Авторизация



Главная Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания

Взгляд в будущее

Мақала

Сәл-пәл тарихи деректерге жүгінелік. Н.Савичев «Исатай Тайманов, старшина Внутренней Орды» еңбегінде: «В 1837 года в ночь с 5 по 6 ноября Исатай отпустил от Ставки с намерением ограбить аул ногайцев»,- деп көрсетеді. Ал, А.Рязановтың «40 лет борьбы за национальную независимость казахского народа (1797-1838 г.г) деген кітабында былай делінген : « В 1827 г. 22 апреля от ногайского рода, особенно враждебно настроенного против хана, на съезд прибыло 50 старшин, что весьма обеспокоило хана Жангера, опасавшего нападения со стороны ногайцев».

Осы көтеріліс сарбаздары қостаңбалы Жанназар Қасымұлы, қазанқұлақ Мәстек Ахметұлы, қояс Құлсейіт Асанұлы, үйсін Аппаз Қошайұлы туралы деректер әртүрлі деңгейдегі мұрағаттарда әлі күнге дейін сақталғаны жөнінде жазушы Ә.Сариев 1997 жылы жарық  көрген «Исатай мен Махамбет» кітабында жазып, Тәни туралы сөз қозғайды.

Оның айтуынша, Тәни балуан Түменұлы Жайық беріш, жарылғас. 1837 жылы Ригаға қара жұмысқа, одан кейін Сібірге жер аударуға кесілген. Ол 20 жолдасымен Саратов губерниясына этаппен айдалып бара жатып, күзетшілерді ұрып-жығып, қашып кеткен.Бірақ, 1843 жылы Жайықтың Бұқар бетінде қайтадан ұсталып, содан із-түзсіз жоғалған. 1834 жылы Торғын өзені бойындағы тоғыз ағаш үйден салынған саяжайда өткен «Хан тойына» қатысып, Жәңгірдің  атақты қоңыраулы Торым деген балуанымен белдескен.

Беріштің ата қонысы бұл емес деп сөз қоздатқысы келетіндер болса, былайша сұрасақ дейміз: біз көрген ауылдың үлкендері қадірлеп, қасиет тұтқан «Ағатай-Беріш» ескі зираты Ақоба мен «Кузнецтің» екі ортасында қайдан жатыр?».

Татулықты – тұрақтылықтың, тұрақтылықты – дамудың тұғыры  еткен мемлекетіміз  тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесін салтанатпен  қарсылады.  Қас-қағым қысқа мерзімде толағай табыстарға жеткен мемлекетіміз үшін марқаямыз. Елбасымыз өткен жылғы халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында  мемлекетіміздің мәңгілік темірқазығы  болып табылатын «Мәңгілік Ел» идеясын жариялаған болатын.  Кезінде бабаларымыз «Мың жылға, түмен күнге  жететін ұрпаққа  өсиетімді мәңгі тасқа бәдіз дедім» деп жазған еді. Сол өсиеттердің бірі – Тоныкөк бабамыз айтқан «Түрік жұртының мұраты –Мәңгілік Ел» деген сөзі болатын.

«Біз жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік  Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің  даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, тер төгуіміз керек» деген Елбасымыздың сөзі халқымыздың келешегінің тарихи алғышарты. Төсінде тұлпардың ізі қалған Ұлы даламыз талай тарихи оқиғаларды бастан кешті. Сүрініп құлаған, қуанып, жылаған, сын тезінде сыналған кезде ел бағына туған азаматтарымыз ұлын құлға, қызын күңге айналдырмай елдігімізді сақтап қалды. Хан біреу болғанмен халық тіреу болып, қысылтаяң кезеңдерден қаймықпай өтіп, ел тізгінін ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп табыстап кетті.  Елге қорған болған бабалар мен қамқор болған аналар армандаған тәуелсіздікті  көру пешенесіне жазылған біздер бақытты ұрпақпыз. Президентіміз арманымызды ақиқатқа айналдырды.      «Ойдағымыз болды, ортамыз толды, төбедегі келді. Ақ жолдың алдындамыз. Үлкен тілектің үстіндеміз» деп еліміз Тәуелсіздігін алған мезгілде халықтан сүйінші сұраған  Әбіш Кекілбаевша толғасақ,  Елбасының  ұлтты ұйытып, жұртты жұмылдырып, елді елдікке біріктірген сарабдал саясатын жүзеге асыруға атсалысып отырған жәнібектіктер келешегінің кемел, болашағының жарқын боларына бек сенімді.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Мақала

