Авторизация



Главная Мейрімді көктем

Мейрімді көктем

Отбасы күнімен құттықтады

15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай, «Мейрімді көктем» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова аудан орталығындағы көп балалы аналар Әсия Хамитова мен Гүлдерай Дүйсенбаеваны құттытай барып, шағын сый-сияпат табыс етті.

Шығармашылық кеш өтті

«Мейірімді көктем» акциясы шеңберінде аудандық мәдениет үйінде облыстық және республикалық күйшілер байқауларының лауреаты Әлібек Қуаншәлиев жеке шығармашылық кешін берді. Концерт барысында Әлібек қазақ және шетел композиторларының туындыларын орындады. Шара барысында қайырымдылық жолымен жиналған қаржы мұқтаж жандарға берілетін болады.

Көмек көрсетілді

Ақоба ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мен«Мейірімді көктем» акциясы аясында ауыл жастарының қолдауымен жалғыз басты әжей Күләш Аязбаеваға, аз қамтылған отбасылар Есенғалиев Ғазезге және Есенова Балбөпелерге үй-аулаларын жинау, шарбақтарын түзеу жұмыстары жүргізілді.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер туындыларын сату аукционы оздырылды

"Мейірімді көктем" акциясы және "100 нақты көмек" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер туындыларын сату аукционы оздырылған болатын. Шараға барлығы 46 туынды шығарылды. Сатылымға қойылған бұйымдардан 31 туынды сатылып, түскен қаржы қолөнер туындыларының иелеріне берілді.

Подробнее...

Жайдарман ойыны өтті

14 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде «Мейірімді көктем» қайрымдылық акциясы аясында Жайдарман ойыны өткізілді. Ойынға 4 команда қатысып өз өнерлерін ортаға салды. және 100 нақты көмек жобасы аясында Жәнібек аудандық мәдениет үйінде қайырымдылық кеш негізінде ауыспалы "Жайдарман кубогі" оздырылды. Қызыққа толы кеште бас жүлдені және ауыспалы "Жайдарман кубогін" өз жерінде өткізу құрметіне Тау ауылдық округінің "Ұлы Тау" командасы ие болды. Тиісінше жүлделі І орынға Ұзынкөл ауылдық оругінен "Ұзынкөл - Жайдарман"командасы ие болса, ІІ және ІІІ орында Жәнібек колледжінің "Достық" және "Екі езу" командалары иемденді. Қайырымдылық кештен түске 65950 теңге қаражат Жәнібек ауылының тұрғыны Губашева Айгүл Ризыққызына табысталды.

Елге тарту

7 сәуір күні «Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы аясында Жақсыбай ауылының мәдениет үйінде осы ауылдың тумасы, облыстық, республикалық, халықаралық күйшілер байқауларының лауреаты Әлібек Қуаншәлиевтің «Елге тарту» атты шығармашылық кеші оздырылды. Шара соңында Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаев сөз сөйлеп, туған ауылында алғашқы шығармашылық концертін берген Әлібек Қуаншәлиевке жерлестерінің атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлықты табыс етті. Концерттен түскен қаржы аталмыш ауылдың тұрғыны, он бір жасар Абылай Мыштаевтың емделуі үшін ата-анасына табыс етілді.

Шекарашылардың қайырымдылығы

«Мейрімді көктем» акциясы шеңберінда 2036 әскери бөлім азқамтылған Б. Айтекешовтың отбасына қажетті азық-түлікпен (астық, ет, күріш, қант, шәй, тағы да басқа) өнімдерімен және балаларына жылы киімдер көмек көрсетті. Акцияның мақсаты- ең бастысы, адамдардың бұл өмірде жалғыз емес екендіктерін сезіне білді.

