«Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында  жыл басынан ауданымызда тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша 166 шаруа қожалығы және бір ауыл тұтунышылық кооперативін қосқанда 11173 бас аналық малы  427 бас асыл тұқымды бұқаларымен қамтылды,  17 шаруа қожалығы 6800 бас аналық қойын 227 бас асыл тұқымды қошқарларымен қамтыды.

Барлық ауыл орталықтарының жеке табындағы 4174 бас аналық малдары  151 бас асыл тұқымды аталық бұқаларымен қамтылды.  Жалпы алғанда, ауданның 14600 бас аналық малын тұқымдық түрлендірумен  қамтып,   90 % құрауда.

Барлық ауыл орталықтарының жеке табындағы 4174 бас аналық малдары  151 бас асыл тұқымды аталық бұқаларымен қамтылды.  Жалпы алғанда, ауданның 14600 бас аналық малдары тұқымдық түрлендірумен  қамтылып,  90 %  құрауда.

Жыл басынан 260 бас асыл тұқымды бұқа, 52 бас асыл тұқымды қошқарлар және 4 бас асыл тұқымды кушум жылқысын сатып алды.

2016 жылдың 1 шілдесіне мал санының есебі:  ірі қара  37082 бас -  өсім 110 %, қой мен ешкі 75864 бас - өсім 110 % , жылқы  11036 бас - 109 % және түйе малы 99 бас  - өсім 101%.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы  40 млн қаражат алып 8 бұқа және 207 бас аналығын сатып алуда. Ал, енді 4 шаруа қожалығы 40 млн несие алуға құжаттары тапсырылып қаралу үстінде.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 2 шаруа қожалығы 13 млн несиеге қол жеткізіп ауданға 30 бас асыл тұқымды Ақжайық еттті-жүнді қойының қошқарларын  сатып алып   қосымша 465 бас аналығы сатып алынуда.

«Құлан» бағдарламасы бойынша  әзірге 2 шаруа қожалығы қызығушылық танытып несие алуға ниеттенуде.

Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында 2016 жылдың 6 айында ауданнан Ресей Федерациясына 730 бас ірі қара малының бойдағы және 780 бас қой малы шығарылды.

2014-2015 жылдары машинатракторлық парктерді жаңарту бағытында ауданымыздың  шаруа қожалықтары жалпы 76 бірлік ауылшаруашылық жаңа техникаларын сатып алған болса, биылғы жылдың 6 айында ауданымыздың  шаруа қожалықтары жалпы 23 бірлік ауылшаруышылық жаңа техникаларын сатып алды.

Бұлар, 8-трактор, 4 -пресс, 7-косилка, 4 -Кун.

Осының ішінде 10 лизингтік техника. (5-трактор, 2-пресс, 2-косилка, 1-кун). 

Инвестициялық салымдарды субсидиялау ережесінің талаптарына сәйкес 11 шаруа қожалығы  2014-2015 жылдары ауылшаруашылығы техникаларын сатып алғандары үшін шығындары 50 % өтеліп,  20 млн жуық теңгесін қайтарып алды.    

«Ұлан» ШҚ-ғы 1000 шаршы метр құрайтын жылыжайында қияр егіп бірінші дақыл айналымынан мамыр-маусым айларында 14 тонна өнім алып аудан тұрғындарын табиғи таза өніммен қамтамасыз етті. 

Жайылымдарды суландыру бойынша күні бүгінге Жайықгидрогеология мекемесіне Жақсыбай ауылдық округінен «Байсал» және Тау ауылдық округінен «Хайруш»  шаруа қожалықтары 2 ұңғыма (скважина)  кұдық соқтыртып алды.

Ресей Федерациясынан келген бригадасына Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты «Үміт» шаруа қожалығы шеген құдық қаздыру жұмыстарын жүргізуде.

Мал азығын дайындау аудан бойынша мал қыстағына жеткілікті көлемде мал азығы қорын дайындау - басты мәселелердің бірі.

Өткен жылы орын алған құрғақшылық салдарынан шөп түсімі аз болып, қажеттілік алдыңғы жылдан қалған шөп қоры есебінен ғана қамтамасыз етілгені белігілі.

Ағымдағы жылы сәуір-шілде айларында жауын-шашын мол түсіп, бүгінгі таңда шабындықтағы шөптердің, екпе шөптердің жақсы көтерілуіне, бітік шығуына оң әсерін тигізіп отыр.

Қалыптасып отырған қолайлы жағдайды пайдалана отырып, 2016-2017 жылғы мал қыстағына мал азығын дайындау жоспарын екі есе орындауды облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Утегулов тапсырма берген болатын.

Ауданға биылғы мал қыстауына 87 мың тонна шөп қажет болса, жоспар екі есе ұлғайтылып  174,05 мың тоннасын құрады.

Күні бүгін 77428 га жер шыбылып, шығымдылығы орташа 7,5 центнер құрап 58,0 мың тонна шөп жиналып, жоспар 33,3 %-ға орындалып отыр.