Авторизация



Главная 25 лет независимости

25 лет независимости

16 желтоқсан 2016жыл

Нысан жөндеуден өтті

Егеменді елдің еңселі мерейтойында аудан әкімдігінің қолдауымен «Күншуақ» шағын орталығының ескі ғимараты ағымдағы жөндеуден өтті. Енді бұл ғимаратқа аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен мектептен тыс жұмыстар орталығы қоныс тебеді. Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин барша жиналғандарды құттықтап, өз лебізін білдірді:- Бұл ғимарат алғашқыда білім ошағы болған. Мұнда қаншама шәкірт сапалы білім, саналы тәрбие алды. Сондықтан ғимаратты оқушылармен мектептен тыс қосымша іс-жүргізіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге ниет еттік. Осындай игі істер көп болсын, мерекелеріңізбен,-деді аудан басшысы. Лента қию рәсімінен соң көпшілік сәулеті жарасқан ғимарат ішін аралап, оқушылардың жұмысымен танысты. Нысанның жөндеу жұмыстарына 14 млн 721 мың қаржы жұмсалып, оны мердігер «Новосел строй сервис» ЖШС-ның құрылысшылары екі ай ішінде жүргізген. Аталмыш серіктестіктің директоры Жанболат Машаев мекемеге «Шың-құз» атты кітаптың 41 данасын сиға тартты.

16 желтоқсан 2016жыл

Қонақ үй ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан орталығында жанға жайлы, жарқырап тұрған қонақ үй ашылды. Аталған нысанды кәсіпкер Қайрат Татранов құрылысшылар жалдап, өз қаржысына салдырған. Қазіргі уақытта екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Жаңа қонақ үйдің ашылу салтанатында аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов көпшілікті мерекемен құттықтап, мекенжай иесіне тұтынушылардың көп болуын тіледі. Заманауи талапқа сай салынған қонақ үйде барлық жағдай жасалған. Бөлмелері бір адамға 2000-5000 теңге аралығында берілетін қонақжай бір уақытта он адамды қабылдай алады.

16 желтоқсан 2016жыл

Жаңа дүкен қызметін бастады

Бүгін, Тәуелсіздік мерекесі күні аудан орталығында кәсіпкер Бауыржан Неғметовтың «Ернар» атты дүкені ашылды. Аталмыш дүкен сөрелерінде азық-түлік және ет өнімдері қолжетімді бағамен саттыққа шығарылады. Дүкен иесі алдағы уақытта үш адамды жұмыспен қамтымақшы. Нысанның ашылу салтанатында Жәнібек ауылдық округінің әкімі Мұстахим Қабдысалиев жұртшылықты ел Тәуелсіздігімен құттықтап, жаңадан ашылғалы отырған дүкеннің қызметіне сәттілік тіледі. Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мен дүкен иесінің әкесі Аменгелді Нығметов лента қию рәсімін жасаған соң, көпшілік жаңа дүкеннен сауда жасауға бет алды.

15 желтоқсан 2016жыл

Ел әлеуетінің дамуына зор үлес қосқандарға марапат

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын оздырылды. Жиында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин жиналғандарды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтады. Бұдан әрі аудан басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ел экономикасы мен әлеуетінің дамуына зор үлес қосқан бір топ азаматтар мен азаматшаларға Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Құрмет грамотасын», Батыс Қазақстан облысының «Құрмет грамотасын», аудан деңгейінде сайлау комиссияларында ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, түрлі сайлауларды тиісті деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосқандарға Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасының алғыс хатын және М.Ықсановтың 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медалін табыстады. Жиында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты аудандық мәслихаттың шешімімен бір топ аудан тұрғындарына «Жәнібек ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

15 желтоқсан 2016жыл

Аудандық спартакиада қорытындыланды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай оздырылған спорттың 25 түрінен аудандық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Аталмыш спартакиаданы қорытындылау үшін аудан активі мен жарысқа қатысушылар «Спортшылар балында» бас қосты. Жиында алғашқы сөзді аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин алып, барша жиналғандарды тұғырлы Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. -Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі халықты көптеп спортқа баулу арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Осы міндеттерді орындау үшін ауданда бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Аудан бойынша соңғы жылдары 4 спорт алаңы бой көтерсе, алдағы уақытта тағы 2 осындай алаңдар салуды жоспарлап отырмыз. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға нығайтылуда. Аталған спартакиада өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Барлық қатысушыларға ризашылығымды айта келіп, осынау мерейлі мерекеде дендеріңе саулық, отбасыларыңа амандық тілеймін, — деді аудан басшысы. Басқосу барысында үстіміздегі жылы ауданның спорт саласының дамуына үлес қосқандар арнайы аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтсақ, «Жыл спортшысы» Әсем Телекова, «Жыл жаттықтырушысы» Назарбек Ишанқұлов, «Белсенді ардагер спортшы» Телман Ғұсманов, «Спортшы – мемлекеттік қызметкер» Тахир Қадимов, «Үміт артар жас спортшы» Данияр Қайыров, «Үздік спорт журналисі» Данияр Оспан және «Спортты жанына серік еткен тұрғындар» аталымы Ақоба ауылдық округіне бұйырды. Аудандық қазақ күресі, жекпе-жек, үстел теннисі федерацияларының президенттері Қанат Неғметов, Ғилым Әліп, Жаслан Басиров, белбеу күресінен екі дүркін әлем чемпионы Нұрлыбек Хайруллин, жас спортшы Бекзат Досымов және бір топ спорт ардагерлеріне аудан әкімінің алғыс хаты мен сыйлықтар табыс етілді. Мұнан соң «Дені сау ұлт – саламатты Қазақстан» атты спартакиаданың қорытындысы жарияланды. Спорттың 25 түрінен сынға түсіп, ең жоғарғы нәтиже көрсеткен «Олимп» командасы (Т.Жароков атындағы мектеп пен «Алтын ұя» балабашасы) бірінші, «Тұлпар» командасы (№1 мектеп пен «Жәнібек» балабақшасы) екінші, ал «Факел» командасы (М.Ықсанов атындағы колледж бен «Балдәурен» балабақшасы) үшінші орынды иемденіп, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, әр спорт түрінен жүлделі орын алғандарға да дипломдар табысталды.

15 желтоқсан 2016жыл

Еңсесі биік-Тәуелсіз Қазақстан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында болып жатқан шаралар өз жалғасын табуда. Атап айтсақ, аудандық балалар кітапханасында Т.Жароков атындағы ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Оралбек Ысқақтың ұйымдастыруымен игілікті іс-шара өткізілді. Шараға аталмыш кітапхананың директоры Жанаргүл Тұяқова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық филалының меңгерушісі Мереке Қайдаров және бір топ оқушылар мен мекеме қызметкерлері қатысты. Егеменді еліміздің Тәуелсіздік жолындағы қиын-қыстау кезеңдерінен бейнеролик көрсетілді. Бүгінгі жеткен жетістіктеріміз де ұшан-теңіз. Еркін түрде өткен кеш барысында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірдеректері, еңбектерін мен жүзеге асырылып жатырған реформалар, Астана қаласының көркейіп, гүлденуі, ЭКСПО-2017 көрмесі туралы Т.Жароков атындағы мектептің он бірінші сынып оқушылары өз баяндамаларында тілге тиек етті. Содан соң №1 ЖББОМ және А.Оразбаева атындағы ЖББНМ-нің оқушылары Тәуелсіздікке арналған және Оралбек Ысқақ «Мен қазақпын» атты өз туындыларын мәнеріне келтіре оқыса, әрі қарай Нұржігіт Өрболат «Астанаға ақ тілек» өлеңін тарту етті.Шара жақсы деңгейде өтіп, соңында кітап көрмесі таныстырылды.

15 желтоқсан 2016жыл

Егеменді, Тәуелсіз ел ұланымыз

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Т.Жароков атындағы ЖББОМ-де республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Аталмыш ұйымның негізгі мақсаты-оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері-мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. Салтанатты жиынға мектеп оқушыларымен қоса, ардагер ұстаздар, аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нұрәлиев, бір топ мұғалімдер қатысты. Алғаш болып мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Меңсұлу Телағысқызы құттықтау сөз сөйледі. Содан соң кішкентай бүлдіршіндеріміз көркемсөз оқып, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. «Жас Ұлан»» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук пен төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырулы қонақтар, мектеп мұғалімдері мен жоғары сыныптың оқушылары ие болды. Әрі қарай осы мектепте 25 жыл еңбек еткен ұстаздарды және Тәуелсіздіктің төл құрдастарын мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының атынан оның төрайымы Гүлнәр Серікқызы алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Мерекелік кешке тарту ретінде Ақан Мектепқалиев пен Бағдат Биғалиев «Сәлем, Қазақстан!» әнін әуелете шырқаса, бір топ оқушылар «Саржайлау» әнін, «Жас Ұлан» әнұранын хормен орындады. -Елімізде үлкен игі істер атқарылып, тұрмыс жағдайымыз жақсарып жатыр. Елдің елдігі байлықта емес бірлікте, қай жерде бірлік болса, сол жерде ынтымақ болады. Сіздерге оқуда тек қана үздік болып, жоғары деңгейде білім алуға тілектеспіз,-деді жиын соңында ардагер-ұстаз Қабаш Жүнісұлы.

«Тәуелсіздік таразы тағдыры» атты мерекелік концертің өтуі туралы хабарлама

13 желтоқсан күні № 1 ОЖБММ-де «» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған 5-6 сынып оқушылар қатыстырылды. Кеш басында «Қазақстаным » әні айтылып оқушылар шарлармен, жалауларменен өз патриоттық сезімдерің көрсетті.

Узакбаев Рустам, Хаверов Данияр, Меркенова Алина « Қазақстан ұланы» күйін нақышына келтіре ойнады. Мектебіміздің биші қыздары көрермендерге «Тарту», «Аққу» билерін ұсынды. Кеш барысында мектеп ұстаздары А.Х.Саханова мен Б.Б.Есмурзина « Сильные люди» орындап кеш мектеп оқушыларынан құралған вокалдық топтың орындауындағы әнмен өз мәресіне жетті. Кеш соңында көрермендер видео-құттықтауды тамашалады.

Подробнее...

«Менің елім» атты патриоттық ән байқауы оздырылды

«ЖББ А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Менің елім» атты патриоттық ән байқауы оздырылды. Ән байқауына 5-9 сынып оқушылары қатысып, нәтижесінде І орынды «Елбасы» әнімен 5 сынып оқушылары Д.Хамитова мен З.Камешова, ІІ орынды Б.Нигметовтың орындауындағы «Алға Қазақстан» әні, ІІІ орынды Қатапова Айгерім «Туған жер» әні иеленді.

Подробнее...

«Менің елім – Мәңгілік ел» атты патриоттық жастар форумы

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырыла «Менің елім – Мәңгілік ел» атты патриоттық жастар форумы оздырылды. Шараға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев, аудан активі мен белсенді жастар қатысты. Мемлекет жастарға Мәңгілік ел идеясын іске асырушы әлеуетті күш ретінде қолдау көрсетуде. Жастардың азаматтық, әлеуметтік тұрғыда дербес тұлға болып қалыптасуы үшін мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылданып, жүзеге асырылып келеді. Біздің ауданда жастардың құқықтары мен мүдделерін танытатын ұйымдар жұмыс жасап жатыр. Осы ұйымдардың жұмыстарын жетілдіру және жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі жанында тұрақты негізде жастармен жұмыс жөніндегі кеңес қызмет етеді. Ауданымызға келген жас мамандарға көтермеақы төленіп, тұрғын үй сатып алу үшін несиелер берілуде. Осындай қолдау шараларының арқасында жастар алаңсыз жұмыс жасап, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласады, — деді алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев пен аудандағы қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиевтер өз сөздерінде елімізде жастар мәселесіне баса назар аударылатындығын, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында екендігін атап айтты. Мұнан соң ауданның белсенді жастары атынан Ақоба ауылдық округінің әкімі Рауан Рахметуллин мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Сағынбек Стамов және Тәуелсіздік құрдастары атынан Ақоба ауылдық мәдениет үйінің хореографы Қырмызы Бисенғалиева мен №1 мектептің мұғалімі Перизат Смағұловалар сөз алып, мемлекеттің жастарға көрсетіп жатқан қолдауы олардың келешекке деген сенімдерін нығайтатындығын, егемен елде алаңсыз өмір сүріп жатқандары үшін өздерін бақытты сезінетіндіктерін жеткізді. Форум барысында ауданның дамуына үлес қосып жүрген бір топ жастарға аудан әкімі Н.Қарағойшиннің, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Сакушевтің, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы К.Нұршиновтың, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Н.Жолдасқалиевтің және «БҚО жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Е.Мұхамбетқалиевтің алғыс хаттары табыс етілді.

