Аудан тұрғындарының тұрғын үй салуға жер бөлу жөніндегі сұраныстарын шешу мақсатында Жәнібек ауылының солтүстік бағытынан нақты жайғастыру жоспарына сай 157 тұрғын үйге арналған жер учаскелеріне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы жүргізіліп, газ және су,электр желілерінің құрылысы толық 100 пайызға орындалып мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдаланымға берілді. Жұмыстардың мердігері - «Символ» ЖШС. Қазіргі уақытта жер учаскесінде кезекте тұрған азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін беру жұмыстары басталып, құқықтық құжаттарын жасақтауда.

Ауданымызда дене шынықтыру - спорт салаларын дамыту мақсатында «Ақоба ауылындағы орта мектептің спорт залының құрылысы» нысанына және «Жәнібек ауылында 160 орындық дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылысы» нысанына жобалық сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Ақоба және Борсы ауылындағы спорттық-ойын алаңдарын орнату бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып 26 қараша 2015 жылы мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдаланымға берілді.

Жеке тұрғын үйлерді іске қосу бойынша күні бүгінгі күнге дейін 44 тұрғын үй салынып, 3565 шаршы метр пайдаланымға ұсынылды.