Өте көне замандардан бастап адам баласы бір жерге орналасқанда, өз айналасындағы қоршаған ортаға атау таға бастайды. Мысалы, өзендердің атауы  көбіне оның ағысына, тереңдігіне, түсіне байланысты қойылса, елді мекен атаулары  ландшафт, өсімдіктер әлеміндегі ерекшеліктерімен немесе қоныстанушылар өмірлеріндегі  фактілерге сәйкес беріліп отырылады. Сондықтан географиялық атаудың пайда болуы кездейсоқ құбылыс емес,тарихи себепті болады. Географиялық атаулардың сол жердің табиғатымен, тарихи ерекшеліктерімен ішкі байланысы атауды сақтап, демеуші болады. Бірақ атаудың «өміршеңдігі» тек мұнымен шектеліп түсіндірілмейді, географиялық атау  болған зат жойылып, осы территорияны мекендеген халықтар кетсе де, сол халықтың аты өшсе де, жер-су атаулары олардың орнынбасқан халық арасында да өзінің өмір сүруін жалғастыра береді».Тононимдер арқылы ұлттың этникалық шекаралары, халықтардың ертедегі көші-қон бағыттары, өлкелердің отарлануы сияқты мәселелері қалпына келтіріледі. Топонимика мәліметтері ата-бабамыздың  материалдық және әлеуметтік  тұрмыс-тіршілігінің сипатынан да хабар береді. Өңіріміздегі жер-су атаулары туралы үлкендермен әңгімелесу барысында біраз жайтқа қанықтық. «Мән бермеппін жер атына бұрын мен, Кездерім көп мән бермеуден сүрінген» деп Жұмекен ақын айтпақшы, жер-су атауларының шығу этимологиясын білу, тарихына тереңдеу, сырына үңілу, мазмұнына бойлау, мәніне зер салу, туған жердің әр тасынан сыр суыртпақтау елін сүйген әр адамның  парызы болмақ.Құйма құлақ, көкірегі шежірелі қарияларымыздың бірі, қамыстылық Айман Ғұмарова «Хантүскен» жерінің атауы туралы бізге былайша әңгімелеп берді:   «Хантүскен» жерінің о бастағы атауы «Жайылма» болса керек. Тастан байдың Ұлықпан және Жәмеледдин атты екі ұлы осы жерді қоныстанған. Табиғаты тамаша, ауасы саф, мөлдір сулы, аққуы жүзген, қаз-үйрегі қаңқылдаған дөңгелек көлдің тереңдігі сол, аттылы адам ортасына барғанда мойнына дейін су келген аттар жүзіп, осалдары батып та кететін болған. Көлдің жағасында тастан салынған ақшаңқан екі үйде ағайынды екі бай қоныстанса, көлді жағалай олардың малшы-жалшыларының киіз үйлері қаздай тізіле тігіледі екен. Аса кірпияз, шаңдоз үй иелері  қоныстарынан төрт жүз-бес жүз қадамдай жерден атты мама ағашқа байлатып, үй жанына жақындатпаса керек. Сән-салтанаты асқан байлар кісі ақысын жемейтін, жаны жомарт, қолы ашық жандар болыпты. Бұл мезгілде Кіші жүзде Жәңгір хан билік құрып тұрған еді. Савинка жағындағы Шәңгерей көлінде ханның жаз жайлауы болған. Пәуескеге сұлу атын жегіп, жанындағы атшы-қосшыларымен сол жаққа қарай тартылған «Хан жолы» деп аталатын жолмен  жайлауға бет алатын хан кезекті бір сапарында Жайылмада отырған қос байдың ауылына тоқтап, құдайы қонақ болса керек. Елдің ық жағының қалқаны, жел жағының панасы болып отырған ханға қазақы дәстүрмен табақ-табақ ас асылып, саба-саба қымыз тартылып, қошемет көрсеткен ағайындылар кейін өз қыстауларын «Хан-түскен» атапты. Осы әңгімені маған әкем, Ұлы Отан соғысының ардагері Хажымұрат Артықұлы әңгімелеп берген болатын. Маған жай айтып қана қоймай, осы жерге бірнеше мәрте ат арбамен мені апарған-тұғын.

1971-1992 жылдары осы қыстауда отбасымызбен бірге қоныстанып, мал бақтық. Ауасы өзгеше қоныста қара, сары, жасыл жусан өседі. Отар қойды айдағанда ашатұяқтының жүрген жолынан патша заманында шыққан ақшаларды көп таптық. Менің бала кезімде осы екі қыстаудың орны аппақ, биік  болып, алыстан көз тартатын, қазір орны шөгіп кетті».

Шежірелі қариялар – ағып жатқан дария іспеттес. Олар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек-ті. Қамыстылық  ақжаулықты ана, марқұм Сәуле Дәулетова – тоқсан жылға жуық ғұмырын туған жерінен табан аудармастан өткізген, қойнауы құт, суы бал, ауасы дәру туған жерінің әр тасынан тарих іздейтін жан ретінде, өткеннің хатқа түспеген тарихын түгендеушілерге топонимикалық (жер-су атаулары), ономастикалық (елді-мекен, көше атаулары), этнографиялық деректерді жалықпай түсіндіруден еш жаңылған емес. Сәуле апаның бізге айтқан әңгімесіне сүйенсек, Қамысты елді мекенінің аталу себебі өз дәуірінде осы елді мекенде қалың қопалы ну қамысы бар үлкен көлдің қаз-үйрегі сәнін келтіріп тұрады екен. Кейін
келе көл тартылып, суы сарқылып, тек селдір қамысы ған қалғандықтан Қамысты деп аталыпты. Жергілікті жердің тарихына қызығатын жеткіншектерге білгенімді баяндап отырамын деген Сәуле апа «Жаңа тұрмыс» колхозында Әлішбай  байдың жұрты болды, сол жердегі «Мәстек» қыстауы Әлішбайдың тұлпарының атымен аталса, «Домалақ» қыстауы байдың алтын көмген жерінің атауы екен деп сөзін түйіндеді.

Көнекөздердің дерегіне сүйене отырып ауданымыздағы ауылдық округтердегі жер-су атауларының шығу төркінін тарқатсақ. Борсы, Тегісшіл елді мекенінде орналасқан Борсы көлі – Ресейдің Палласовка мен Савинка аралығында жатыр. Ол бұрын «Хан көлі» деп аталған. Сол жерде «Тургун» деп аталатын өзен бар. Қазақша «Тарғын» өзені орыс тілінде осылай аталған. Өзен Саратов жерінен басталып, Еділге апарып құяды.  Тарғын өзені бойында Шәңгерей  ауылы болған.

Жыланды – Жыланның ордасы болғандықтан осылайша аталған.

Ұзынкөл ауылдық округінің оңтүстік-батысындағы он шақырым қашықтықта орналасқан  Кандивин мекені XIX ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ же-
ріне келіп қоныстанған орыс шаруасының атымен аталған.

