Авторизация



Главная Послания Президента РК народу Казахстан «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность»

Послание Президента РК

Кездесу өтті

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж.Асантаев және БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Нарымбетов Тау және Ақоба ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарының қатысуымен жиын өткізді. Басқосуда ақпараттық топ мүшелері Жолдауда елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үшін Мемлекет басшысы Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойғанын және оның бес басымдығы бар екенін атап өтті. Басқосу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Подробнее...

Маңызды міндеттер жүктейді

2 наурыз күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын талқылады. Жиынға №2 мамандандырылған өрт сөндіру басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Әнуар Өтешов пен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының кеңесшісі және ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Машанов қатысты. Олар Жолдаудың мән-маңызына тоқталып, қазіргідей алмағайып заманда елдегі тұрақтылық, тыныштық пен қауіпсіздіктің аса маңызды екендігін айтып, аталған бөлім қызметкерлеріне өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды және тәртіпті қатаң сақтауды сұрады. Мұнан соң «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев еліміздің екі тарихи кезеңнен өткендігін, енді үшінші жаңғыру кезеңінің алдында тұрғандығын атап өтіп, биылғы Жолдаудың басымдықтарына тоқталды.

Жолдау түсіндірілді

3 наурыз күні ақпараттық-насихат тобының мүшелері, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев "Нұр Отан" партиясының желілік кестесіне сай Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Жәнібек аудандық «Символ» ЖШС-да болып, еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барсында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға, ғаламтор жүйесінің жылдамдығын жақсартып, сапасын арттыруға, жол қатынасына байланысты мәселелерді нақты мысалдар келтіре отырып жеткізіп, ұжым тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді.

Жарқын болашақ жол. 24.02.2017 ж.

24 ақпан күні ақпараттық топ мүшелері Молдағалиев Асхат және Миранбек Ибатов Т.Жароков атындағы ЖББО мектебінің және аудандық психологиялық-педагогикалық кабинеттің ұжымымен кездесті. Ақпарттық топ мүшлелері биылғы Жолдау зор міндеттерді айқындап бергені мәлім етіп, Жолдауда көрсетілген цифрлық технологияны қолдану, шағын несие беру аясын кеңейту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер және қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларына жан-жақты тоқталып өтті. Осындай кездесу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде де өтті.

Жолдауға –қолдау білдірді. 23.02.2017 ж.

23 ақпан күні ақпараттық топ мүшелері Жанар Қошанова және Миранбек Ибатов № 1 ЖББО мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ақпарттық топ мүшелері білім және денсаулық сақтау жүйесіне енгізілетін өзгерістер жайлы өз ойларын ортаға салды. Ұжым қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оған толықтай жауап алды және Жолдауды толықтай қолдайтындықтарын білдірді.

Жолдау талқыланды. 16.02.2017 ж.

16 ақпан күні «Алтын ұя» бөбекжайында, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде, орталық кітапханада, демалыс орталығында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқыланды. Басқосуға ақпарттық топ мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев және «Алтын ұя» бөбекжайының директоры Гүлмира Нұргалиева, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уалиев қатысып, мемлекет басшысының биылғы Жолдауының төрт басымдығы бойынша толықтай түсінік берді.

Мол үміт күтеді. 16.02.2017 ж.

16 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының конференц залында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, Жәнібек аудандық инспекциясы, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ Жәнібек аудандық филиалы мекемелерінің қатысуымен Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында дөңгеле үстел өткізілді. Шараға ақпарттық топ мүшелері, аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев және аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уалиев, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нуралиев қатысты. Ақпарттық топ мүшелері Елбасның биылға Жолдауына жан-жақты тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Осындай басқосу аудандық балалар кітапханасында және аудандық мұражайда болып өтті. Жиынға қатысушылар өз кезектерінде Жолдаудан мол үміт күтетіндерін білдірді.

Ауыл округтерінде Жолдау талқыланды. 14.02.2017 ж.