12 желтоқсан

Тәуелсіздік мерекесі аясында кәсіпкер Алмаз Нысанбаевтың «Bigmart» атты супермаркеті ашылды. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 10 миллион теңге несие алып, азық-түлік орнын салдырған. Қазіргі таңда аталмыш супермаркетке 6 адамды жұмысқа алған. Жаңадан ашылған ғимараттың тұсаукесерінде аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев құттықтау сөз сөйлеп, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде шағын және орта бизнес нысандарының жылдан-жылға дамып келе жытырғанын мәлімдеді. Супермаркет алдындағы лентаны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаевпен бірге қиған кәсіпкер Алмаз Нысанбаев жұртшылықты су жаңа супермаркетінің қызметімен таныстырды.

12 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Балдәурен» сәби-балабақшасының тәрбиешісі Д. Емзалиева «Айгөлек» тобында «Тәуелсіздік – ел мақтанышы!» атты ашық оқу қызметін өткізді. Ол шаттық шеңберімен ашылды. Содан соң балаларға ҚР-ның мемлекеттік рәміздері таныстырылып, мемлекеттік гимн орындалды. Ата-аналармен бірлесіп жасалған көрмеге балалармен бірге саяхатқа шықты. Көрмедегі әртүрлі суреттерді көрсетіп, таныстырды. Саяхаттан оралған бүлдіршіндер Тәуелсіздікке байланысты тақпақтарын айтты. Алдар Көсе балаларға келіп әртүрлі қызықты тапсырмалар орындатты. Кішкентай бүлдіршіндер шараға қызығушылықпен белсене қатысты.

12 желтоқсан

Футбол алаңы ашылды

Аудан орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында шағын футбол алаңы ашылып, пайдалануға берілді. Бұл спорт алаңын «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орал корпоративтік қорының құрылысшылары бір айдың ішінде салып, іске қосты. Нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев көпшілікті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жаңа футбол алаңында жаттығатын жас спортшылардың болашақта әлемдік додаларда ел намысын қорғайтынына сенім білдірді және оларға бірнеше допты сыйға тартты. Ардагер-ұстаз Қабаш Жүнісов те өз сөзінде ауыл халқы спорт нысанының шарапатын көрсін деген тілек білдірді. Лента қию рәсімінен соң жасөспірімдер футболдан жолдастық кездесу өткізді.

12 желтоқсан

Қамқорлық көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, қайырымдылық көрсету шаралары өз жалғасын табуда. Осыған орай, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мейранбек Ибатов пен бөлімнің бас маманы Райгүл Тастенова, Жәнібек ауылының тұрғындары, бірінші топ мүгедектері Қаламқас Лұқпанова мен Сергей Меньшихтың үйіне арнайы барды. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың хал-жағдайларын біліп, кресло-арбалар табыстады. Бұған қоса көру қабілеті нашар мүгедектерге техникалық құралдар табыс етті. Өз кезегінде мүгедек жандар оларға шексіз ризашылықтарын білдірді.

11желтоқсан

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Талов, Ақоба, Күйгенкөл, Қамысты, Тау, Ұзынкөл ауылдық округтерінде кеңінен тойланды. Қасиетті мерекеге байланысты оздырылған салтанатты жиындарға жүздерінен қуаныш төгілген, жылылық ескен ауыл тұрғындары көптеп қатысты. Оларды аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ел тарихындағы мерейлі мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады. Аудан басшысы Тәуелсіздік жылдары ауданымыздың дамуына үлес қосқан бір топ ауыл азаматтарына алғыс хаттар табыс етті. Бұл ауылдарда өткен салтанатты шараларда БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы Ахмет Ғұбайдуллин, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеев және облыстық мәслихат депутаты Ескендір Елемесов құттықтау сөз сөйлеп, еліміз егемендік алғаннан бері облыста атқарылған игілікті істерге азды-кем тоқталып өтті. Мұнан соң ауыл өнерпаздары сахнаға шығып, мереке қуанышын бөлісуге жиналғандарды әуелеген әсем ән мен күмбірлеген тәтті күйге тәнті етті. Осылайша, аталған ауылдардың тұрғындары мереке қарсаңында Тәуелсіздіктің сәнін, бейбітшіліктің мәнін шын ұғына білді.

11 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауылдық округ орталықтарында өтетін салтанатты жиындардың Жәнібек аудан әкімі Н.Қ.Қарағойшин бекіткен кестеге сай Тау ауылдық округінде өтетін салтанаты жиын жоспарланған болатын. Осыған байланысты бекітілген кестеге сай 2016 жылдың 11 желтоқсан күні Тау ауылында мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшин және БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Казбек Абдолғазезұлы Менеев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Зинурұлы Кадимов, аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Қаримоллаұлы Абдолов, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мониторингі бөлімінің басшысы Жәнібек Мертенұлы Кенжегалиев қатысты. Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлес үшін Талғар Серікұлы Өтешев Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министірі А.Мырзахметовтің Құрмет грамотасымен және аудан әкімі алғыс хатымен Азберген Төлепқали мен Сағынаева Риза Қайырманқызы марапатталды.

10 желтоқсан

Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде «Ел Тәуелсіздігіне – 25 жыл» атты танымдық кеш оздырылды. Кеште аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудан әкімінің орынбасарлары Біржан Меңешов, Біржан Қуанәлиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова биыл еліміз үшін ерекше жыл екендігін, жүріп өткен ширек ғасырда талай қиындықтар болғандығын, соның бәріне төтеп беруде аға ұрпақтың жас буынға үлгі-өнеге көрсетуге орасан зор ықпал жасағанын ризашылықпен әңгімеледі. Шара барысында жастарға адамгершілік, патриоттық тәрбие беруде белсенділік көрсеткен бір топ ардагерлерге алғыс хат тапсырылса, спорт жарыстарына үнемі қатысып, салауатты өмір салтын ұстауды өздерінің сенімді серігіне айналдырған ардагерлердің тағы бір үлкен тобына мақтау қағаздары табысталды. Бұдан соң еліміздің арғы-бергі өткен тарихы, бүгінгі өмірі кезең-кезеңмен бейнетаспа арқылы көрсетілді. Дастархан басында ашық-жарқын оздырылған кеште жиналған қауымға Тәуелсіздік туралы 25 сауал қойылып, оларға толыққанды жауаптар қайтарылды. Кеште аудандық мәдениет үйінің әншілері, ардагерлер Тәуелсіздік, Астана хақында қазақ, орыс, украин тілінде әсем әндер шырқап, әуен ырғағымен би биледі. Салтанаты мен сәні келіскен кеште жиынға қатысушылар «Тәуелсіздік бізге не берді?» деген тақырыпта өз ойлары мен пікірлерін айтты. Жиын соңында Елбасының шығармалары бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесінің таныстырылымы болды.

10 желтоқсан

Аудандық мәдениет үйінің фойесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан әкімдігі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жерлес суретші, қолөнер шебері Төлебек Есімғалиевтің «Әсемдіктің ғажайып әлемі» атты отбасылық шығармашылық көрмесі оздырылды. Кескіндеме саласын терең меңгерген әрі композиция, живопись, мозайка, гобелен, гипс т.б жанрда өнер туындыларын тудырған шебер, ағаштан түрлі жиһаздар жасайтын өнерлі жан, жерлестеріне «Соғыс өрті шарпыған Жәнібек» атты панорамасын тарту еткен, бүгінде «Дизайн» сәндік-қолданбалы өнер бағытында жеке фирмасын ашып, еркін шығармашылықпен айналысып, заманауи материалдарды пайдаланып түрлі тақырыптағы шығармашылық тапсырыстарды қабылдап, жұмыстанып жүрген Төлебек Шұғайұлы мен оның егіз ұл-қыздары М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың «Мәдениет және өнер» факультетінің «Сурет», «Бейнелеу және дизайн» факультеттерінің төртінші курс студенттері Нағым мен Нағиманың қолынан шыққан туындылар қойылған көрмеге керілген лентаның тұсауын аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов пен Төлебек Есімғалиев кесті. Мәдениет үйінің қызметкері Қарлыға Күзембайқызы өнерлі отбасының достары, жора-жолдастары, әріптестері, ардагерлер мен мәдениет үйінің ұжымын көрмеге отбасының мыңға тарта туындыларының ішінен қырық шақтысы қойылғандығы туралы хабардар етіп, суреттермен таныстырып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов жиылған жұртшылықты аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің атынан құттықтап, талантты отбасыға жылы лебізін ақтарып, таланттылар тұратын шаңырақтың ырысы, жарына, ұл қызының шығармашылығына дем беріп, шабытына шабыт қосып отырған отбасының діңгегі, асыл ана, аяулы жар, ардақты ұстаз Фариза Тұрсынқызы мен Төлебек Шұғайұлының отау құру 25 жылдық мерейтойының биылғы ұлық мерекемен тұспа-тұс келгендігін айтып, Наурызбай Қадырбайұлының алғыс хаты мен бағалы сыйлықты табыстады. Кеш иесінің әріптесі болған ардагер ұстаз Сәния Ғайнөшева жылы естелігімен бөліссе, мәдениет саласының ардагері Ояш Мағзомқызы інісіне арналған өз жүрегін жарып шыққан жырдан шашу шашып, шағын сыйлық берді. Өнердегі әріптесі, суретші Самиғолла Лұқпанов Төлебек ағаның жүрекпен сезініп, оймен сараланған, қолынан туған әсем туындыларының кәсіби жоғары талғаммен салынғандығына тоқтала келіп, Қастеев, Репин сынды хас шеберлердің туындыларынан жерлес ағасының өнерінің еш кем еместігін айта келе, Төлебек Шұғайұлының болашақта ҚР Суретшілер одағына өтуіне аудан әкімдігінің тарапынан қолдау білдірілсе деген тілегін жеткізді. Өзінің ұлы Әмірдің сурет салатындығын, Төлебек ағадан оған бата берсе деген өтінішін жеткізіп, шағын сыйлығын ұсынды. Жас тұлпарға хас тұлпардың ақ тілегін арнаған сәті де тебіреністі болды. Отбасы шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, әнші Мейрамгүл Дәулетқалиева «Туған жер» әнін орындады. Төлебек Шұғайұлы көрмесін ұйымдастыруға ұйытқы болып, қолдау білдірген аудан әкімдігі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне, жерлестеріне алғаусыз ризашылығын жеткізіп, осынау атадан балаға дарыған өшпес өнерді әспеттеп, жібін үзбей жалғастыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу – бұл отбасының берік дәстүрі екендігін айтып, 2017 жылдың 16 қаңтары күні Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы шығармашылық орталықта тұсауы кесілетін көрмесіне шақырды. Мың өліп, мың тірілген қазақтың өнері қандай қиыншылық заманда да тамырынан ажыраған жоқ. Ұлтымыздың қайраткерлігі, қажырлылығының нәтижесінде салт-дәстүрі, тілі мен діні, өнері сақталып қалды. Он саусағынан өнер тамған шеберлер табиғаттың берген байлығын, қолында барын игілігіне жаратты, ұқсата білді. Өмірі мен өнерінде үндестік болды. Осынау көрме нақ соның дәлелі десе де болағандай. Ендеше, тамырын тереңге жайған ұлттық өнеріміз ғасырлар бойы сақталып келсе, енді оны жаңарған заманға лайық жаңғыртып, жаңарту – бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Төлебек Шұғайұлының отбасы осынау дәстүрге адал жандар болып қала бермек.