Ақоба-Жұмат атауының шыққандығы туралы аңыз әңгімелерден екі болжам жасауға болады:Біріншісі: Мамай қорғанында тұрған Телағыс деген батыр соғыста науқастанып, еліне қайтып келе жатқанда осы мекенде қайтыс болып, жерленген екен. Халық батырдың құрметіне басына оба салады. Ол алыстан күнмен шағылысып жататындықтан «Ақ Оба» атанған. Екінші нұсқада былай дейді: Жаугершілік ықылым  заманда, ұрыста шейіт болған, ақ жуып, әрулей алмаған батырларын бес қаруымен, атымен бірге көмген екен.  Содан биік  оба пайда болған, бұл да шындыққа жанасады, өйткені осы кезге дейін ауыл адамдары бұл жерден қынсыз  қылыш, тот шалған аттың ауыздығын тауып алған. Оның үстіне осы төңіректен жойқын қақтығысты дәлелдейтін «Қан түскен» дейтін көл бар. Көнекөздердің айтуынша жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары қоястар жерге  таласып, қанды шайқас болса керек-ті.

Жұмат деген атау туралы аңызда былай делінген: Жәңгір ханның жылқышысы Жұмат жаз жайлау, қыс қыстауға көшкен мезгілде ауылдың оң жақ қапталындағы көлге аял қылып,  малын суғарып жүреді екен. Жәңгір хан он тоғызыншы ғасырда өмір сүрді десек, оған дейін бұл жер қалай аталып келді деген сұрақ жауапсыз қалады.

Тәни атауы туралы өлкетанушы Дәулеткерей Құсайынов «Тәни деген кім?» атты аудандық «Шұғыла» басылымында 2008 жылдың 18 қаңтарында шыққан мақаласында мынадай дерек келтіреді: «Ұзынкөл мен Ақобаның арасында «Тәни» деген жер бар.  Тұрақтап ел отырмағасын, қазір көп аталмайды да, жастар
жағы білмейді. «Тәни» ойконимі өткен ғасырдың басында жарық көрген «Пути торгово-промыслового движения в Букеевской Орде и в пограничных с нею местностях» деген кітапта Ақоба-Жұмат, Ұзынкөл топонимдерімен (онда «урочище» деп көрсетілген)  қатар беріледі. Яғни, ол кезде оның атағы шығып, қалың жұрт жайлаған.Енді Тәнидің кім екені туралы. Бұл есім Ығылман Шөрекеевтің әйгілі «Исатай-Махамбет» поэмасында кездеседі. Зерттеуші Б.Аманшин осы туралы сөз болғанда: «өмірде болған адам, әдебиетте, архив материалында жиі кезеседі»,-дейді.

Көтеріліс жөнінде «Хан емессің, қасқырсың» дейтіндей көлемде ғана білімі бар біздің ұрпақтың оның жалыны осы күнгі өзіміз қоныстанып отырған жерді түгел шарпығанын әлі күнге дейін толық түсіне алмайтыны: баяғы сол тарихын терең білмеуі себепті.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Жеріңнің аты – еліңнің хаты