13-14 ақпан аралығында барлық ауылдық округтерде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында ақпарттық топ мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында ақпарттық топ мүшелері Жолдаудың басым бағыттарын ауыл тұрғындарын қарапайым тілде түсіндіріп берді. Тұрғындар өз кезектерінде Жолдауды бір ауыздан қолдайтындықтарын білдіріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Жаңа өзгерістер туралы. 15.02.2017 ж.

15 ақпан күні «Жәнібек» балабақшасында, аграршылар үйінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады. Басқосуға ақпарттық топ мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев және «Алтын ұя» бөбекжайының директоры Гүлмира Нұргалиева қатысып, мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойғанын және әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін табандылықпен ілгерілей беруіміз қажет екенін атап өтті.

Нақты деректермен жеткізді. 14.02.2017 ж.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына насихаттау мақсатында мектептен тыс жұмыстар орталығы, балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы, Жәнібек колледжі және «Балдаурен» сәби-балабақшасында ақпарттық топ мүшелері Жақсылық Абдолов, Нұрпейіс Елемесов, Сағымбек Стамов және Руслан Нұралиевтер болып ұжым қызметкерлерімен кездесті. Ақпараттық топ мүшелері биылдан бастап іске асырылғалы отырған нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін 16 млн. теңгеге дейін шағын несие ала алатынын, қосалқы шаруашылық ұстап, мал өсірумен шұғылданып отырған ауыл адамдары осы кооперативке бірігу арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізу мүмкіндік туындайтынын, сонымен қатар зейнетақы өсімі, балалар жәрдемақысы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты басым бағыттарды нақты мысалдар түрінде айтып жеткізді. Жолдауды талқылауға қатысушыларда өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты.

Жаңа өзгерістер туралы. 14.02.2017 ж.

14 ақпан күні Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына байланысты Жәнібек аудандық білім беру бөлімінде, аудандық ауруханада кездесу өтіп, оған ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова қатысты. Ақпарттық топ мүшелері төртінші басымдыққа байланысты білім беру жүйесін өзгерту, соның ішінде үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі туралы, биылғы 1 шілдеде бастап енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы кездесуге қатысушылармен ойларын бөлісті.

Жолдаудан туындайтын міндеттер. 13.02.2017 ж.

13 ақпан күні ақпараттық топ мүшесі, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын насихаттау мақсатында аудандық балалар саз мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысынада Ж.Қошанова Жолдаудың мәні мен маңызын, оның алға қойған мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Ұжым қызметкерлері өз кезектерінде Жолдауды толықтай қолдайтындықтарын жеткізді.

Жолдау талқыланды. 10.02.2017 ж.

10 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының конференц залында ақпарттық топ мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов және «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев Жәнібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің, Жәнібек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, № 20 өрт сөндіру бөлімінің ұжымымен кездесіп Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады. Жиын барысында сөз алған ақпарттық топ мүшелері еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жаңғырудың екі кезеңінен абыроймен өтіп, толағай табыстар мен зор жетістіктерге жеткенін, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіргенімізді, енді алдымызда үшінші кезең тұрғанына тоқталып өтті.

Жолдауға қолдау білдірді. 10.02.2017 ж.

10 ақпан күні ақпарттық топ мүшелері. аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ахмедияр Батырханов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Сағымбек Стамов тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жәнібек аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында, ҚР Ұлттық экономика министрлігі тұтынушының құқығын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының БҚО бойынша филиалының Жәнібек аудандық бөлімшесінде, А.Оразбаева атындағы мектепте және Жәнібек аудандық электр торабы мекемесінде болып, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады. Өз кезектерінде жиынға қатысқан мекеме қызметкерлері Елбасының Жолдауына толықтай қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Жолдауға қолдау білдірді. 09.02.2017 ж.