9 желтоқсан

«Алтын жіптегі» ісмерлер

Жәнібек ауылының тұрғыны, зейнеткер Бәтима Масанова үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына сәйкес 1 миллион 500 мың теңге несие алды. Жәнібек ауылдық округі әкімдігінің ғимаратын жалға алып, «Алтын жіп» деп аталатын тұрмыстық қамту үйін ашты. Қол жеткізген несиеге 10 дана тігін және 2 дана бұйымды көмкеретін машиналар, үстел, орындық, мата түрлерін сатып алды. Материалдарды Бішкек, Волгоград қалаларынан өзі барып алып келді. Алдағы уақытта тағы да алмақ. -Биыл Хаби Халиуллин, А.Оразбаева атындағы мектептердің оқушыларына тапсырыс бойынша бірыңғай мектеп формасын тігіп бердік,-дейді Бәтима Меңдешқызы. -Қазір балалар киімдерін, төсек-орын бұйымдарын тігудеміз, диван қаптау және сырт киімдерді жөндеумен айналысамыз. Аяқ киімді де жөндеуден өткіземіз. Енді бірер айдың ішінде шаштараз ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Кәсіпкер өзі басшылық жасайтын тұрмыстық қамту үйінде 10 адамды жұмыспен қамтуда. Бәріне де ай сайын жалақы төлейді. Гүлзада Есенболатова есімді қыз баланы жазда Орал қаласындағы тігіншіліктің қыр-сырын үйрететін дәрісханаға бір ай мерзімге оқытып алған. Бүгінде ол бұл істі ойдағыдай меңгеріп, тұтынушылардың көңілінен шығуда. Тұрмыстық қамту үйі қызметкерлерлерінің қолынан шыққан бұйымдар аудан тұрғындарына қолжетімді бағамен сатылуда. Кәсіпкер болашақта тұрмыстық қамту үйінің жұмысын жандандырып, кеңейте бермек. Оның айтуынша, күні кеше ғана көршілес Бөкей Ордасы ауданының Мұратсай ауылы тұрғындарынан жаңа жылдық карнавал костюмдеріне тапсырыс түсіпті. Жәнібектегі тұрмыстық қамту үйінің қызметкерлері матадан бұйым тігудің қандай түрі болса да орындаймыз деп отыр.

8 желтоқсан

Жақсыбайдағы шарапатты іс

Бүгін Жақсыбай ауылдық округінің мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдық торқалы мерекесіне орай ауыл жұртшылығының қатысуымен салтанатты жиын оздырылды. Жиында алғашқы сөз тізгінін алған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин жақсыбайлық жерлестерге мерекелік құттықтау лебізін арнап, мейрамға орай әр салада үздік көрініп жүрген бір топ жақсыбайлықтарға аудан және ауыл әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Ауыл әкімі Алмат Қаратаев, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, Жақсыбай ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Елеусін Тілебәлиевтер жиылған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады. Салтанатты шара ауыл өнерпаздарының концертімен өз жалғасын тапты. Содан соң соғыс және еңбек ардагерлері Қонқаш Еңсепов пен Жүсіпқали Қарақұловтың атындағы көшелерге аталмыш ардагерлерге арналған мемориалдық ескерткіш тақта орнатылды. М.Ықсанов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте үстіміздегі жылы Ақтөбе қаласында болған оқиға кезінде лаңкестер қолынан ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Берік Қалиевке мемориалдық ескерткіш тақта ашылды. Ауылдың еңбек ардагерлеріне құрмет тақтасының ашылу рәсімі орындалды.

7 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, алғаш рет ұйымдастырылған «Білімді ел-Мәңгілік ел» атты аудандық үздіктер слеті оздырылды. Бұл шараның мақсаты: мектеп үздіктерінің мәртебесін арттыра отырып, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу болып табылады. Аудандық мәдениет үйінде өткен үздіктер слетінің ашылу салтанатына аудан әкімі Н.Қарағойшин қатысып, құттықтау сөз сөйледі. «Елбасының салиқалы саясатынын арқасында толағай табыс пен биік шыңдарға қол жеткізіп келеміз. Еліміздің болашағы-білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында мектеп ұстаздары аянбай еңбек етуде, сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын»,-деген Наурызбай Қадырбайұлы биылғы жыл бойынша «Ең үздік мектеп» аталымы сертификаты мен ауыспалы кубокті Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ға салтанатты түрде табыс етті. Содан соң Б.Биғалиев пен А.Мектепқалиев «Сәлем, Қазақстан!» әнін орындады. Келесі сөз кезегін алған зейнеткер-ұстаз Д.Сапашева көпшілік қауымға өзінің жүрекжарды лебізін білдірді. Слетке қатысушы үздік жас жеткіншектер «Жас Ұлан» әнін хормен орындады. Әрі қарай аудандық саз мектебі оқушыларының «Тәуелсіздікке тарту» атты концерттік бағдарламасын жиналған жұртшылық тамсана тамашалады. Аталмыш шара Т.Жароков атындағы ЖББОМ базасында 7-8 сыныптар арасында «Жіптік курс», 9-11 сыныптар арасында «Эрудиттер марафоны», «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойындар өткізілді. «Туған өлке тарихынан» атты экскурсияда оқушылар Жәнібек ауылының ескерткіш, музейлерімен, мектептен тыс жұмыстар, балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталықтарының үйірмелер жұмысымен танысты. Шара соңы Т.Жароков атындағы мектебінде қорытындыланып, үздік оқушыларға сертификаттар табысталды.

7 желтоқсан

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Ақбастау» ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен «Жыл үздігі – 2016» аудандық жастар сыйлығы байқауы оздырылып, оған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл байқауда 6 аталым бойынша үздіктер анықталды. Сонымен, байқау қорытындысы бойынша: Манарбек Әдиев «Үздік жас мемлекеттік қызметкер – 2016» (Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы), Саят Тарғынов (Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы), Балым Коняева (Талов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы) дипломант; Айдын Ержанов «Үздік жас медицина саласының қызметкері – 2016» (Аудандық орталық аурухананың хирургі), Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Ақбастау» ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен Әмина Жұмағұлова (Аудандық орталық аурухананың медбикесі) дипломант; Әлия Құбаева «Үздік жас ұстаз – 2016» (№1 ЖББОМ биология пәнінің мұғалімі), Елдос Сағадатов (МТЖО-ның қосымша білім беру педагогі), Нұрлыхан Кәрімов (Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ музыка пәнінің мұғалімі), Аделя Бахтиярова ( А.Оразбаева атындағы ЖББНМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі) дипломант; Қырмызы Бисенғалиева «Үздік жас өнерпаз – 2016» (Ақоба ауылдық мәдениет үйінің хореографы), Бағдагүл Қарабасова (Тау ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы) дипломант; Ниязбек Оңайәлиев «Үздік жас спортшы – 2016» (ҚР ҰҚК Жәнібек ауданының бөлімшесі, сержант), Нүркен Тұяқов («Алтын ұя» бөбекжайының дене шынықтыру жетекшісі) дипломант; Сағыныш Сатыбалдиев «Үздік жастар нұсқаушысы – 2016» (Тау ауылдық округі әкімінің аппараты), Зинхар Бақтығалиев (Борсы ауылдық округі әкімінің аппараты) дипломант атанып, үздіктер мен дипломанттарға дипломдар және естелік сыйлықтар салтанатты жағдайда табыс етілді.

8 желтоқсан.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастар ресурстық орталығымен «Ақбастау»ЖҚБ ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің құрдастарымен бейресми кездесу өтті. Олардың ішінде жас болғанына қарамастан бүгіннің өзінде қандай да бір салада өз-өзін үздік көрсете алған аудандық,облыстық марапаттардың иегерлері, өнер жолында жетістікке жеткен 1991 жылы туылған азаматтар «НұрОтан» ғимаратында бас қосты. Аталмыш кездесу жылы, еркін түрде Тәуелсіздік құрдастарын біріктіре түседі және алдағы жылдары үшін жарқын әсерлерімен, естеліктер қалдырды деген сенімдеміз.

Подробнее...

«Жастар таңдауы – Нұрлы жол»

6 желтоқсан 2016 ж

Биыл Қазақ елі ұлтымыз үшін ең ұлық мерекелердің бірі – Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтеді.Бүгін желтоқсан айының 6 жұлдызында М.Ықсанов атындағы колледжінде «Жастар таңдауы – Нұрлы жол» атты дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстел отырысына М.Ықсанов коледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер кеңінен талқыланды. Аталмыш шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын насихаттау.

Подробнее...

«Менің Елім –Мәңгілік Ел»

5 желтоқсан

Тау модельді ауылдық кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Менің Елім –Мәңгілік Ел» тақырыбымен тақырыптық 5 желтоқсан күні кеш оздырылды. Бұл шараға Тау ауылдық округі әкімі К.Ч.Еркегулов, мектеп жанындағы жатақхана қызметкері А.Ж.Есенова, Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ – нің бастауыш сынып ұстазы Г.И.Досқалиева, мектеп кітапханашысы Г.С.Ахметовалар арнайы шақырылды. Ауыл әкімінің құттықтау сөзінен соң оқушылар еліміздің ақындарының ел тәуелсіздігіне арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбымен дайындалған слайд, «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты кітап көрмесі, «25» көрме – инсталляциялары оқушылар назарына ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды. Барлық қатысқан 25 адам.

Подробнее...

«Қазақстанда жасалған»

6 желтоқсан

6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстанда жасалған» акциясы Жәнібекте бастау алды. «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы», «Ақбастау» қоғамдық бірлестігі, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында дүкендерді аралап, қазақстандық өнімдерге жарнама жасады. «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар парақшаларды шай, сүт, макарон өнімдері, бұқтырылған ет, шұжық т.б. қазақстандық өнімдердің тұсына жапсырып, тұтынушыларға жарнамалады. Дүкенге келген тұтынушылардан «қазақстандық өнімді қолданасыз ба?» деген сұрақтар аясында отандық өнімдердің күнделікті тұрмыста пайдаланылатынына сараптама жасалды. Бұл акцияның мақсаты – отандық өнімдерді тұтыну, еліміздің патриоты болып, елдегі өндіріліп жатқан өнімді қолдануды насихаттау. Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ, отандық кәсіпорында еңбек етіп жүрген адамдарға қолдау көрсетеміз. Тіпті керек десеңіз өзіміздің ауданда жиһаз шығарылып, ауыл тұрғындары тұрмыста қолдануда, бағасы да тиімді екеніне көз жеткіздік. Сондықтан да көпшілік болып Елбасы саясатына біркісідей ат салысып, «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалайық».

Подробнее...

4 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздігіміздің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шаралар тізбесі аясында республикалық жалпыұлттық «Мен сияқты жаса» атты аудандық спорт мектебінде флешмоб ұйымдастырылды.

Подробнее...

3 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздігіміздің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шаралар тізбесі аясында Жәнібек аудандық орталық ауруханасында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Аурухана бойынша барлық кабинеттер жұмыс істеп, медициналық, профилактикалық көмек көрсетілді. Қамтылған адамдар саны - 64 адам.Алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Подробнее...

«Отан отбасынан басталады» отбасылық сайысы

2 желтоқсан

Бүгін 2 желтоқсан күні аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Отан отбасынан басталады» атты отбасылық сайысы оздырылды. «Отан отбасынан басталады» отбасылық сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықты бағдарламалардың бірі.Сайысқа Т.Жароков атындағы ЖББОМ –нің намысын қорғап шыққан Абдоловтар отбасы, №1ЖББОМ –нен Губайдуллиндер отбасы, А.Оразбаева НОББМ-нен Сағыналиевтер отбасылары қатысты.Сайыс қортындысы бойынша Губайдуллиндер отбасы - І орын, Абдоловтар отбасы – ІІ орын, Сағыналиевтер отбасы –ІІІ орынды иеленіп, дипломмен сыйлықтармен марапатталды.

Подробнее...

1 желтоқсан 2016 жыл

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне орай Тау ауылдық мәдениет үйінде «Елбасы жолы» атты кино туынды көрсетілді. Фильмді экранға көрсету арқылы әрбір жас жеткіншек елбасының өмір жолынан тәрбие ала отырып бойына жігер мен қайрат жинап,еліміздің өркендеп гүлдене беруіне өз үлесін қосатын атпал азаматтар болып өсулеріне сенім ұялату.

Подробнее...

1 желтоқсан 2016 жыл

Ұзынкөл ауылдық округінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлт мақтанышы Ел басы» атты ауыл жастарының ұйымдастыруымен концерт өткізілді Мерекелік шара барысында ауыл тұрғындарын ауыл әкімі Алтай Бақтығалиұлы мерекемен құттықтады. Одан әрі мерекелік шара ауыл өнерпаздарының ән билерімен жалғасты.

Подробнее...

1 желтоқсан 2016 жыл

Борсы ауылында 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік концерт қойылды. Мерекелік шара барысында ауыл тұрғындарын ауыл әкімі Айгүл Қайырлықызы құттықтады. Одан әрі мерекелік шара ауыл өнерпаздарының ән билерімен жалғасты.

