2 тамыз күні облыстық «Өрле, Қазақстан!» ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Манарбек Әжкенов, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші-маманы Алмат Байболат Ұзынкөл ауылында болып, ауылдық кітапханада жастармен кездесіп, елімізде жастарды қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы ауыл жастарына кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар жиында облыстық білім басқармасының өкілі Тілектес Ахмадиев Елбасының бастамысымен қолға алынған «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы туралы мәлімет берсе, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалының кеңесші-маманы Талғат Өтеғали мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылы іске аса бастаған «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы туралы ақпарат беріп өтті. Басқосу барысында тыңдаушылар көкейкесті сұрақтарына нақты жауаптар алды.