Ардагерге құрмет көрсетті

21 наурыз күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, Жәнібек ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Ерсайын Ғұбашевтар еңбек ардагері Төлеп Көбейсіновті 80 жасқа толған туған күнімен құттықтай барды. Наурызбай Қадырбайұлы ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып, аудан әкімдігі атынан құттықтау хатын мерейтой иесіне табыстап, абыз ақсақалдың иығына шапан жапты

Көшелерде Наурыз мейрамы аталып өтті

21 күні Жәнібек ауданы орталығындағы М.Ықсанов және Қ.Мусин атындағы көшелердің тұрғындары өздерінің ынтымақ пен бірліктерін көрсетіп, Наурыз мейрамын тойлады. Шараға аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімінің орынбасарлары Біржан Меңешов, Біржан Қуанәлиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, Жәнібек ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Ерсайын Ғұбашевтар арнайы барып, қатысты. Көше тұрғындары келген қонақтарға, ауыл тұрғындарына Наурыз көжеден дәм ұсынды. Шара барсында ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, спорттық ойындардан жарыстар өткізілді. Осындай шаралар алдағы уақыттада өз жалғасын таппақ.

Төл мерекемен құттықтады

21 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай аудандағы мекеме, ұйым басшылары ауыл үлкендерін Наурыз мейрамымен құттықтай барып, аудан әкімі атынан құттықтау хат пен шағын сый-сияпаттар табыс етті. Жасы тоқсаннан асқан ақ жаулықты әжелер қонақтарды құшақ жая қарсы алып, өздеріне үлкен құрмет көрсеткендері үшін шынайы алғыстарын білдірді. Емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, ақ баталарын берді.

Қызмет алушыларға құрмет көрсетілді

20 наурыз күні Жәнібек аудандық пошта байланыс торабының басшысы Айнаш Рахмушеваның ұйымдастыруымен ұжым мүшелері ұлық мереке – Наурыз мейрамы қарсаңында мекемеге келуші аудан тұрғындарына арнап, ақ дастархан жайып, оларға ұлттық тағамдардан, соның ішінде наурыз көжеден дәм таттырды. Ұлтымыздың ою-өрнегімен әдіптелген киім киген ұжым мүшелерінің қонақжайлылығына, олардың дәмі тіл үйірген тағамдарына риза болған келушілер шынайы алғыстарын білдірді.

Дәстүрге сай көрісу айты өтті

Ата-бабамыз ертеден бері жыл сайын ата-дәстүрге сай 14-наурыз күні бір-бірімен көрісіп, қол алысқан, Осы дәстүр күні бүгін ұрпақтар сабақтастығы арқасында өскелең ұрпақтың арасында кеңінен насихатталуда. Осы орайда, ауданның белсенді жастары ардагерлер үйінде болып, үлкен кісілердің ақ батасын алды. Сондай-ақ, жастар орталықтарының жанынан құрылған жастар кеңестерінің белсенді мүшелері өз мекемелерінің ардагер қызметкерлерін дәстүрге айналған мерекемен құттықтап, қол алысты.

Подробнее...

Көмек көрсетілді

Қамысты ауылында «Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы аясында қайырымдылық концерт берілді. Шарадан түскен қаржы Жеңіс Құсеновке кішкентай сәбиі «Дауна синдроммен» ауратын Кұсенова Азалияның (2016 жылы туған) емделуіне табыс етілді. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Молдағалиевтың атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар Жеңіс Құсенов пен Гүлзия Мәмбетәлиеваға табыс етілді.

Кедергісіз келешек

Аудандық психологиялық-педагогикалық кабинетте «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде, «Мейрімді көктем» акциясы аясында «Көктем аруы-2017» байқауы оздырылды. Байқауға «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасы бірінші орынбасары А.Молдағалиев және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Нұралиев қатысты. Байқауға қатысқан 6 оқушы арасынан А.Асқарова топ жарып, жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар кабинетпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жүрген ата-аналарға аудандық «Нұр Отан» филиалы атынан алғыс хатпен, сыйлықтар табыс етілді.

Әжелерге құрмет

9 наурыз күні аудандық ардагерлер үйінде ардагерлердің ұйымдастыруымен 8 наурыз мерекесіне арнап ақжаулықты аналарымызға шағын дастархан əзірленіп, сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар облыстық «Әжелер фестиваліне» қатысып келген әжелермен кездесу өткізілді. Бұл шараға аудан əкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлы қатысып аналарымызды құттықтады.

«Ұлт саулығы-анадан»

7 наурыз күні аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында «Ұлт саулығы анада» атты қозғалмалы ойындардан сайыс өткілізді. Сайысқа аудан мекемелерінен 7 команда қатысып бақтарын сынады.