Подробнее...

1 желтоқсан 2016 жыл

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде мектеп оқушылары мен ұстаздарына жалпы кино сүйер қауымға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай режиссер Р.Әбдіраштың "Балалық шағымның аспаны" және "Елбасы жолы" фильмдері экранға ұсынылды ,фильмде елбасының балалық және бозбалалық шағы туралы сыр шертеді.Осы фильмдерді экранға көрсету арқылы әрбір жас жеткіншек елбасының өмір жолынан тәрбие ала отырып бойына жігер мен қайрат жинап,еліміздің өркендеп гүлдене беруіне өз үлесін қосатын атпал азаматтар болып өсулеріне сенім ұялату.

Подробнее...

1 желтоқсан 2016 жыл

Қос ауылдағы қуаныш

Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Көлтабан және Құрсай елді мекендеріндегі медициналық пунктер күрделі жөндеуден өтіп, ауыл халқы қуанышқа кенелді. Қос нысанның жөндеу жұмыстарын мердігер «Символ» ЖШС жүргізген.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында және Тұңғыш Президент күніне орай аталған ғимараттардың ашылу салтанаты оздырылды. Жиынға келген ауыл тұрғындарының көңіл-күйі шат-шадыман. Екі медициналық пунктің де ашылу рәсіміне аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қатысып, жергілікті халықты қуаныштарымен құттықтады: - Тәуелсіздік жылдары еліміздің экономикасы қарышты қадаммен дамып, халқымыздың әл-ауқаты артып келеді. Соның бір көрінісі ретінде Көлтабан мен Құрсай елді мекендеріндегі медициналық пунктердің күрделі жөндеуден өтуін атауға болады. Осы игілікті істер егемендігіміздің, Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Сіздер, ауыл тұрғындары, заманға сай жаңарған ғимараттың шапағатын көріңіздер. Қуаныштарыңыз ұзағынан болғай. Отбасыларыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық тілеймін!

Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев және аталған елді мекендердің тұрғындары атынан Мәрияш Молдамұратова мен Серікқали Жұбанышев сөз сөйлеп, нысандардың жаңа сипатқа ие болуына мұрындық болған облыс, аудан басшыларына және жөндеу жұмыстарын жүргізген «Символ»ЖШС жетекшісі Есқайыр Елемесовке ризашылықтарын жеткізді.

Лента қию рәсімдері өткен ашылу салтанатына жиылған жұртшылық ғимараттың ішін аралады. 

Подробнее...

1 желтоқсан 2016 жыл

Тау ауылында ағымдағы жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бәрімізде біргеміз, ажырамас іргеміз» атты ұжымдар арасында ойын сайысы оздырылды.

Бағдарламада: топты таныстыру, жұмбақты шешу, слайдта көрсетілген қазақтың ақын, жазушы, ғұламаларын танып айту, көңілді ойын, отан, ел туралы сұрақ жауап және ұлттық ойын асық ату болды. Ауылдағы әкімшілік, мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория қызметкерлері бұл сайыста ұйымшылдық таныта білді. Әділ қазылардың шешімі бойынша 1 орын «Өнерпаз» тобы (Мәдениет үйі), 2 орын «Достық» тобы («Қайрат» балабақшасы), 3 орын «Бірлік» тобы (Әкімшілік) жеңіп алды.

Подробнее...

1 желтоқсан 2016 жыл

Тау ауылында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ауылымыздың мәдениет үйінде «Елбасы-ел тірегі, ел намысы» атты мерекелік концерт өтті. Шара барысында ауыл әкімі Кенжебек Чапайұлы жиылған жұртшылықты мерекелерімен құттықтады. Бүгінгі мерекемен тұспа тұс келіп отырған мәдени қызметкерлер Шолпан Қадешқызы мен Бағдагүл Сергейқызын туған күндерімен құттықтаймыз.

Подробнее...

1 желтоқсан 2016 жыл

Ақоба ауылында 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік концерт қойылды. Мерекелік шара барысында ауыл тұрғындарын ауыл әкімі Рауан Бисенғалиұлы құттықтады. Сонымен қатар мерекеге орай осы ауылдың тумасы Фазылов Бауыржан Сайынұлының атынан ауыл спортшыларына доп және өзінің ұстазы Мұхтар Қайырғалиұлына үстел теннисінің жабдықтары табыс етілді. Одан әрі мерекелік шара ауыл өнерпаздарының ән билерімен жалғасты.

Подробнее...

1 желтоқсан 2016 жыл

Тұңғыш Президент күніне арналды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Жәнібек аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиналыс өтіп, оған аудан орталығындағы мекеме-кәсіпорындардың ұжымдары мен жұртшылық өкілдері қатысты. Жиында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Наурызбай Қарағойшин құттықтау сөз сөйледі. -Биылғы мереке еліміз үшін Тәуелсіздіктің мерейлі 25 жылдығы қарсаңында атап өтілуде. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан зор экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп, ұлтаралық келісім мен татулықты сақтау нәтижесінде ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтты. Әрине, мұндай жетістіктер Елбасы Н. Назарбаевтың сарабдал саясатының айқын жемісі деп білеміз. Егемендік алған күннен бастап, Н. Назарбаев дербес мемлекеттің нышандары болып табылатын еліміздің шекарасын айқындады, ұлттық нақыштағы мемлекеттік туымызды, елтаңбамызды және әнұранымызды бекітті. Өз тілімізге мемлекеттік мәртебе беріп, төл валютамызды айналымға енгізді. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, олардың шешілуін мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде белгіледі. Тәуелсіздік пен Елбасы Н. Назарбаев бір-бірінен ажырағысыз егіз ұғымдар. Сондықтан да бүгінгі мерекенің қазақ халқы үшін алар орны ерекше және бұл мейрам шын мәнісінде ұлттық және халықтық мерекенің сипатына ие болатындығы сөзсіз,- деді Наурызбай Қадырбайұлы. Бұдан кейін аудан басшысы «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданған бір топ азаматтар мен азаматшаларға олардың партиялық билеттерін салтанатты жағдайда табыс етті. Мерекелік жиын соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

«Өмірім-өнерім»

Жәнібек ауданы Тау ауылындағы мәдениет үйінде еліміздің торқалы 25 жылдық мерейтойының шеңберінде Тәуелсіздіктің төл құрдасы , әнші, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Райымбек Каримовтың «Өмірім-өнерім» атты сазды концерті болып өтті. Концерт барысында ауылға, туған жерге, елге, ата-анаға, аруларға арналған «Айналдым, елім», «Ауылым», «Ауылға сапар», «Сәлем, елім», «Әкем-әнім», «Құралай қыз» тағы басқа көптеген әндерді орындады. Райымбек өзімен бірге ауылға әнші, бишілер Д.Қаратаева, З.Асқарова, А.Жақсығұлова сияқты әріптестерін ала келді. Олар ән айтып, биден шашу шашты. Ал концертті жүргізуші Ә.Кенжеғалиев сындарлы да көркем тілімен, ерекше даусымен көрермендерді өзіне тарта білді. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, Райымбек домбырамен терме айтып, баянмен ән шырқады. Тау ауылдық мәдениет үйінің директоры Ә.Сүйінішев концертті ұйымдастырушы, Тәуелсіздіктің төл құрдасы Р.Каримовке ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.

Волейболдан әйелдер мен қыздар арасында аудандық чемпионат

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында волейболдан әйелдер мен қыздар арасында аудандық чемпионат оздырылып, оған аудандық мекеме-ұйымдар мен Жәнібек, Ұзынкөл, Күйгенкөл, Борсы ауылдық округтерінің командалары қатысты. Жарыс алдында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов спорттық бәсекеге қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Мұнан соң волейболшылар жеребе бойынша екі топқа бөлініп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Өз топтарынан үздік шыққандар жүлделі орындар үшін кездесулер өткізді. Жарыс қорытындысында, Жәнібек ауылы, №1 мектеп және аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының командалары тиісінше бірінші, екінші және үшінші орындарды иемденіп, медаль және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік ойыншы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік тосқауылшы», «Үздік шабуылшы», «Тамаша ойын өрнегін көрсеткені үшін» аталымдары бойынша сәйкесінше Гаухар Каюпова (аудандық МТЖО), Амангүл Шамелова (Күйгенкөл ауылы), Бибігүл Сағындықова (Күйгенкөл ауылы), Назерке Сағынғалиева (Жәнібек ауылы) және Нелли Кенжинаға (№1 мектеп) дипломдар табыс етілді.

Үстел теннисінен Қазталов ауданының біріншілігі

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үстел теннисінен 1999-2002, 2003-2005 және 2006 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазталов ауданының біріншілігі өтіп, оған бес команда қатысты. 1999-2002 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасында жалпыкомандалық бірінші орынды Жәнібек ауданының командасы жеңіп алды. Жекелей жарыста 1999-2002 жылғы қыздар арасында жүлделі орындарды Алсу Әскербекова, Гүлзада Сайынова, Гүлфия Жендетқалиева (бәрі де Жәнібектен) ие болды. Ал 2003-2005 жылғы ұлдар арасында Роман Жанзах бірінші, Бауыржан Мырзағалиев (екеуі де Жәнібектен) үшінші орыннан көрінді. Ерасыл Бекетов «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын иеленді. Жеңімпаз командаға біріншіліктің кубогі мен жүлдегер спортшыларға дипломдар табыс етілді.

«Жәнібегім – тәуелсіздік белесінде»

Биыл Қазақ елі ұлтымыз үшін ең ұлық мерекелердің бірі – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеді. Қастерлі мерекеге байланысты ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, еркіндіктің игіліктері дәріптелуде. Осыған орай, аудандық мәдениет үйінде №1 жалпы білім беретін орта мектептің ұжымы «Жәнібегім – тәуелсіздік белесінде» атты мерекелік концерт қойды. Шараға жиналған жұртшылық, алдымен мәдениет үйінінің фойесінде жасақталған қолөнер көрмесін тамашалады. Кеш шымылдығы «Қазақстаным» әнімен түріліп, «Республикам» әнімен жабылды. Аталған мектептің балғын оқушылары мен олардың ұстаздары егемен еліміздің жетістіктерін ән мен жырға қосып, келешекке деген сенімді нығайтты. Әр нөмір сайын Жәнібек жерінде түлеп ұшқан ұлы тұлғалар жайында слайд көрсетілді. Қазақстанды мекендейтін әр ұлттың биі биленіп, конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің көрінісі айшықталды. Ұстаздар мен оқушылардың өнерін талғамы биік көрермендер ыстық ықыласпен қабылдады. Осылайша, №1 мектептің ұжымы Тәуелсіздікке тәу етіп, мерекенің мерейін арттырды.

Сырымбек Тұяқов оқырмандармен кездесті

М.Ықсанов атындағы колледжде облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов оқырмандармен кездесті. Жәнібек ауылының ардагерлері, мекеме басшылары мен бір топ қызметкерлер қатысқан кездесуді аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов ашып, жүргізіп отырды. Б.Нұрланұлы Орал қаласынан келген мейманды таныстырып, оған сөз кезегін ұсынды. Жиналыс еркін түрде пікір алмасу арқылы жалғасты. Ауыл ақсақалдары, мекеме басшылары, кітапханашылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, С.Жәрдемұлы сауалдар мен ұсыныс-пікірлердің алдағы уақытта ескерілетінін айтып, тұшымды жауап берді

«Мәңгілік Елдің мәңгілік құндылықтары»

Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн жобасы ауқымында «Мәңгілік Елдің мәңгілік құндылықтары» атты кең көлемде екі бөлімді кітап көрмесі жасақталып, шолу жүргізілді. Бұл шараға аудандық мамандандырылған күзеті қызметі басқармасының Жәнібек аудандық полиция бөлімшесі мамандары, аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, М.Ықсанов атындағы колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Шараға қатысушылар «Тәуелсіз Қазақстан» атты бейнероликті тамашалап, «Тәуелсіздік шежіресі» атты слайдпен танысты. Шара барысында «Тәуелсіздік тұғыры — Ұлы дала арманы» атты көрменің бірінші бөлімінде қазақ хандығының іргесін қалаған Керей мен Жәнібек хандары кезеңінен бастап бүгінгі Тәуелсіздігіміздің жетістіктерін баяндайтын, Қазақстанның қазыналы тарихын ашып көрсететін көркем әдебиеттер және экономика мен саясат саласындағы ғылыми еңбектерді ақпаратты-библиография бөлімінің кітапханашысы К. Биғалиева таныстырды. «Елбасының жаһандық бастамалары тұрақтылық пен тыныштықтың арқауы» атты көрменің екінші бөлімінде Елбасының жаһандық бастамаларын баяндайтын тағылымы мол жинақтары жөнінде оқырмандарды қамту бөлімінің кітапханашысы А.Алпысова баяндады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаралар кітапханаларда жалғасын таба бермек.

