Аудандық бюджет

2016 жылға арналған бекітілген бюджет 2 млрд. 512 млн. 684 мың  теңгені, с.і. ресми трансферттердің көлемі  2 млрд. 329 млн 218 мың теңгені құрады.

2016 жылдың 6 айына жоспар 1320 млн 485 мың  теңге, орындалғаны- 1320 млн 020 мың 700 теңге (99,96%)-ға орындалды. Орындалмағаны  465 мың теңге (аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық білім беру бөлімі  игерілмеді).

Ауданның бюджеттік мекемелері бойынша кредиторлық және дебиторлық берешек жоқ.

 

Түсімдер

2016 жылдың I - жартыжылдығына аудан бюджетіне салық пен түсімдер 1408396,3 мың теңге көлемінде түсті,  соның ішінде 833817,0 мың теңге субвенция, нысаналы трансферттер 325897,0 мың теңге, өз кірістеріміз 173099,3 мың теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу 5116,2 мың теңге.

2016 жылы түзетілген жоспарына сай Жәнібек ауданының бюджетінің өз кірістері 284665,0 мың тенге құрады, 2016 жылдың I - жартыжылдық жоспары 115270,0 мың тенгенің кассалық орындалуы 169253,8  мың тенге немесе 146,8 %, немесе  53983,8 мың теңгеге асыра орындалды.

 

Шығыстар

2016 жылға түзетілген бюджеттің шығыстар жағы бойынша 2740555,0 мың тенге құрады. 2016 жылдың 1 шілдеге 1320485,0 жоспарланған. Орындалуы 100 % немесе 1320020,7 мың тенге. Орындалмағаны 464,3 мың тенге.