңіріліп отырған. Қазақ тарихында  топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің, атқа мініп қол бастаған батырлардың барлығы дерлік қазақ дәстүріндегі ұлттық тәрбиенің жемісі. Бұрындары қазақ халқы балаға үлгі-өнеге көрсету, тәрбие беру ісін қалай жүзеге асырған? Кешкілік уақыттарда ауыл ақсақалдарының кеңестеріне балалар қатыстырылған. Қазақ балалары түнді-түнге ұрып айтылатын жыр-дастандарды тыңдаған. Сөйтіп, ұлттық тәрбиеміздің қайнары халық ауыз әдебиеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, шешендік сөздер, мақал-мәтелдердің мәнін бала үйден біліп, сол биік санамен келіп ел ісіне араласқан. Жас ұрпақ – ел қорғаны, ұлттың тірегі. Жастардың жалынды, намысты, отаншыл болуы үшін, олардың тарихи санасын ояту –осы тұрғыдағы істердің жемісті болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз рухы биік қазақ халқы өз хандығын құрғаннан Ресей империясының құрамына кіргенге дейінгі төрт жүз-жылға жуық уақыт ішінде салтанат құрған елдігіне осы отбасы институты арқылы қол жеткізген.

Халықтың тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүр жоралғылары, айталық сәлемдесу, үлкенді сыйлау, қонақ күту, тамақтану, сөйлеу әдебі, киім-киіс, жүріс-тұрысы отбасынан бастап білім ордаларында жалғасын табар болса, жоғалып бара жатқан ұлттық құндылықтарымыз қайта қалпына келер еді. Сол уақытта қазіргі таңда елдің ішкі тыныштығына қауіп төндіріп жүрген жат ағыммен күрес мәселесі өзінен-өзі күн тәртібінен түсер еді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін еліміздің барлық өңірлерінде «Ұлттық тәрбие» клубтары ашылып, ұрпақ тәрбиесін жүзеге асыруға белсене араласқаны абзал. Ұлттық рухтың қадір-қасиетін білетін ұрпақ өз ата-бабасының дәстүріне қарсы шықпайтыны ақиқат.

22 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастурымен «Ішкі тұрақтылық кепілі – діни сауаттылық» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке № 1 мектеп-лицейінің, Т.Жароков атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушылары,е Жәнібек колледжінің І курс студенттері, ауылдық округтерден жастар қатысты. Жиынға қатысушылар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Батыс Қазақстан облысындағы Тұлбаев Мұхаммед Ғариф мешітінің найб имамы, теолог Серік Мұстафинмен кездесті.Теолог Серік Қайратұлы бүгінгі таңдағы әлемдік өзекті мәселеге айналған діни ахуал туралы хабарлама жасап, бейнеролик арқылы туралы ақпарат көрсетілді. Шара барысында психолог-маман ұйымдастырған түрлі тренингтерге оқушылар белсенді қатынасты. Кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып, көкейлеріндегі мәселелерді ортаға салды.