«АТОМ жобасына қосылыңыз»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздігіміздің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шаралар тізбесі аясында «АТОМ жобасына қосылыңыз» атты жастар флешмоб өткізілді.

«Менің Президентім – менің мақтанышым»

1 желтоқсан тұңғыш президент күніне орай аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсететін бөлімнің ұйымдастыруымен «Менің Президентім – менің мақтанышым» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды.

Көрменің мақсаты - Елбасының жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін халыққа жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.

Кітап көрмесі 4 бөлімді қамтиды. Атап айтқанда, «Әлемдік Президенттік институттар тарихы» бөліміне алғашқы Президенттік институттар тарихы туралы әдебиеттер қойылды, екінші бөлімде «Қазақстан: тарих және қазіргі кезең» - көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі бірнеше ғасырлар сүзгісінен өткен, мемлекет шежіресінен сыр шертетін мағлұматтар орын алды. «Ел және Елбасы» тарауында Елбасының өмірі мен оның тарихи еңбектері, сүйіп оқитын әдебиттері және ол туралы жазылған әдебиеттер мен баспасөз бетттерінде жарияланған мақалалар, фото суреттер қойылды.

«ЭКСПО-2017- елдіктің ерен жеңісі» бөлімінде жаһандық шараны ұйымдастырушы Қазақстан мемлекетінің қарқынды дамып, мәдениетте, білімде, ғылым мен экономикада жеткен жетістіктер нәтижелерін паш етті. Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына арнаған әр жылғы Жолдауларынан дайындалған бейнематериалдар қойылды.

Сонымен қатар көрмеге Мемлекет басшысының әр жылдарда жарық көрген шығармашылық жұмыстары оқырмандарға ұсынылды.

Подробнее...

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Ауданда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні кең көлемде атап өтілді. Алдымен, аудан орталығында орналасқан Аграршылар үйінің ашылу салтанаты оздырылды. Жиында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин құттықтау сөз сөйлеп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиевпен бірге лента қию рәсімін өткізді. Мұнан соң шараға жиналған жұртшылық пайдалануға берілген ғимараттың ішін аралады. Сол күні орталық алаңда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі оздырылды. Жергілікті кәсіпкерлер мен әр ауылдық округтен келген тұрғындар сауда сөрелеріне ірі қара мал еті, май, ірімшік, сүт, құрт және көкөністерді шығарды. Бұл ретте тұтынушылардың ет пен мал өнімдеріне деген сұраныстарының жоғары екендігі байқалды. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынмен қорытындыланды. Онда аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин жиналған жұртшылықты аталмыш мерекемен құттықтап: -Ауыл тұрғындарының тіршілігі мен өмірі ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан ауқымды қолдауды сезінген аудан шаруашылықтарының қажырлы еңбектерінің нәтижесінде жыл санап олардың иелігіндегі мал басы артып, тиісінше мал өнімдерінің көлемі де еселей түсті. Жылдан жылға мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысушы шаруашылықтардың саны артып келеді. Мерекені аудан шаруашылықтары жақсы көрсеткіштермен қарсы алуда. Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту — біздің алдағы міндетіміз. Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңа амандық, қызметтеріңізге толайым табыс тілеймін! – деді. Аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Шараның соңы аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

«Тәуелсіздік - толғауы» атты кеш.

Жәнібек ауданындағы Борсы ауылында ел Тәуелсіздінің 25 жылдық мерейтойына арналып, аталған округ жастарымен дөңгелек үстел оздырылды. Шараға «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев қатысып, Тәуелсіздіктің ел-жұртқа, соның ішінде жастарға сыйлаған құндылығы, мәні мен маңызы жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Жиын барысында ауыл жастары Тәуелсіздік туралы ой толғап, оның тұғырлы, баянды болуы хақында пікірлерін ортаға салды. Шара соңында жастардың қатысымен ауылдық мәдениет үйінде «Туған жер-тал бесігім» атты ән кеші өтті.

«Ән жырымның арқауы – Тәуелсіздік»

Аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аудандық білім беру бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы, «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы, орталықтандырылған кітапхана және саз мектебі ұжымдары «Ән жырымның арқауы – Тәуелсіздік» атты концерт өткізді. Мәдени шарада алдымен қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы қиын-қыстау кезеңдерінен бейнесюжет көрсетілді. Содан соң сахна шымылдығын саз мектебінің ұстазы Раушан Шаканаева Динаның «Науай» және саз мектебінен құралған ансамбль Н.Бекеновтың «Шабыс» күйін күмбірлетіп көрермендердің зор ықыласына бөленді. Содан соң Асылан Боранбаев, Ақжол Азаматов «Батырлар ұраны» әнін, Айшат Хамзина «Халқым-ай», Ақтоты Ешматова «Ақерке», аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкері Елдос Темірғалиев «Көк тудың желбірегені», халық әні «Әриайдай» әндерін орындап көпшіліктің көңілінен шықты. Мың бұрала майысқан саз мектебі және халыққа қызмет көрсету орталығының қыздары «Тәуелсіздікке тарту» атты билерін ұсынды. Әрмен қарай Гүларман Шурина Шопеннің шығармасы «Ноктюрн» және Жәнібек аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің фототілшісі Арайлым Кесекова көркемсөз оқып, тәуелсіздікке жыр да арнады. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарлама хордың орындауында «Желтоқсан желі», «Қазақстан қыран – дала» әнімен өз мәресіне жетті.

Подробнее...

2007 – 2008 жылғылар арасында жасөспірімдер арасында күрес оздырылды.

23 кг

1 Сырым Алижан (Жəнібек)

2 Мұхамбетқалиев Мерей (Тегісшіл)

3 Қанатов Мершат (Ақоба)

3 Салауат Ермұхан (Жəнібек)

 

26кг

1 Рахмушев Алижан (Жәнібек)

2 Нəсиев Марғұлан (Жәнібек)

3 Нұрланұлы Дәулет (Жәнібек)

3 Садбеков Ибрагим (Жәнібек)

 

29кг

1 Кенжеғали Оралбек (Тегісшіл)

2 Нигметов Алтынбек (Жәнібек)

3 Мəди Дастан (Тегісшіл)

3 Таумұратов Алмат (Жəнібек)

 

32кг

1 Қайырғалиеа Əділет (Ақоба)

2 Муса Думан (Жəнібек)

3 Биəлиев Ерхан (Жəнібек)

3 Понков Дамир (Жəнібек)

 

35кг

1 Есболат Айдар (Жəнібек)

2 Нұрсұлтанов Саят (Жəнібек)

3 Мəліков Нұрқанат (Ақоба)

3 Жолдыбаев Жəңгірхан (Ақоба)

 

38кг

1 Тұяқов Алішер (Жəнібек)

2 Мақашов Нұрболсын (Жəнібек)

3 Асқаров Дарын (Жәнібек)

3 Ережепов Манас (Жəнібек)

 

42кг

1 Қожахметов Алімжан (Жәнібек)

2 Темірболат Айдар (Жәнібек)

3 Максотов Нұржігіт (Тегісшіл)

3 Мақашов Ерболсын (Жәнібек)

 

46 кг

1 Мəдиұлы Жоламан (Тегісшіл)

2 Шабанов Дамил (Жəнібек)

3 Мендіханов Рахат (Жəнібек)

 

+46 кг

1 Нəсіпхан Талант (Жəнібек)

2 Задоров Мерген (Жəнібек)

3 Нигметов марапатталып дипломдармен марапатталды.

«Елін сүйген - Елбасы»

А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектепте Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» атты іс-шара оздырылды. Аталмыш мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Мұхтарованың ұйымдастыруымен өткен шараға аудандағы қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, ұстаздар мен 8-9 сынып оқушылары қатысты. Басқосу барысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы туралы слайд, сондай-ақ Ресей жазушысы Сергей Плехановтың Қазақстан Президентінің өмірін арқау еткен «Не шелковый путь» атты кітабы туралы бейнебаян көрсетілді. Ұлт Көшбасшысы жайлы жазылған кітаптар көрмесін кітапханашы Рита Қасмұханова таныстырып өтті. Мектеп ұстаздары Жантөре Рамазанов, Ақмарал Ахтарова және оқушылар Елбасының жуырда жарыққа шыққан «Ұлы дала ұлағаттары» атты еңбегі жайлы өз ойларын ортаға салып, оның кейбір тарауларына тоқталып өтті. Шара соңында сөз алған ардагер Бекет Әліпқалиев Елбасының тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаудағы ерен еңбегін, оның саясаттағы сарабдал жолын атап өтсе, мектеп директоры Маркс Нуфтығалиев оқушыларды Отанын сүйетін, Елбасын құрметтейтін патриот болуға шақырды.

Сырымбек Тұяқов Жәнібек ауданының Тау, Ұзынкөл және Күйгенкөл ауылдарындағы оқырмандармен жүздесті

Жуырда облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов Жәнібек ауданының Тау, Ұзынкөл және Күйгенкөл ауылдарындағы оқырмандармен жүздесті. Оқырман қауыммен болған кездесуде ол «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің мерейтойы қарсаңында оқырмандардың саны көбейе түсетініне сенім білдіріп, облыстық қос басылым мен 12 аудандық газетке қамқор болып отырған «Жайық Пресс» ЖШС-нің ғасырлық датаға байланысты алдағы уақытта бірқатар іс-шараларды қолға алатынына тоқталып, алдағы жылы оқырмандарды қандай мақалаларды қызықтыратынын білгісі келетінін, сондай-ақ сырт көзге байқалатын кемшін тұстарды да ашық айтуға, пікірлесуге шақырды. Кездесуде Тау ауылында тұратын Төлебай Әзберген ақсақал облыстық басылымның жылдан-жылға тартымды болып шығып келе жатқанын, түрлі тақырыптардағы мақалалардың ылғи да жазылатынын, соның ішінде ауыл өмірінің мәселелері ұдайы қамтылатынын сөзіне сүйеніш ете отырып: — Кеңес үкіметі кезінде балаларға дін тақырыбында ештеңе айта алмадық. Енді сол олқылықтың орнын толтыратындай газетте жастарға дінді үйрету жағы көбірек жазылса деген ұсыныс айтамын,-десе, осы ауылдағы мектептің мұғалімі Асыл Құлмырзина газет бетінде облысқа белгілі адамдардың елеулі еңбектері жөнінде жастарға үлгі болатындай үзінділер жиі жазылса және қазіргі заманға сай кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрету мақсатында «Бизнес сабақтары» іспеттес айдар ашылса деген пікірін білдірді. Ал Ұзынкөл мектебінің мұғалімі Нұрлан Кәрімғалиев бір ғасырға жуық тарихы бар облыстың басты басылымында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, елдің өткен тарихын қаузайтын материалдардың жиі жарық көретінін ризашылықпен айтты. – Ауыл адамдарына қиыншылық тудырып отырғаны басылым бағасының жылдан-жылға қымбаттауы. Мұның өзі табысы аз, жұмыссыздардың газетке жазылуда кедергісін тигізіп отыр. Бұл жағдай оңтайлы шешілсе дейміз,-деді ол өз сөзінде. Емін-еркін, ашық-жарқын өткен кездесу барысында, сондай-ақ Ұзынкөл ауылындағы пошта байланысы мекемесінің қызметкері Орынғаным Ғаниева, ауыл мұғалімдері Сансызбай Қауенов, Алтын Досқалиева облыстық басылымда денсаулық, медиация мәселелері және өлеңмен жазылған көркем шығармалар жиірек жарияланса екен деген тілектерін білдірсе, Күйгенкөл ауылындағы зейнеткер-ұстаз Жұпар Хамзина газеттегі «Ғибратты айдар» бетін жетілдіріп, басылымда отбасы тәрбиесі, ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынас туралы кеңінен жазылған дүниелер қамтылғанын жөн көретінін жеткізді. Үш ауылда оздырылған кездесулерге ауылдық округ әкімдері Алтай Бақтығалиев, Әлия Оспанова және аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары Жанар Қошанова мен Айдынғали Есенғалиев қатысып, облыстық «Орал өңірі», аудандық «Шұғыла» газеттеріне келер жылы ауылдағы оқырмандардың көптеп жазылатынына сенімді екендіктерін білдірді.