Соңғы жылдары батысқазақстандық облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкерлері Жәнібек ауданындағы Жаңатұрмыс обасынан 1353-1354 ж.ж. Гүлстандағы теңге сарайында құйылған Әз-Жәнібек хан дәуірінің теңгесін тапты», - деп дәлелдей түскен. «Жаңатұрмыс» – қазіргі  Қамысты ауылдық округіне қарасты елді мекен. Алдында келтірілген «Жәнібек майданы» Қамысты мен Ақобаның ортасында болғанын ескерсек, обаның астынан теңгенің табылуы, сөз жоқ, бұл атырапты Әз Жәнібек хан мен Жәнібек батырдың сүрлеген жолынан хабардар етіп тұр. «Жәнібек майданы» шайқасында қазақтар алғаш рет қалмақтарға жойқын соққы беріп, жаудың бетін қайтарған. Аталған ұрыста Жәнібек батырдың ерлігі ерекше танылған. Сол батырдың құрметіне өңірдің «Жәнібек» атанып кетуі де шындыққа саяды. Ауданның көнекөз қариялары бұл нұсқаның дұрыстыққа бір табан жақындығын айтады. Ал енді жер қайысқан дұшпаннан дүйім елді құтқарған Жәңгір ханның Жәнібек есімді жылқышысы туралы миф ақиқат ауылынан тым алыс жатыр. Бұдан артық ауылымыздың аталымына байланысты дерек іздеудің қажеті бар ма екен?! Осының бәрін тарих қойнауынан алып сараптап қарағанда, Бөкей хандығы құрылмастан бұрыннан да Жәнібек жерінің адамдар есінде сақталып, бағзы замандардан-ақ енші алған бір қауым ел екендігі айқындала түседі. Бөкей хандығынан бірнеше жүздеген жыл ілгері өмір сүрген  Әз Жәнібек хан мен Жәнібек батырдың өрнек-бедері, жай-жапсарына жіті зер сала қараған жанға өлкемізден ойып тұрып орын алатынын аңғартады. Шын мәнінде Жәнібек өңіріндегі жер-су аттары бұл атыраптың ежелгі тарихымен біте қайнасып жатыр. Жәнібекке көршілес Ресейдің Палласовка ауданына есімі берілген орыс жаратылыстанушы зерттеушісі, этнограф Пётр Паллас  «Ресей мемлекетінің әр түрлі провинцияларына саяхат»  деген еңбегінде: «Сия караванная дорога называются нижнею Астраханскою. Верхняя дорога далее переходит через обе реки Узени, и от Малого Узеня простирается ик Таргуну, текущему в Волгу», - деп жазады. Зерттеушінің бұл сөзіне сүйенсек, сонау  XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғында керуен жолымен ағылған саудагерлер Жәнібек ауылына да ат ізін салып, сауда-саттық жұмыстарын жүргізген. Өйткені, аталған керуен жолы Жәнібектің үстімен өткен. П.Палластың аталмыш еңбегінен төмендегіше сөйлем жолдарын ұшыратуға болады: «Сей народ называют сам себя Каргис-Хазак. Да они и думают, что россииские казаки как свое название, так и военнодействие от них приняли». Зерттеушінің бұл жерде «Каргис-Хазак» деген сөзін қазақшалағанда  «Қырғыз-қайсақ» болып шығатыны айна-қатесіз ақиқат. Себебі, сол шақта патшалық Ресей қазақтарды «Қырғыз-қайсақ» деп атағаны ежелден мәлім. Жәнібек ауылынан 45 шақырым қашықтықтағы Ресейдің Палласовка ауданына қарасты Кайсацк селосының атауы сол «қайсақ» (қазақ) сөзімен ұштасып жатқаны ешкімге күмән тудырмайды. Осы селоның іргесінде Сармат деген атауға ие елді мекеннің бар екенін айтпай кетсек азаматтық арымызға күмән келтіргендей боламыз. Бүгінгі таңда аталған селоны мекендеуші тұрғындардың басым көпшілігі қазақтар екендігін елдің бәрі біледі. Патшалық Ресейдің сыртқы істер коллегиясының құпия істер жөніндегі тілмашы, елші Алексей Тевкелевті 1731 жылы Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына кіргенін хабарлау үшін Анна Иоановна үкіметі қазақ даласына арнайы өкіл етіп жібереді. А.Тевкелев экспедициясы Жәнібекке жақын маңдағы  Кайсацк, Вишневка селоларын басып өтіп, Жәнібек ауылының қазіргі орнында біраз күндер жұмыс істеген. Осынау тарихи оқиғаға байланысты 1985-1988 жылдар аралығында Жәнібек аудандық партия комитетін басқарған бірінші хатшы Шынбай Шарафеддинов 1987 жылы Жәнібек ауылынан 3 шақырым қашықтықтағы көршілес Ресейдің Палласовка ауданының Вишневка селосымен қатынайтын жолдың нақ ортасына: «Бұл жерде орыс елшісі Алексей Иванович Тевкелев экспедициясы жүріп өткен», - деп үлкен тақтаға ап-анық қылып жаздырып қойғанын көзкөргендер жақсы біледі.Сан ғасырлар бойы Жәнібек жұртына атақоныс болған жерлерді жоққа шығарып, «Бөкей хандығына дейін бұл аймақты Ресей патшасы қорыққа айналдыруына байланысты бос жатыпты, кейін хандық құрылған соң патша жарлығымен бөкейлікке бөлініп берілген екен», - деген қасаң тұжырым шындықпен үш қайнаса да сорпасы қосылмайды. Мысалы, алдында сөз болған зерттеуші-этнограф П.Палластың «Торгун» деген сөзі қазақша «Тарғын» сөзінің баламасы болатыны даусыз. Орыстар қазір «Торгун» деп атап та, жазып та жүрген бұл өзенге қазақтар ежелден «Тарғын» деп ат қойып, айдар таққан. Торгун (Тарғын) – орыстың  ұлы өзені Волганың бір саласы. Жәнібек ауылынан 70 шақырым жердегі Волгоград облысының Палласовка қаласына жиі қатынайтын Жәнібек ауданының жұртшылығы осы өзеннің орысша жазылған атауын қалаға кіреберісте орнатылған белгіден бірден көреді. Көзі жіті, көңілі ояу жәнібектік тұрғындар «Торгун» (Тарғын) сөзінің түп-төркіні мен тегіне мұқият назар аударып қарағанда-ақ, ең алдымен естеріне ел аузында сақталған аңыз-оқиға түседі. Аталмыш өзен қазақтың кәдуілгі «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын батырдың жылқыларын суарған суаты болған. Бұл дерек тек жұрттың айтқаны бойынша ғана зердеге тоқылған жайт десек, жаңсақтық болар еді. Оның шындыққа сәйкес келетінін Мұхтар Әуезов пен Қажым Жұмалиев сынды асқан ой иелері, сондай-ақ, басқа да оқымыстылар 1964 жылы Алматы қаласында басылып шыққан қазақтың батырлар жыры туралы еңбекте нақты жазып көрсеткен. Батырлар жыры тек қиялдан туған аңыздан ғана құрала бермейтінін, ауыз әдебиетінің де, көркем шығарманың да негізі өмірде болған, көрген, естіген оқиғаның желісімен дүниеге келіп, белгілі бір бөлігі шындықпен әр уақытта да жанасып отыратынын ескерсек, батыр мен өзеннің сәйкес келуі тосыннан пайда бола қалған жағдай емес екені бірден байқалады. Сонымен қатар, «Ер Тарғын» жырындағы кейіпкер Қартқожақтың өзін таныстыратын жерде:

Арғы атам Еркүлік,

Өзімнің әкем Қоянақ,

Мен Қоянақұлы Қартқожақ, - деген жолдарға жіті назар аударған жәнібектік өлкетанушы, журналист Дәулеткерей Құсайынов: «Арғы атам Ер Күлік, өз әкем аты Қоянақ» деген Қартқожақтың ата-жұрты, туған мекенінің қасындағы Ресей жерінде «Кулик» деген мағынасын өздері түсіндіріп бере алмайтын елді мекен барын борсылықтар шамалайтын», - деп өзінің дәлелді пікірін алға тартады. Расында да, бұл пікірдің жаны бар. Себебі, Жәнібек ауданының Борсы ауылдық округінен 5-6 шақырым жерде Ресей Федерациясының Палласовка ауданына қарасты Савинка селосының «Кулик» елді мекені орналасқан. Бағзы заманда қазақтың жері болған бұл елді мекен бертінде Ресейдің қарамағына көшкенін орыстардың «Күлік» сөзіне тілі келмей «Куликке» айналып кеткені бесенеден белгілі жайт. Ноғайлы заманына қатысты «Ер Тарғын» жырынан көрініп тұрғандай, Жәнібек жерінің ежелден біртұтас ел, дүйім жұрттың қасиетті атамекені болғаны тұп-тура аксиома екенін аңғару соншалықты қиындық тудырмаса керек.Кез келген аймақтың  жер-су атаулары  өзінің бойына  көптеген  тарихи деректерді, этнографиялық мәліметтерді,  географиялық  сыр-сипаттарды сақтап отырады. Ұлдай Рысқалиқызының Орал қаласынан 2001 жылы шыққан «Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі» кітабының  бесінші бетінде былайша  дерек берілген: «Жиырмасыншы ғасырға дейін  қаншама  тарихи оқиғаларды бастан кешсе де күрделі өзгерістерге ұшырамай, өзінің біртұтас әлеуметтік  жүйесін сақтап келген қазақтың көшпелі мәдениеті тарихи сұрыпталу  барысында өзінің тұрақты белгілерін қалыптастырды. Алдын – Шығыс, артын – Батыс, оң қолын – Оңтүстік, сол  қолын – Солтүстік деп танитын халқымыздың жер бетіндегі  кеңістік өлшемі көз жетер жермен ғана шектелмейді. Пушкинді орысша, Андерсонды  датша, Дантені итальянша, Хайямды парсыша, Сервантесті испанша  оқи білген, түрік тілінде де еркін сөйлеген, полиглот және саяхатшы, венгр түркітанушысы Герман Вамбери  XIX ғасырдың  60-жылдарында қазақ даласына саяхат жасайды. Орта Азиядағы  түркі тектес халықтардың  тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен, салт-санасымен кеңінен танысқан ол қазақ әйелінен «Сендер бір орында тұрақтамай, неге көшіп жүресіңдер?» - деп сұрапты. Сонда қарапайым ғана қазақ  әйелінің  «Біз  сендер ойлағандай еріншек емеспіз. Жер мен өлілер ғана бір орында қалады. Ал адам Ай мен Күн, жұлдыздар әлемі, жан-жануарлар  сияқты қозғалыста болу керек» -деген жауабы саяхатшыны таң қалдырыпты. Оның қазақ  даласы туралы  «Көшпелілер кеңістікті бөлмейді, кеңістікке бөлінеді»» деген пікірін де көшпенді халықтың  көне және  төл мәдениетіне  берілген биік баға деп түсінген дұрыс.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА,

ҚР Журналистер

одағының мүшесі

Медиация - дәстүрлер жалғасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырту үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деп жазған. Мақалада рухани жаңғыруға қарай жасалған қадамдардың замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртуға негізделуі тиіс екендігі айтылған.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов «Заң» газетінің 2017 жылғы 2 маусымдағы №42 санында жарияланған «Билер дәстүрі құнын жоғалтпайды» атты мақаласында «Қазіргі қазақ сотында билер дәстүрі рухани құндылығын жойған жоқ. Билердің даналық сөздері заман жаңарған сайын тот баспайтын алмастай жарқылдап, өткірлігі  мен өзектілігін күшейте түсті» деп жазған болатын. Бүгінгі судьялық биліктің түп төркіні Ұлы Далафилософиясымен сабақтасқанын соңғы жылдары билер сотының дауды бітімгершілік жолымен шешу тәсілі жаңғыртылып, қайтадан қолданысқа енгізіле бастағанынан көруге болады. Солардың алғашқы жаршысы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы болды.

«Медиация туралы» заңның  қабылдануы  дала заңдарының бастауына қайта оралу моделі, сот ісіндегі билер төрелігін жаңғыртудағы алғашқы құқықтық акті. ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген татуластыру рәсімдері туралы жаңа тарауы, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже, ҚР Қылмыстық кодексіндегі қылмыстық жауаптылықтан медиация тәртібімен татуласуға байланысты босату, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Жоғарғы сотының, облыстық соттар мен облыстық әкімшіліктердің өзара қол қойған меморандумдары медиацияның  қоғамда өз орнын алғандығын көрсетеді. ҚР «Медиация туралы» Заңы қазақ халқының әдет-ғұрпында ежелден бар билер сотының бітімгершілік дәстүрін қайта жаңғыртуға жол ашып, кеңінен қолданылу кезеңін бастады. «Сот шешіміне бір ғана тарап қанағаттанады, екі тарапты да қанағаттандыратын сот шешімі болмайды» деген ұғымды ҚР «Медиация туралы» Заңы түбегейлі өзгертті. Атап айтқанда, осы Заңның 3-бабының 1) тармақшасы дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізуді медиацияның мақсаты екендігін бекітті, яғни дауды (дау-шарды) өзара келісім арқылы реттеу жолын айқындап берді. Ал, даудың келісіммен аяқталғанынан екі тараптың да ұтары бар, ол тек қана уақыты мен ақшасы ғана емес, адами бет-бейнесі де. Дауласушылардың бәрін қанағаттандыратын келісімге қол жеткізу медиаторлардан бұрынғы би-шешендердің көрегендігін, тапқырлығын және шешендігін оқып - біліп қана қоймай, оны қазіргі заманға лайықтап қолдана білуді талап етеді. Медиацияның ерекшелігінің бірі-дауласушылардың өзара келісімге келіп, қарым-қатынастарын сақтап қалуына жәрдем жасайтындығында. Осы орайда айта кетер жайт, жақында өткізілген Жәнібек ауданының кәсіби емес медиаторларының  жалпы жиналысында кәсіпқой  емес медиаторлар өздерінің еңбектерін есепке алып, тәжірибелерін жинақтап отырған органның жоқтығы туралы және заңдағы «кәсіпқой емес медиаторлар» деген сөздің кәсіби емес негізде жұмыс жасайтын  медиаторлардың біліктілігіне нұқсан келтіріп тұр деген пікірлерін айтты.   Сонымен қатар, кәсіпқой  емес медиаторларды дайындау, оқыту, олардың біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынуы қажеттігі сөз болды. Осы жиналыстан соң алдымен медиатордың көмегімен дау-жанжалды сотқа дейін жеткізбей, өзара келісіммен де бітіруге болатыны туралы түсіндіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыра отырып, медиаторлардың  халық сеніміне ие болуына жәрдемдесу қажет деген ойлар келді. Біздің ойымызша, ауылдық жерде негізінен кәсіпқой емес медиаторлар жұмыс жасайтындықтан, халыққа жақын әрі қолжетімді оларды «Би» деп атасақ, өйткені бұл атаудың  өз тарихы бар, бұрыннан халыққа етене таныс, қолданыста бар сөз.   Кәсіби емес медиаторға деген сенімді арттырып, бітімгершілік дәстүрінің қарқын алып, кеңінен жайылуына септігін тигізер деген мақсатта ҚР «Медиация туралы» Заңының 2-бабының 2) тармақшасындағы  «Медиатор - осы Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға» деген сөздерді 2) «Медиатор - осы Заңның талаптарына сәйкес кәсіби негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға», 2-1) «Би-кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға» деген сөздермен ауыстыру туралы ойымызды талқылау үшін ортаға саламыз.