9 ақпан күні Елбасының ағымдағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері Амангелді Уалиев, Жанар Қошанова және Руслан Нұралиев «БҚО өндірістік филиалы КазТранс ГазАймақ» АҚ Жәнібек ауданды газ учаскесінің және Жәнібек аудандық қазынашылық басқармасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ақпарттық топ мүшелері Жолдауда айтылған еңбек өнімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларының іске асуы, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіне енгізілетін өзгерістер жайлы әңгімеледі. Жиында аталған мекеменің қызметкерлері де Елбасы Жолдауына қатыстыөз ой-пікірлерін жеткізді.

Жолдауды қолдау – басты міндет. 08.02.2017 ж.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын талқылау, халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ақпарттық топ мүшелері «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев дөңгелек үстел өткізді. Жиынға әділет басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығы, жер қатынастары бөлімі, аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Басқосуда сөз алған Асхат Хамитұлы Жолдауда айтылған негізгі міндеттерге жан-жақты тоқталып өтсе, Амангелді Мырзағалиұлы еліміз екі тарихи кезеңнен өтіп, енді үшінші жаңғыру кезеңінің алдымызда тұрғанын айтып өтті.

Жолдауды түсіндірді. 08.02.2017 ж.

8 ақпан күні Елбасының ағымдағы жылдың 31 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, жұмыспен қамту орталығы, аудандық статистика басқармасы, Жәнібек ауылдық округі әкімінің аппараты, аудандық зейнетақы тағайындау бөлімшесінің ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында Т.Кадимов Жолдаудың мәні мен маңызын, оның алға қойған мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті.

07.02.2017 ж.

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілетті» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мақсатында Жәнібек ауданы активінің жиналысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Абсатиров, «ТДК-42» телеарнасының директоры Табылғали Сапаров, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Бақдәулет Ибраимов қатысты.

Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамы бекітілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілетті» атты Жолдауын аудан тұрғындары арасында кеңінен түсіндіру және насихаттау, сондай-ақ Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігінің 2017 жылғы 3 ақпандағы №21 қаулысымен аудандық іс-шаралар жоспары мен ақпараттық-түсіндіру тобының құрамы бекітілді. 22 адамнан құрылған ақпараттық-түсіндіру тобына азаматтық қоғам өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, бұқаралық-ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілді.

«Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность»

Уважаемые казахстанцы!

В преддверии новой эпохи я обращаюсь с Посланием к народу Казахстана.

Страна с честью прошла свой 25-летний этап развития. Мы гордимся своей страной. В рамках празднования 25-летия Независимости мы отметили достижения и успехи Казахстана. Они хорошо известны и высоко оцениваются мировым сообществом.

С начала 2017 года Казахстан стал непостоянным членом Совета Безопасности ООН.

В этом году в Астане пройдет международная выставка «ЭКСПО-2017». Мы первыми среди стран СНГ и Центральной Азии проводим столь значимое мероприятие мирового масштаба.

В Алматы стартовали спортивные состязания в рамках Универсиады-2017, в которой принимают участие более 2 000 спортсменов и членов делегаций из 57 государств.

Все это является результатом правильного политического пути и высокого авторитета Казахстана на международной арене.

Казахстан должен войти в число 30 развитых государств мира к 2050 году. Мы уверенно идем к этой цели.

В условиях роста конкуренции и отсутствия стабильности в мире возрастает актуальность предложенной мной народу в 2012 году Стратегии-2050. Мы сумели своевременно предвидеть предстоящие сложности.

Благодаря экономической политике «Нұрлы Жол» и Плану нации «100 конкретных шагов» мы достойно проходим первоначальный этап сложной глобальной трансформации. Только в 2014-2016 годах на поддержку экономики нами дополнительно было выделено 1,7 триллиона тенге. Все это предоставило возможность для экономического роста и поддержки бизнеса, создания свыше 200 тысяч новых рабочих мест.

В результате в 2016 году обеспечен рост внутренней валовой продукции на 1%. Это особенно важно в нынешних сложных условиях.

Ситуация в мире динамично меняется. Это новая глобальная реальность, и мы должны ее принять.

Подробнее...

ҚазақшаРусский

баннеры

 

  Наверх