Волейболдан аудандық ашық чемпионат

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 1999-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан аудандық ашық чемпионат өтті. Барлығы 9 команда қатысқан жарыста біздің ауданның Назарбек Ишанқұлов жаттықтыратын жас волейболшылары 1-орынға ие болды. Сондай-ақ, жерлестеріміз Денис Германов «Үздік шабуылшы», ал Бекзат Досымов «Үздік ойыншы» аталымдарына жеңіп алып, медаль және дипломдармен марапатталды.

Жайдарман ойындары

Тау ауылы Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз Отаныма-25 жыл» атты оқушылар арасында Жайдарман ойындары оздырылды.

Подробнее...

«АТОМ жобасына қосылыңыз»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздігіміздің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шаралар тізбесі аясында «АТОМ жобасына қосылыңыз» атты жастар флешмоб өткізілді.

Подробнее...

«Өрлей бер қазақ елі жарқырап»

23-қараша күні Талов ауылдық округінде жоспарланған кесте бойынша «Өрлей бер қазақ елі жарқырап» атты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде мерекелік концерт өтті. Концерт барысында ауыл әкімі М.Н.Мухамбетжанов құттықтау сөз сөйлеп, ауыл азаматшасы Рахимберлеева Жұлдызға Тәуелсіздік қарсыңында жеке куәлігін табыстап, шағын сыйлық ұсынды. Әрі қарай Ж.Н.Пайдин «Көк тудың желбірегені» әнімен жалғастырса, «Әжелер» ансамблі, А.Қабылнасиров, Д.Қуаншалиев, Д.Джулдыбаева, З.Кисметова, И.Джандыбаев, Ә.Ильясова, А.Серикова, Н.Булькенова сынды әншілер ән шырқаса, М.Сарбаев атындағы мектеп оқушыларынан құралған бір топ биші қыздары қазақ биін мың бұрала билеп, көрермен көңілінен шықты.

Подробнее...

«Қазақша сөйлейміз» жалпыұлттық акциясы өткізілді

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік тіл – ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс» деп атап өткендей, Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккелі бері мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді.

Осының айғағы ретінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданымызда «Қазақша сөйлейміз» жалпыұлттық акциясы оздырылды. Аталмыш акцияның мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, қазақ тілінің мәртебесін арттыру. Акция барысында «Қазпошта» АҚ мекемесінде, «Талап» дәріханасында, дүкендерде, №1 жалпы білім беретін орта мектебінде, қоғамдық орындарда болып, аталмыш шараның мақсат-міндеттерін баяндап, үнпарақтар таратты. Сонымен қатар аудан тұрғындарын қазақ тілінде таза сөйлеуге, әртүрлі «жаргон» сөздерден арылып, ана тілін қастерлеуге шақырды. №1 ЖББОМ-нің оқушысы, орыс ұлтының өкілі Дарья Чурзина өз сөзінде акцияны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, өзінің құрбы-құрдастарын қазақ тілін құрметтеуге, сөздік қорларын көбейтіп, тіл жанашырлары болуға үндеді.

Подробнее...

23 қараша

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ән жырымның арқауы - Тәуелсіздік» концерт өткізілді.Мектептен тыс жұмыстар орталығы,Балалар – жасөспірімдер туризімі және экология орталығы,Тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы,Санитариялық - эпидемиологиялық сараптама орталығы,Ветеринариялық зертхана, «Фитосанитария» ММ аудандық филиалы мекемелерінен құралған мекеме ұжымдары аудан халқына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Подробнее...

23 қараша Қамысы ауылы

Тәуелсіздік 25 жылдығы аясында 16 жасқа толып отырған «Жалпы білім беретін Е.Ниеткалиев атындағы орта мектебі» КММ мектебінің 10 сынып оқушысы Мұқанова Гүлжаухарға жеке куәлігі табыс етілді.

23 қараша Ақоба ауылы

Тәуелсіздік 25 жылдығы аясында 16 жасқа толып отырған«Жалпы білім беретін Х.Халиуллин атындағы орта мектебі» КММ мектебінің 10 сынып оқушысы Зұлхарова Көркем Алтынбекқызына жеке куәлігі табыс етілді.

23 қараша Талов

2016 жылдың 23 қараша күні жоспарланған кесте бойынша Талов ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту ретінде «Өрлей бер қазақ елі жарқырап» атты мерекелік концерті өтті, сонымен қатар ауыл әкіміМ.Мұхамбетжанов Рахимберлиева Жұлдызға жеке куәлік пен бірге сыйлық табыстады.

23 қараша Күйгенкөл ауылы. Жеке куәлік табысталды.

Күйгенкөл ауылдық округінде Қазақстан Ресспубликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында және жұлдызды 25 күннің басталуына орай Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ – нің мәжіліс залында 16 жасқа толғандарға жеке куәлік тапсыру рәсімі оздырылды. Шараға аталмыш мекемелердің қызметкерлері, мекеме басшылары, оқушылар қатысты.

«I Love KZ» (Қазақстанның туымен селфи) атауымен флешмоб

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі- Тәуелсіздігіміздің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шаралар тізбесі аясында «I Love KZ» (Қазақстанның туымен селфи) атауымен флешмоб ұйымдастырылды.

Подробнее...

Аймақтық «Ғұмар Қараш оқулары»

1. Ойшыл, философ, журналист, жерлесіміз Ғұмар Қараштың шығармаларын жеткіншек ұрпаққа кеңірек насихаттау, өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында аудан әкімінің қолдауымен аудандық тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Шұғыла» қоғамдық-саяси газеті редакциясының ұйымдастыруымен Жәнібек ауданында аймақтық «Ғұмар Қараш оқулары» оздырылды. Біртуар азамат Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл, ел Тәуелсіздігіне 25 жыл, Алаш қозғалысына 100 жыл толуымен тұспа-тұс келген байқауға көршілес Қазталов, Бөкей Ордасы аудандарынан оқушылар ат арытып келді. Жұртшылық алдымен ақынның ескерткіші алдына жиналып, оның рухына тағзым етті. Облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов пен аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов ескерткішке гүл шоғын қойып, көпшілік бір минут үнсіздікпен еске алды. Әрмен қарай жиналған қауым аудандық мәдениет үйіне қарай бет алды.

Подробнее...

«Қайырымдылық – жылы жүректен» тақырыбымен «Жайдарман» ойыны оздырылды

18 қараша күні Ұзынкөл ауылының мәдениет үйінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі және аталған ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – жылы жүректен» тақырыбымен «Жайдарман» ойыны оздырылды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен көңілді тапқырлардың сайысы Жәнібек, Ұзынкөл, Тау ауылынан келген командалардың басын қосты. Жайдарманшылар сайыс барысында қоғамдағы түйіткілді мәселелерді әзілмен түйреп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сайыс қорытындысында ұтымды әзіл, тапқыр сөзбен қарсыластарынан басым түскен М.Ықсанов атындағы колледждің командасы жеңімпаз атанып, ауыспалы «Жайдарман» кубогін иемденді. Ал, Ұзынкөл ауылы мен Т.Жароков атындағы мектептің командалары сәйкесінше екінші және үшінші орындарға табан тіреді. Сондай-ақ, ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы аталымдар бойынша диплом және сыйлықтармен марапатталды. Сайыс соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов «Жайдарман» ойынының жоғары деңгейде өткендігін айтып, ұйымдастырушылар мен қатысушы командаларға ризашылығын білдірді.

«Егеменді елдің ұрпағымыз!»

 Ақбота бала бақшасының ортаңғы топ бүлдіршіндерімен «Егеменді  елдің  ұрпағымыз!»  атты  ашық  тәрбие сағаты өткізілді.Ашық тәрбие сағаттың мақсаты: Баланың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді  ұялату, туып өскен жерін, елін ,отанын перзенттік  сезіммен шексіз  сүйе білуге  бағдар беру. Бүлдіршіндерді  Отанды  сүюге,  құрметтеп қастерлеуге,  өз  елін, тегін тарихын  білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың өту барысында тәрбиеші балаларға Тәуелсіздік туралы,рәміздер туралы мағұлымат берді.Бүлдіршіндер  Отан, Тәуелсіздік  туралы  өлең тақпақтарын айтты.

Подробнее...

25 жылдық аясындағы шаралар

1. 21 қараша күні Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында және жұлдызды 25 күннің басталуына орай жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және «Ақбастау» ЖҚБ аудан тұрғындарына, сондай-ақ ардагерлер үйінде болып, ҚР Конституциясының кітапшасын таратты.

2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында және жұлдызды 25 күннің басталуына орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастырумен аудандық мәдениет үйінің фойесінде 16 жасқа толғандарға жеке куәлік тапсыру рәсімі оздырылды. Шараға аталмыш мекемелердің қызметкерлері, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Подробнее...

Жамбы ату, мылтық

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ұлттық ат спорты түрлері Жамбы атудан мекемелер арасында 1. Тұлпар командасы  - І орын, Намыс командасы - ІІ орын , Олимп командасы -  ІІІ орын, Барыс  командасы - ІV орын , Шандоз - V орын , Факел - VІ орын, Батыс - VІІ орын

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мылтық  атудан мекемелер арасында Олимп командасы - І орын  Тұлпар командасы - ІІ орын,   Батыс командасы - ІІІ орын, Факел командасы - ІV орын, Шандоз командасы - V орын , Қайсар командасы - VІ орын , Барыс командасы - VІІ орын   Бірлік командасы - VІІІ орын

Подробнее...

Yстел теннисінен аудандық ашық турнир және волейболдан Ұзынкөл және Күйгенкөл а/о арасында жолдастық кездесу ойындары

19 қараша күні ауылдық округімізде Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы және Еңбек Даңқы орденінің толық иегері, Еңбек ардагері, мал семіртудің шебері Сыдихова Бакизаны еске алу мақсатында ерлер арасында үстел теннисінен аудандық ашық турнир және волейболдан Ұзынкөл және Күйгенкөл а/о арасында жолдастық кездесу ойындары оздырылды. Жарыс қорытындысы бойынша Үстел теннисінен І орынды Жанұзақ Роман (Жәнібек ауылы), ІІ орынды Бегалиев Талгат (Жәнібек ауылы), ІІІ орынды Рахымғалиев Әлімжан (Қамысты ауылы) иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Сариев Мерхат (Қамысты ауылы), «Жас ойыншы» номинациясы бойынша Жанұзақ Роман (Жәнібек ауылы) жеңіп алды. Волейболдан жолдастық кездесуде «Әдемі ойын өрнегін көрсеткені үшін» Ұзынкөл а/о командасының ойыншысы Уахитов Ерлан және Күйгенкөл а/о ойыншысы Болатов Райымбек марапатталды.

Подробнее...

«Денсаулықты шыңдаймыз, ата-ананы тыңдаймыз!»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Балдәурен» сәби-балабақшасының орта топ тәрбиеленушілерінің арасында «Денсаулықты шыңдаймыз, ата-ананы тыңдаймыз!» атты музыкалық - спорттық шара өткізілді. Топ тәрбиеленушілері екі командаға («Барыс», «Сұңқар») бөлініп жарысқа белсене қатыса білді. Сайыс мынадай бес турдан тұрды:

1. Допты екі қолмен қысып матта алға қарай домалау

2. Қос аяқпен шығыршықтан шығыршыққа секіру

3. Допты шығыршықпен домалатып алып жүру

4. Гимнастикалық баспалдаққа мініп түсу

5. Батуд добымен секіру

«Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» атты мерекелік концерт

16 қараша күні ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертте патриоттық әндер орындалып «Инабат» бишілер тобы өнер көрсетті.

Подробнее...

«Рәміздерім мақтанышым»

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай құрылған іс-шаралар жоспарына сай «Жәнібек балалар бақшасында» 2016 жылы 16 қарашада «Рәміздерім мақтанышым» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді. Оқу іс-әрекетін «Гүлдер» ІІ ші кіші тобының тәрбиешілері Укалаева Алмагуль мен Каюпова Айгуль өткізді. Оқу іс-әрекетінің мақсаты: тәрбиеленушілерге рәміздер және Астана қаласы туралы білім беру. Оқу іс-әрекеті барысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту. Тудың бейнесін жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқу іс-әрекетінде балалар Астана қаласына саяхатқа шығып, мемлекеттік рәміздермен танысты. Оқу іс-әрекетін тамашалауға аудандық білім беру бөлімінің ағылшын және орыс тілі әдіскері Рамазанова Қарашаш қатысты.