Н.ЖҰМӘЛІ,

аудандық соттың

судьясы

Еліміз үшін еңбек етейік

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ халқының өткен тарих жолдарында қалып қоймай, заманымыздағы басқа да мемлекеттермен тереземізді теңестіру үшін бізге жаңару керектігін айтты. Жаңғыру дегені ол тарихымызды артқа тастап, заман ағысына ілесіп кету дегені емес, керісінше, тарихымызды тереңінен танып, өзіміздің тегімізді, салт-дәстүрімізді сақтай отыра, заман ағымынан қалмау, яғни, дамып өркендеуіміз үшін көптеген өзгерістер енгізіп, көп жұмыстар істелуі тиіс. «Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек»,- деген болатын Елбасымыз. Мақалада «Бәсекелік қабілет» жайында қойылған мақсаттар, «Прагматизм» жайлы түсінік беріліп, іске асыру жолдары, «Ұлттық бірегейлікті сақтау» яғни ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтау керектігін, «Білімнің салтанат құруы» табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін, «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» революциялық жолдардан құтылып, эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретінін, «Сананың ашықтығы» ол тілдерді үйрену мен жан-жақты сауатты болудың ерекшелігін, осының бәрін  әр бөлімінде айқын әрі нақты айтып өтті. Елбасы таяу жылдарда іске асыруға тиісті міндеттерді тізбектеп атап берді. Бұл мақала бізге тағы да талай белестерді бағындыруға керемет бағдар деп білемін.       Мемлекетіміздің алға қойған мақсат-тарына мүлтіксіз қол жеткізетініне сенімдімін. «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді», олай болса тарих шаңына көмілмей, еліміз үшін еңбек етейік.

Сағынбек СТАМОВ,

жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық

орталықтың басшысы, аудандық

мәслихаттың депутаты

Бақ берерде елге ырыс қонады

«Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні– осы!»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым қазақстандықтарды, жарқын болашаққа қадам басқан еліміздің бірлігін бекемдеп, ұлы істер жолында ұлтты ұйыстыра білуге насихаттап келеді. Елбасымыздың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да осынау ойлар одан әрі тереңдетіле айтылып, нақты тапсырмалар, оларды іске асырудың тетіктері көрсетілген.

«Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени - генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», - деген Президент Н.Назарбаев «Туған жер» деп аталатын бағдарлама ұсынып отыр.

Подробнее...

Ел дегенде елжірей білсек

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында халқымыздың көкейінде жүрген көп сұрақты дөп басып, сананың сілкінуіне сеп болған өзекті ойымен бөлісті.Қазақстанның алға қойған мақсатының бірі – өркениетті, бәсекеге қабілетті, азаматтары сауатты әлемдегі 30 елдің қатарына ену екендігі белгілі. Елбасы осы кезге дейін тарихымызды түгендеуге негіз болған «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында» атты бағдарламалар туралы айта келе, «еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім», - деп әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап көрсетті. Ұстаздық қызмет етіп жүргендіктен білім, ұлттық сана салаларына қатысты бөлімдерге тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. Мақалада Елбасы «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» туралы өте тамаша айтты, өйткені ХХ ғасырдың басында Еуропаның алдыңғы қатарлы  елдерінің құрамына қосыла бастаған патшалы Ресей империясының 1917 жылы Ақпан буржуазиялық революциясы мен Қазан төңкерісінен кейін дамудың эволюциялық емес революциялық жолын таңдап алғаны белгілі еді. Нәтижесінде қарудың күшімен тұрғызылған империя  арада жетпіс жыл өтер-өтпестен құрдымға кетті. Ресей Федерациясы бастаған КСРО құрамындағы одақтас елдердің барлығы дамудың капиталистік жолына қайта айналып келді. Қазіргі Араб елдеріндегі, Шығыс Еуропадағы саяси жайттарды көріп, саралай отырып, революциялық-төңкерісшіл жолмен билікке келудің арты жақсылыққа апармайтындығына көзіміз жетіп отыр.

Ұлт көшбасшысының көкейге қонымды ұсыныстарының бірі – «Туған жер» бағдарламасы болып отыр. Отанның үлкен тарихы өзіміз туып-өскен өлкеден басталатындығы анық. Өзіміздің кішкене Отанымыз туған жердің тарихын білу баршаға міндет. Сайып келгенде бұл бағдарлама өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде таптырмас құрал. Бір ғана мысал, ауданға, ауылға қонақ келгенде жергілікті тарихи маңызы бар деген жерлерді көрсететіндігіміз шындық қой. Ал сол өзіңіз туып-өскен жердің тарихын білмей, сырттан келген қонақтың алдында баяндай алмай күмілжіп қалу ұят нәрсе, азаматтығымызға сын. Елбасының аталмыш мақаласы өлкеміздің тарихшыларына, тіл мамандарына тіптен өлке тарихына бейжай қарай алмайтын азаматтарға үлкен міндеттер жүктеп отыр. Елбасы тарапынан туған ел, жер тарихына қолдау болып жатқанда шетте қалу жарас-пайды деген ойдамын.

