Авторизация



Главная Экспо-2017

Expo-2017

Expo2017_30 sec_kz

В ожидании ЭКСПО 2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне арналады

2017 жылдың 26 сәуір күні аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне орай ІІ аудандық жас шахматшылар мен І аудандық тоғызқұмалақшылар турнирі өтті.

Шараның негізгі мақсаты: шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын көпшілікке насихаттау, ойыншылардың деңгейін көтеру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Турнирге ауданның 6 мектебінен және мектептен тыс жұмыстар орталығынан командалары қатысты.

Кездесу өтті

11 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде актив жиыны оздырылып, оны аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев жүргізді. Басқосуға EXPO-2017 халықаралық көрмесін түсіндіру-насихаттау мақсатында облыстық кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Сатқалиев, «Skyway» компаниясы «EXPO» бөлімінің басшысы Фархад Азимов пен менеджері Перизат Мұсағалиева қатысып, басқосуға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиында Перизат Жеткергенқызы EXPO-2017 халықаралық көрмесінің маңыздылығына тоқталып, сөз сөйледі. Тұрғындар осындай ауқымды іс-шараны көру үшін EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ресми туроператоры саналатын «Skyway» компаниясы арқылы келу пакеттерін сатып ала алады. «Skyway» компаниясы ұсынатын қызметтер туралы толығырақ ақпаратты Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript сайтынан білуге болады.

«ЕХРО»- абырой мен бедел биігі

Аудандық орталықтандырылған кітапханада ақпараттық библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «ЕХРО-2017» – абырой мен бедел биігі» атты шара өткізілді. Аталмыш шараға Т.Жароков атындағы ЖББОМ оқушылары мен ұстаздар, кітапхана ұжымы қатысты. Шара барысында слайд арқылы ЕХРО тарихына шолу жасалып, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі болып саналатыны айтылды. Оқушылар тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салып, мәнерлеп өлеңдер оқыды. Сонымен қатар «ЕХРО-2017 – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» атты мерзімді басылымдардан жасақталған көрме оқырмандарға таныстырылды.

Экспо-2017

Официальный сайт Комплексной программы по реализации культурно-выставочных и спортивных мероприятий по раскрытию истории, культуры и традиций Казахстана на международной специализированной выставке ЭКСПО-2017

www.expo2017culture.kz

 

ҚазақшаРусский

баннеры

 

  Наверх