Подробнее...

«Балдәурен» сәби-балабақшасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараның өтендігі туралы хабарлама

Баланың денсаулығын қалыптастыратын бірнеше факторлар бар. Солардың ішіндегі бала денсаулығын қалыптастыруға жол ашатын негізгі шаралардың бірі бала ағзасын шынықтыру. «Балдәурен» сәби-балабақшасында «Біз болашақ жас ұлан » тақырыбында топ аралық спорттық шара өткізілді. Бұл шараға аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Қ.З.Тұяқова қатысты.

Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Спорттық шара мынадай бөлімдерден тұрады:

1. Маттан алға қарай домалау

2. Баспалдаққа мініп түсу

3. Допты тізеге қысып алға қарай секіру

4. Батут добымен секіру

5. Шығаршықпен секіру

6. Арқан тарту

Топ тәрбиеленушілері жарысқа белсене қатыса білді. Жарыс соңында  балаларға марапаттаулар табыс етілді.

Студенттермен кездесу

15 қараша күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және студенттер күнімен құттықтау мақсатында Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Ақбастау» ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен М.Б.Ыхсанов атындағы колледж студенттерімен кездесу өткізілді. Шара барысында аудандық жастар ұйымдарымен белсене жұмыс атқарып келе жатырған студенттерге алғыс хат ұсынылып, ой-пікірлері тыңдалды.

Подробнее...

«Еркіндігі елімнің – Тәуелсіздік.»

Борсы ауылдық округінде орналасқан МКҚК «Балапан» балабақшасында 2016 жылдың 15 қарашасында «Еркіндігі елімнің - Тәуелсіздік!» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға балабақша тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатынасты. Байқаудың мақсаты бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы туған жерін, елін, Отанын сүюге, патриоттылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Балалардың ойлау  қабілеттерін ояту. Балабақша мен отбасы арасындағы байланысты нығайту.

Ауылдық округ әкімі А.Қ.Беккалиева, мәдениет үйінің директоры Д.Д.Айтқалиев  бүлдіршіндердің  туындаларын тамашалады.

Байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Суреттер түрлі сурет салу тәсілдерін пайдалана отырып салынған.  Бүлдіршіндердің отызға жуық суреттері байқауға түсіп, байқау жеңімпаздары марапатталды.

Баланың өсіп дамуы үшін отбасы мен балабақшаның орны ерекше. Сондықтан бүлдіршіндер жан-жақты дамуы үшін бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармауымыз керек. Бала тәрбиесі баршаға ортақ.

Подробнее...

«Күй болып төгілген жан»

Аудандық балалар кітапханасында өлкеміздің өнер адамдарын оқырмандарға  насихаттауда  өнертанушы ғалым, профессор, күйші Айтжан Тоқтағанның 70 жылдық мерейтойына арналған «Күй болып төгілген жан» атты  әдеби -танымдық  кеш оздырылды.

Күй -қазақтың бағына біткен дара өнер,қастерлі дүние.Алып даланың сырлы сазын мұңлы күймен жеткізе білген ұлы тұлғалардың ізін басып,

жалғастырып келе жатырған белгілі домбырашы, Айтжан Тоқтағанның    шығармашылығын слайд арқылы кітапханашы С.Душкенова мен кітапхананың белсенді оқырманы Ә.Қайыров таныстырды. Шараға күйшінің анасы Алима апамыз,аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы,ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Б.Алипқалиев, мәдениет үйінің қызметкері,саз мектебінің ұстазы Ш.Рамазанов,аудандық мұражайдың директоры М.Қайдаров қатысты. Алима анамыз Айтжан ағамыздың   балалық шағынан естеліктер айтып берді.

Саз мектебінің ұстазы  Г. Жалғасқызы мен шәкірті Н.Тілекқабылова «Кеңес» күйін, Г.Қоңырова  Әубәкіровтың «Өрнек» күйін орындады. Бейнетаспа арқылы Айтжан Тоқтағанның орындауындағы «Көркем ханым»күйі, қызы Ақтолқынның орындауындағы Динаның күйі «Тарту сәлемдеме» тыңдалды.

Ш. Қамешұлы күйшімен кездескен сәттері туралы әңгілеп,Құрманғазының «Алатау» күйін тарту етті. Сөз алған Бекет Алипқалиұлы тағлымы мол шараның жас  ұрпаққа  берер үлгі - өнегесіне тоқталды.«Күй - тәңірінің  күбірі, арқау еткен бір ғұмыр» кітап көрмесіне кітапханашы Ж.Батырғалиева шолу жасады. Шараның жалғасы аудандық  мұражайға саяхатқа ұласты.

Подробнее...

«Ән-жырымның арқауы - Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт

Мерекелік кеш басталмас бұрын аудандық мәдениет үйінің фойесінде көздің жауын алатын көрме жасақталған еді. Өнер туындыларын дайындаған мектебіміздің технология пәнінің мұғалімдерінің еңбектері болатын. Көрмеге әр түрлі бұйымдардан дайындалған дүниелер қойылды.

Сағат жетіде залдың шамы өшіп, концерттік бағдарлама басталды. Алдымен сахна төріне ана мен сәби шығып, қойылым көрсетті. Тәуелсіздік жолындағы күрес, аттардың, қылыштардың дыбысын, халыққа әділ төрелік жүргізген үш би, қазақ халқын бір тудың астына біріктірген Абылай хан бейнесін, Ұлы Отан соғысында қар жастанып, мұз төсенген батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, желтоқсан оқиғасын мектеп ұстаздары мен оқушылары аса шеберлікпен орындап шықты. Осы көріністерден кейін «Эхо любви»» әнін Әсем Хаменова шырқады. Одан кейін Тимур Хамитов «Қара бауыр қасқалдақ» әнін жиналған көпшілікке тарту етті. Содан соң оқушы қыздар мен ұлдар, мектептің жас ұстаздары «Ізін көрем», мектептің жас мұғалімдері «Киіз басу» билерін мың бұрала биледі. Қойылым барысында көрсетілген көріністер мен билер, өнер туындыларының бәрі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Бұдан кейін «Ән-жырымның арқауы - Тәуелсіздік» атты концерттік бағдарламасы жалғасты. Сахна төріне қос жүргізуші шығып, бағдарламаны ұсынды. Оқушылар ансамблі Сейтектің күйі «Тойбастарды», Бөрі Исаұлының «Желтоқсан» күйлерін орындаса, мектебіміздің жас мұғалімі Ақманар Қуанғалиева «Моцарт жаназасы» өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқыды. Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін дуэт А.Есенғалиев, Т.Хамитов, «Ұлы дала» әнін Н.Халелов, Т.Тельманұлы шырқаса, Оралбек Ысқақ «Тәуелсіздік толғауын» арнады. Ұстаздардан құралған хор музыка пәнінің мұғалімі Нарынбек Халеловтың сүйемелдеуімен Нұфтолла Шәкеновтың сөзіне жазылған Әбілахат Еспаевтың «Бейбітшілік сақталады», Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеуханның «Елім менің», Саттар Қауышбаев пен Базарбек Түкібаевтың сөзіне жазылған Айжігіт Асановтың «Тәуелсіздік» әндерін орындады. Концерттік бағдарлама қорытындыланып, жиналған көпшілік мерекелік кештен ерекше рухани әсер алды.

Подробнее...

«Тәуелсіз елім – асқар белім» атты фото слайд көрсетілді

Қамысты модельді ауылдық кітапханасының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл аясында Оздырылған «Тәуелсіз елім – асқар белім» атты фото слайд көрсетілді.Максаты: тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру , ел тарихына шолу жасау, елжандылыққа баулу. Слайд барысында 1991 жылдан бастау алған мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихына шолу жасалынды.

Сонымен қатар егемендік үшін күрескен ұлы тұлғалар туралы да айтылып өтті.

Подробнее...

«Біз – жасампаз жастармыз»

Тәуелсіздік таусылмайтын жыр, түгесілмейтін ән. Әрбір халықтың санасында ең қастерлі ұғым болса, ол да, осы – тәуелсіздік, яки, елдің елдігіне деген мақтаныш. Биыл егемендік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Бұл мерзім аз ба, көп пе, бірақ, қазақ ұлтының тарихындағы ең шешуші де сындарлы кезеңдердер осы бір оймақтай ғана уақыт теліміне тиесілі. Осыған орай, Борсы ауылдық округінде «Біз – жасампаз жастармыз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ел өткені мен бүгіні 25 жыл ішіндегі толайым табыстары, мемлекеттің болашағына деген сенім көрініс тапқан алқалы бұл жиын, өз үдесінен шыға білді .Бұл дөңгелек үстелге «НұрОтан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.Х.Молдағалиев, ауыл жастары қатысты.

Подробнее...

Атакәсіп – ұрпаққа нәсіп

Ата-бабамыз «Бір түлікке бай болғанша, әр түлікке сай бол», «Мал басқа бітеді, қына тасқа бітеді» деп мал  баққанның аузы асқа тиерін, немесе адал еңбекпен мал бақсаң кедейшілік пен жоқтықты көрмейтіндігің туралы уағыздап отырады.

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі - аз уақыт ішінде тарихта бұрын - соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Сол табыстардың бірі - еліміздегі  ауыл шаруашылығының соңғы жылдары зор қарқынмен дамуы. Осыған орай Тау ауылдық округінде «25 жыл ішінде ауыл шаруашылығының дамуы» атты семинар - кеңес оздырылды. Бұл семинар - кеңеске аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Искаков Арман Берікұлы, «Дархан» ШҚ жетекшісі Зайнуллин Д.Ж., «Сұңқар» ШҚ жетекшісі Сариев Т. Т., «Нұрбек» ШҚ жетекшісі Н.С.Айтжанов, «Сағын» ШҚ жетекшісі А.С.Бимуханов, ауыл тұрғындары, мекеме басшылары қатысты. «ҚР-ғы ауыл шаруашылығының дамуы туралы» ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Оразова Зульфия Әмірқызы толықтай слайд арқылы баяндап өтсе, ауылдық округі аппаратының бас маманы Раушан Рахмушқызы Джумабаева «Округ аумағында ауыл шаруашылығының дамуы» туралы таныстырды. Бұл баяндамада көрсетілгендей еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ауылымызда саусақпен санарлықтай ғана жеке шаруа қожалықтары болса бүгінгі күні 38 шаруа қожалығы 78 - адамды жұмыспен қамтып, еліміздегі түрлі бағдамалар арқылы жеңілдетілген несиелер, лизинг арқылы техникалар алуға немесе асыл тұқымды бұқалар алуға және жыл ішінде 18 шаруа қожалығы 1363 бас аналық малына каржылай көмекке қол жеткізіп отырғандығы туралы толықтай айтылып өтті.

Подробнее...

Мекемелер арасында волейболдан жолдастық кездесу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жақсыбай ауылдық округінде М.Б.Ықсанов атындағы мектеп балабақшасының спорт залында мекемелер арасында волейболдан жолдастық кездесу болды. Оған ауылдық мекемелер ойыншылары қатысты.Шараға төрт команда қатысты. Көрермендер ауыл тұрғындары, оқушылар, жарысқа қатысушылар болды.

Подробнее...

Жастар арасында жарыс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Талов ауылдық округінде асық, дойбы, шахматтан жастар арасында жарыс өтті. Жарысқа Талов ауылының жастары, Ғ.Сарбаев атындағы ЖОББМ-балабақша кешенінің оқушылары қатысты.

Подробнее...