Ержан ОРАЗОВ,

Ғ.Сарыбаев атындағы ЖББОМ

мектеп-балабақша кешенінің

тарих пәнінің мұғалімі

Білім саласы жаңарады

Елбасы тәуелсіздік таңы атқаннан бастап еліміздің білім беру саласына айрықша назарын аударып келеді. Білімілімді терең меңгерген мемлекеттің ғана басқа жұрттың алдына түсіп, топ бастап, әлемдік бәсекелестікте ұшар биікке шығатынын Елбасы әу бастан бағамдаған. Сондықтан да оның өткен 25 жыл ішінде еліміздің білім беру саласын халықаралық стандарттарға сай жақындату, сәйкестендіру бағытында қаншама еңбектенгенін біз жақсы білеміз. Мемлекет басшысының үстіміздегі жылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты ел халқына арналған Жолдауында да білім саласына зор көңіл бөліп, оны дамыту, өркендету мәселесіне маңыз берген. Ел дамуының үшінші кезеңінде әлемдік бәсекеге төтеп беру үшін экономикалық жаңа модель қалыптастыру керек. Ал сол модельді жасайтын да, өркендететін де адам, осы себепті адами капиталдың сапасын жақсартып, жаңғырту қажет. Бұл мақсатты жүзеге асыру мақсатында жан-жақты біліммен қаруланған жастар керек. Елбасы аталған маңызды құжатта: «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру»-дей келе, білім мен оқыту бағдарламаларын, шәкірттің сыни ойлау қабілетін, өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігін, ақпараттық-коммуникативтік технологияға негізделген білімді, қаржылық сауаттылықты арттырып, қалыптастыруға, ұлтжандылық қасиетті дамытуға баса назар аударып, көңіл қою керектігін атап айтқан. Расында да ақпараттық - коммуникативтік біліммен қаруланған, өз ұлтын жан-тәнімен жақсы көретін ұлт-жанды, адал, таза бұлақтай жеткіншектерді тәрбиелеу ұлт келешегінің кепілі. Бұл орайда мемлекет басшысының білімді, бәсекеге қабілетті елжанды жастарды тәрбиелеп, қалыптастыру жөнінде айтқан ұсынысын өте орынды деп санаймын. Алдағы уақытта осындай үлкен мақсатты жүзеге асыру жолында еліміздегі жалпы білім беретін мектептер белсенділік танытып, еселі еңбектенетін болады.

Маңызы мен мәні зор құжатта үш тілді оқыту мәселесі де айтылды. Онда Елбасы қазақ тілінің басымдылығы сақталып, бұдан былай да дамып, өркендеуіне зор көңіл бөлінетінін жеріне жеткізе айтты. Ол, сондай-ақ қазіргі кезде ағылшын тілінің жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі екендігін, бүгінде ақпараттың 90 пайызы ағылшын тілінде жарияланатынын мәлім етті. -Ағылшын тілін меңгермей, еліміз жалпыұлттық прогреске жете алмайды, 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз,-деді Елбасы өз сөзінде. Біз де Жолдаудан туындаған білім саласының көкжиегін жаңартудағы міндеттер мен мақсаттарды басты нысана етіп, табандылықпен жұмыс істеуге ұмтыламыз.

Миранбек Ибатов,

аудандық білім беру бөлімінің басшысы

Имандылық – адамгершіліктің тұтқасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халқымызды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, жаңашыл ойлап, қоғам үшін игі іс жасауға, өн-бойымыздағы рухани құндылықты жаңғыртуға үндеді. Елімізді рухани жаңғыруға бастаған осы мақала жұртымызға парасатты ой, пайымды пікір тастады. Әлемде түрлі ұлт болса, оның өзіндік салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болатындығы сияқты, әр халықтың ұстанған діні де бөлек. Солардың ішінде мұсылмандар құрмет тұтқан ислам діні – ибалылықты, инабаттылықты насихаттайды. Ислам сөзі – «амандық, есендік, мойынсұну, бағыну, берілу» ұғымын білдіреді. Яғни, ислам амандық пен бейбітшілік діні деген сөз. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы пайғамбары жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілген. Құранда бұл турасында: «Біз сені әлемге тек рақым етіп қана жібердік», - делінген. Сан ғасырлар бойы мұсылмандар осы ерекшелікпен өздіндерін мақтан етіп, насихаттауда.