Құрмет көрсетті

7 наурыз күні халықаралық әйелдер мерекесіне орай ауданық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері азқамтылған көп балалы және мүгедек аналарға құрмет көрсетіп үйлеріне барып құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Аналар-асыл құдірет

7 наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудан әкімі Н.Қарағойшин әр сала бойынша ауданның дамуына үлес қосып жүрген әйелдерді қабылдады. Қабылдауға 13 адам қатысты. Одан соң аудандық мәдениет үйінде «Аналар-асыл құдірет» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында аудан әкімі алты бала тәрбиелеп өсірген Қамысты ауылдық округінің тұрғыны Ф.Сейткалиеваға «Күміс алқа» табыстаса, еңбектерімен ерекшеленген әйелдерді алғыс хаттармен марапаттады.

Қайырымдылық шара өтті

“Мейрімді көктем» акциясы аясында Қамысты ауылдық округінде қайырымдылық шара өткізілді. Шара барысында жиналған қаржыны кішкентай сәби туғанынан балалар сал ауруына шалдыққан Азалия Жеңісқызын емделуге апару үшін ата-анасына табыстады.

«Көктем аруы – 2017» байқауы өтті

5 наурыз күні Ұзынкөл ауылында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған аудандық «Көктем аруы – 2017» байқауы оздырылды. Жарыста төрт кезең бойынша Жәнібек, Тау, Ақоба және Ұзынкөл ауылдарынан алты ару бақтарын сынады. Нәтижесінде ақобалық Ақсұңқар Қайырғалиева «Көктем аруы – 2017» атағын жеңіп алды. Қалған қатысушылар арнайы аталымдар бойынша марапатталды. Байқауға қатысушы барлық аруларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Ана. Әйел. Қоғам»

6 наурыз күні Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Ана. Әйел. Қоғам» атты дөңгелек үстел оздырылды. Кездесуге ауылдың көп балалы аналары, ШҚ басшылары, жеке кәсіпкерлер,қоғамдық ұйымның мүшелері, «Ақ әжелер» ансамбілінің әншілері шақырылды.Шара барысында қонақтар тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Мерекелік кездесуді ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері ана туралы ән-жырмен көркемдеді. Дөңгелек үстелді ауыл әкімі Алия Болатқызы Успанова қорытындылап, қонақтарға алғыс айтты, оларға мерекелік сый – сияпат көрсетілді.

Луч благодарности

1 марта-в День благодарности в районном доме культуры провели праздничный концерт с участием акима района и организовали книжную выставка на тему «Казахстан- общий дом для многих национальностей». Собравшихся поздравил аким района Н.Карагойшин и вручил благодарственные письма предпринимателям Д.Ахметкалиевой, А.Бисаковой, М.Негметовой, бухгалтерам Г.Арыстангалиевой,З.Бирмановой, Н.Каюповой, У.Искаковой, водителям С.Бирманову, Б.Султашеву, работнику колледжа К.Абдрешеву, тренеру М.Азимову, работнику культуры А.Гайнуллинной. Кроме этого, в этот день организовали бесплатную раздачу хлеба, оказание бесплатных услуг парикмахера и такси.

Казахстан- общий дом для многих национальностей

1 марта-в День благодарности в районном доме ветеранов проводилось праздничное мероприятие с участием акима района Н.Карагойшина на тему «Казахстан- общий дом для многих национальностей» и на эту же тему была организована книжная выставка. В мероприятии приняли участие секретарь районного маслихата Т.Кадимов, директор районной больницы С.Исмагулова, представители разных национальностей. В ходе мероприятия выступавшие благодарили Елбасы, представителей власти, врачей, работников почты. В тот же день в медицинском кабинете дома ветеранов был организован прием врачей.

Прошла акция «Благодарю»

28 февраля в честь Дня благодарности в фойе районного дома культуры работниками районного отдела занятости и социальных программ и районного центра занятости организована ярмарка поношенных и новых вещей. Принявший участие в благотворительном мероприятии аким района Н.Карагойщин, объяснил суть Дня благодарностии и поздравил всех с праздником. Каждый сельчанин посетивший ярмарку, приобрел себе необходимое и благодарил организаторов за бесплатную помощь.

ҚазақшаРусский

баннеры

 

  Наверх