«Дені саудың- жаны сау»

Аудандық МКҚК «Алтын ұя» бөбекжайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай , ортаңғы топтаржәне ІІ кіші топтар балалары арасында эстафеталық «Дені саудың- жаны сау» тақырыбында ойындар оздырылды. Мақсаты: Денсаулыққа, спортқа деген құштарлығын дамыту. Эстафета, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.Балаларды еркін,батыл секіруге жаттықтыру. Балалардың дене қимылдарын дамыту, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

«Менің Отангым Тәуелсіз Қазақстан»

Бүгін 10 қараша күні МКҚК «Алтын ұя» бөбекжайында «Болашақ» ортаңғы тобында «Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында оқу іс-әрекет оздырылды. Мақсаты:Тәуелсіз еліміздің болашағы- жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жері мен елін сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу. Тақпақтар, ойындар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

«Сол бір кез» ретро ән кеші өтті

9 қараша күні кешкі сағат 20:00 де Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Тау ауылдық мәдениет үйінде «Сол бір кез» ретро ән кеші өтті. Концертте қазақ композиторларының ел, туған жер туралы жазылған әндер шырқалып, ауыл тұрғындарына көтеріңкікөңіл күй сыйлады.

Подробнее...

«Маған 25» акциясы

Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ,«Маған 25» акциясы аясында Тау ауылы, Г.Абдуллин ат.ЖББОМ -де 1991жылғы туғандармен мектеп оқушыларының кездесуі ұйымдастырылып,соны концерттік бағдарламаға ұласты.Кездесуге Жастар ресурстық орталығының басшысы С.Стамов, Демалыс орталығының режиссері Ә.Кенжегалиев қатысып келді.

Подробнее...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жыл толуына орай мектебімізде өткен «Ауылдың -өркендеуі, Қазақстанның -өркендеуі» атты фотобайқау

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жыл толуына орай № 1 ЖББОМ мектебінде   8-9 қазан  күндері  7-10 сыныптар арасында  «Ауылдың өркендуі - Қазақстанның өркендеуі» атты  фотобайқау өткізілді.  Байқауға әр сыныптан бір плакат шығарылып, ауылымыздың көрікті жерлерін жаңадан салынған ғимыраттарды суретке түсіріп, өздерінің жыр шумақтарын плакат бетіне түсірді. Нәтижесінде 8а сыныбы І орын, 9б сыныбы ІІ орынға, 10а сыныбы ІІІ орынға ие болды «Қазақстанның болашағы - жастардың қолында» - деген Елбасы сөзі бүгінде жастарға үлкен сенімнің артылғанын көрсетеді. 

«Еңбекті ұлықтау»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 9 қараша күні жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да мектебімізде кіші қызметкерлердің еңбектерін ұлықтау мақсатында «Шын жүректен» атты мерекелік шара өткізілді. Кешіміздің қадірлі  қонағы болып  Жәнібек аудандық маслихат хатшысы Кадимов Тахир Зейнұрұлы, Жәнібек аудандық ардагерлер ұйымының мүшесі Бекет Алипкалиұлы және «Шұғыла» газетінің тілшісі Н. Жапақов қатысты.  Мерекелік шараны мектебіміздің директоры С.А.Мамбеталиев техникалық қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мектепішілік «Жас Ұлан» ұйымы өздерінің құттықтауларын  шағын видеоролик арқылы жеткізді. Сонымен қатар мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.И. Ахмулдин техникалық қызметкерлерді құттықтап, мектебімізде көп жыл еңбек еткен бірқатар қызметкерлерді алғыс хатпен және шағын сыйлықтармен марапаттады. Осы шараға мектебіміздің  «Начальная ступенька», «Миропознание», «МиФ», «Ұлағат», «Мозайка», «Гуманитарий» секциялары өздерінің өнерлерін көрсетіп, техникалық қызметкелерді мейрамдарымен құттықтады. Техникалық қызметкерлер атынан Е.С.Сарсенгалиев пен У.К.Суйнешева сөз сөйлеп, алғыстарын айтты. Кеш соңында аудандық маслихат хатшысы Кадимов Тахир Зинурұлы және ардагерлер ұйымының мүшесі Бекет Әліпқалиұлы мектептің техникалық қызметкерлерін мейрамдарымен құттықтап , рахметтерін жеткізді.

Жастар арасында флешмоб ұйымдастырылды

9 қараша күні М.Б.Ыхсанов атындағы колледжінде «ЭКСПО – 2017» көрмесін насихаттау мақсатында жастар арасында флешмоб ұйымдастырылды. Шараға колледж студенттері, оқытушылары жалпы саны 60 адам қатысты.

Тақырыбы: «Тұғырлы бол-Тәуелсіздік»

Жауапты: Ақоба ауылдық кітапхана меңгерушісі Утепбаева Айгуль Асхарқызы.

Мақсаты: Оқырмандарға Тәуелсіздік туралы түсіндіру, Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, оқырманның отаншылдық сезімін ояту.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай құрылған жоспарға сәйкес «Тұғырлы бол-Тәуелсіздік» атты тақырыпта слайд жасақталып кітапханаға келген оқырман қауымға таныстырылды.

Подробнее...

«Мәңгілік Ел -Қазақстан» атты дөңгелек үстел

Тәуелсіздік таусылмайтын жыр, түгесілмейтін ән. Әрбір халықтың санасында ең қастерлі ұғым болса, ол да, осы – тәуелсіздік, яки, елдің елдігіне деген мақтаныш. Биыл егемендік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Бұл мерзім аз ба, көп пе, бірақ, қазақ ұлтының тарихындағы ең шешуші де сындарлы кезеңдердер осы бір оймақтай ғана уақыт теліміне тиесілі. Осыған орай, 7 қараша күні Тау ауылдық кітапханасында «Мәңгілік Ел -Қазақстан» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ел өткені мен бүгіні 25 жыл ішіндегі толайым табыстары, мемлекеттің болашағына деген сенім көрініс тапқан алқалы бұл жиын, өз үдесінен шыға білді .Бұл дөңгелек үстелге аудандық «Шұғыла » қоғамдық – саяси газетінің директор-редакторы А.Қ.Батырханов, ауыл ардагерлері мен 11 сынып оқушылары,мекеме басшылары барлығы 24 адам қатысты

Подробнее...

Акция оздырылды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйытқы болуымен «Салауатты –өмір салтын ұстанайық» атты акция өткізілді. Акция барысында шылым шегуге қарсы кітапша таратылды. Ал шылым шегу- ауаны ластау көздерінің бірі екенін ескертіп, зиянды жақтарын аудан тұрғындарына насихаттады.

Спорттық шара өткізілді

2 қараша күні аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аудандық мекеме, ұйымдар арасында өтіп жатырған «Спорттық Қазақстан-дені сау ұлт» атты спорттық фестивальдің шеңберінде асық атудан, эстафеталық ойындардан, кермеге тартылудан және арқан тартудан жарыс өткізілді.

Рухани келісім күніне орай қайырымдылық көмек

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, рухани келісім күніне орай, Жәнібек ауданы бойынша азқамтылған отбасыларына, мүмкіншілігі шектеулі жандарға, жалғыз басты қарияларға барлығы 47 отбасына, 352,5 мың теңгенің азық- түлік түрінде қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Музыкалық флеш-моб өткізілді

3 қараша күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына аясында ұлттық мұралар мен ұлт мақтаныштарын насихаттау мақсатында аудандық саз мектебінде музыкалық флеш-моб шеңберінде «Күй күмбірі- Құрманғазы» атты танымдық кеш өтті. Шараға аудан ардагерлерінің өкілдері, мәдениет қызметкерлері, мектеп ұстаздары және оқушылар қатысты. Шара барысында аудандық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Ұлттық музыка өнерінің киесі» атты тақырыпты көрмесі қатысушыларға таныстырылды.

Мәншүк Маметованың туғанына 95 жыл

Мәншүк Маметованың туғанына 95 жыл толуына орай аудан орталығындағы № 1 мектепте 24-28 қазан аралығында апталық өткізілді. Апталық шеңберінде «Біздің мақтанышымыз – Мәншүк» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізіліп, «Батыстың батыр қызы» тақырыбында презентациялар қорғалды және қабырға газеттері шығарылды. Апталық «Мәншүктің ерлігі» атты әдеби-музыкалық кешпен қорытындыланды.

Әлеуметтік сала қызметкерлері күніне

28 қазан күні қр Тәуелсіздігің 25 жылдығы аясында Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ҚР әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күніне арналып мерекелік шара өткізілді. Бөлім басшысы М.Ибатов ұжым қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

«Жігері жасымағандардың жарысы»

26 октября к 25- летию независимости страны в целях пропаганды здорового образа жизни среди людей с ограниченными возможностями были организованы районные спортивные мероприятия. В церемонии открытия мероприятия присутствовал аким района Н.Карагойшин. Соренования прошли по 8 видам спорта, с участием 4 команд. Предпринимателями района участникам соренования был дан благотворительный обед.

Ждут своих читателей модельные библиотеки

В предверии  25 летия независимости страны библиотеки Камыстинского и Тауского  сельских округов по велению времени обновились и превратились в модельные сельские библиотеки.Оснастив библиотеки компьютерами и подключив к интернет, появилась возможность формирования фонда электронной информации. В торжественном открытии обех библиотек принял участие заместитель акима района Куаналиев Б.К. и поздравил собравшихся.После разрезания символической ленты, в новых библиотеках прошли мероприятия,такие как книжная выставка, доклады.

Форум районного совета общественного согласия, посвященный основным направлениям общенациональной патриотической идеи «Мәңгілік Ел»

25 октября в зале заседаний районного акимата прошел форум районного совета общественного согласия, посвященный основным направлениям общенациональной патриотической идеи «Мәңгілік Ел».В его работе приняли участие работники коммунального государственного предприятия «Общественное согласие», а также пердседатели районных,сельских советов общественного согласия,ветеранов, матерей и молодежь.На форуме под председательством акима района Н.Карагойшина был заслушан отчет о проделанной работе районного совета общественного согласия и принята резолюция.

До Универсиады 100 дней

24 октября во всех школах района прошла 15 минутная физическая зарядка, посвященная XXVIII Универсиаде, которая пройдет в городе Алматы с 29 января по 8 февраля 2017 года.

Ждут своих читателей модельные библиотеки

19 октября в предверии 25 летия независимости страны библиотеки Камыстинского и Тауского сельских округов по велению времени обновились и превратились в модельные сельские библиотеки.Оснастив библиотеки компьютерами и подключив к интернет, появилась возможность формирования фонда электронной информации. В торжественном открытии обех библиотек принял участие заместитель акима района Куаналиев Б.К. и поздравил собравшихся.После разрезания символической ленты, в новых библиотеках прошли мероприятия,такие как книжная выставка, доклады.

День принесший радость сельчанам

 11 октября к 25-летию независимости  после окончания капитального ремонта был сдан в эсплуатацию дом культуры Тауского сельского округа.К торжественному открытию  красивого обновленного здания дома культуры  не скрывая радости собрались все жители села.Символическую ленту дома культуры разрезали аким района Н.Карагойшин и ветеран труда  Т.Азберген.

Отпраздновали день труда

 7 октября в районном доме культуры  прошел форум на тему «Создание общества всеобщего труда», посвященный дню труда.В ходе собрания  заместитель акима района Менешов Биржан Нурланович  вручил  семье Молдагалиевых благодарственное письмо и сертификат на сумму 50,0 тысяч тенге за занятое первое место на областном уровне республиканского конкурса «Трудовой путь» по номинации «Лучшая трудовая династия» и получившая направление в Астану для участия в конкурсе. Вместе с тем, благодарственные письма были вручены  и другим труженникам района. 

День, посвященный чествованию великой личности

 2 октября 2016 года в рамках  25-летия независимости  Республики Казахстан праздновали 90-летие видного государственного и общественного деятеля, внесшего неоценимый вклад в развитие Приуралья Ихсанова Мустахима Биляловича.В рамках мероприятия перед Жанибекским колледжом открылся бюст Ихсанова М.Б. В торжественной церемонии приняли участие аким области Кульгинов А.С., дочь Ихсанова М.Б. депутат Мажилиса Парламента РК  Ихсанова Г.М.,депутаты Сената Парламента РК Айтимова Б.С., Ахметов Р.С., Карагусова Г.Д.,Утемисов Ш.А., а также люди, работавшие вместе с ним.Далее празднование юбилея ИхсановаМ.Б. продолжилось за селом. 

 

Подробнее...

1октября- Международный день пожилых людей

1октября  к  Международному дню пожилых людей аким района Н.Карагойшин  в доме ветеранов провел встречу с ветеранами и посетил на дому  жителя села Жанибек, труженницу тыла  Морозову Надежду Петровну, 1923 года рождения, пожелал здоровья и вручил подарок.Вместе с тем, в этот день во всех сельских округах руководители  организаций  побывали с поздравлениями  у пожилых людей села.

ҚазақшаРусский

баннеры

 

  Наверх