Ислам діні қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты сақтау үшін: өзгенің ақысын бұзбауға, әділ болуға, жақсы қатынас жасауға, жақсы мінезге ие болуға, мейірімді және кешірімді болуға бұйырады. Демек, ислам діні бізден үй ішінен үй тігуді немесе түрлі ағымға бөлініп, кейбір діни саяси топтың қолшоқпары болып, бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бірлікке шақырады. Осы турасында Пайғамбарымыздың мына бір хадисінде: «Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп шығудан өте қатты сақ болыңдар. Себебі, шайтан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде кім жәннаттың дәл ортасында өмір сүргісі келсе,бірге болуға мән берсін» делінген. Алайда, бүгінде жер-жерде саңырауқұлақтай қаптаған түрлі миссионерлік топтар мен дәстүрлі емес діни ағымдар алдап-арбау жолымен, идеологиялық құрал арқылы елдің бірлігіне іріткі салуда. Әсіресе, оның ықпалына көбіне жастар ұрынып жатады. Сол себепті де өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің секталардың шырмауына түспеуі үшін олардың арасында діни сауаттылық бойынша жұмыстар жүргізіп отыру қажет. Жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу бағытында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Жақсыбай ауылдық кітапханасында «Жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу –кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі» тақырыбында семинар,  аудандық кітапхананың оқу залында «Имандылық – тек сенің жүрегіңде» деген тақырыппен өткен дөңгелек үстел отырысында жастардың қатысуымен  имандылық мәселелері кеңінен ой талқысына түсті. Осындай шараларда халқымыздың ғасырлар бойы Алланың тура жолымен жүргендігі, тәуелсіз елімізде дінаралық, ұлтаралық тұрақтылықтың салтанат құрып отырылғаны атап өтіліп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанда дін қоғамнан бөлінбегенін, сондықтан да мемлекет бұл саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуден шет қала алмайды. Сондай-ақ діни сенім адамгершілік негіздерінен құралғанын және аса ірі гуманистік әлеуетке ие екендігін ұмытпауымыз керек. Біз оны қоғамның рухани құндылықтарын дамытуға, қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни экстремизмнің алдын алуға пайдалануымыз қажет» деген сөзіне сүйене отырып, ел келешегі тіліміз бен дініміздің өсіп-өркендеуіне тікелей байланысты екендігі әңгіме арқауына айналды. Шүкіршілік дейміз, ауданымызда діни ахуал тұрақты. Мешіттерімізде сауатты да білікті имамдар қызмет етуде. Жасап  жатырған жұмыстары халыққа ұнамды. Үгіт-насихат уағыздары жүйелі түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, мешіттің тек ғибадат орны ғана емес, білімнің де ордасы екендігі ескеріліп, аудан тұрғындары, жасөспірімдер үшін жұма күндері, жазғы демалыс уақыттарында дінашар, аят үй-рету курстары бойынша сауатын ашуға мүмкіндік қарастырылған. Тек, осыған ата-аналар ықылас білдірсе деймін. Әр отбасында ата-аналар, үлкендер дәстүрлі ислам тәрбиесі турасында балаларына ақыл-ке-ңес беріп отырғаны жөн. Олардың кешкілікте қайда болатынынан хабардар болуы, көшеде бейәдеп қылық танытпауын қадағалауы тиіс. Тәрбие басы – отбасыдан. Жастарымыз намазға тұрса, ата-аналар тарапынан сырттай бақылау жүргізілгені дұрыс.

Подробнее...

Рухани жаңғыру - қарышты қадам

Ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында әлеуметтік жүйеде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігі даусыз. Баршамыздың қолданып отырған электрондық жеке поштамыз бар. Ол кириллица, араб, немесе басқа емес, латынмен жазылған. Керек десеңіз, астымыздағы көлігіміздің нөмірі, жеке куәлігіміздегі әріптер де латын әліпбиімен берілген. Осындай мысалдар жетерлік. Демек, латын әліпбиі бізге таңсық дүние емес. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастап, бұл мәселені неғұрлым дәйектілікпен терең түсініп, байыппен қарау қажеттігін тілге тиек етті. Расында, тарихқа көз жүгіртсек, V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия аумағының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық қатынасы түркі тілінде жазылды. Латын әліпбиінің жазу үлгісі қазақ қоғамында 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылғандығы мәлім. Егер біз істің түбегейлі жағына үңілсек, Елбасымыздың көтеріп отырған мәселесі - тіл тазалығы. Бұл бізге не береді дер болсақ, бұдан біз ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Қазақ тіліндегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қазақ тілін оқытқан кезде басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелерді қысқартады. Ол мек-теп қабырғасынан бастап барлық жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына, халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылмақ. Латын әліпбиіне көшу арқылы ұлт мұратының жаңа бір белеске өрлеуіне, түркі тілдес халықтардың өзара тіл байланысының артуына, жаңа заман талабына сай өскелең ұрпақтарымыздың ағылшын тілін меңгеруіне зор мүмкіндік туады. Сондықтан Елбасының тіл мәселесіне қатысты ой-толғамына ынта-жігерімізбен қолдау білдіру бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе.

Г.НҰРҒАЛИЕВА,

«Алтын ұя» бөбекжайының

директоры, аудандық мәслихаттың

депутаты

Тұжырымдама рухани жаңғырумен үндеседі

Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты: қазір рухани жаңғырудың, ұлттық сананың жаңғыруының бағыт-бағдарын айқындап, Елбасымыз айтқандай, революциялық емес, эволюциялық дамитын кезең. Мемлекетіміздің жаңғыру кезеңінде мемлекет пен дін қатынасының қазақстандық үлгісін жасақтау – жаңа белестерге жол ашып, көпконфессиялы қоғамымыздың тұрақтылығын сақтаудағы маңызды қадам. Сондықтан ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұсынып отырған «Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бүгінгі күні дін аясында орын алып жатқан көкейкесті мәселелердің шешімін табуға үлкен негіз болмақ.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – дін саласын реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер ережелерін жүзеге асыру, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысатын мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жетілдіру, Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елімізде және шетелдерде әрі қарай ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау және т.б.

Тұжырымдама негізінде діни экстремизм идеологиясының қоғамда, әсіресе жастар арасында таралуы, шетелде діни білім алу, миссионерлік қызметті реттеу, жасөспірімдерді заңсыз діни қызметке тарту және өзге де маңызды мәселелер кеңінен қарастырылған. Сондай-ақ, еліміздің тыныштығын бұзатын дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы қоғам иммунитетін қалыптастыру шаралары да жан-жақты қамтылған.  Тұжырымдама мазмұны ағымдағы ахуалдың талдауы, діни ахуалдың дамуының негізгі үдерістері, дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі қағидалары мен басым бағыттары секілді мәселелерді қамтиды. Тұжырымдаманы осы тарихи кезеңде қабылдаудың да өзіндік себептері де бар.  Бір ғана мысалға тоқталсақ, бүгінгі таңда қаншама қаракөз жастарымыз өзгенің қаңсығын таңсық көріп, өз бойындағы ұлттық құндылықтарды аяқасты етіп жүр. Мысалы, діни білім алу мақсатымен шетел асқан жастарымыз дін атын жамылған жат ағымдардың идеологиясына арбалып, шетін көзқарас жетегінде кетіп жатқанына куә болып отырмыз. Сол себепті, тұжырымдама бойынша дін саласындағы мамандардың кадрлық әлеуеті, яғни азаматтарымыздың шетелдік діни оқу орындарында теологиялық білім алу тәртібі құқықтық реттеуді қажет ететіні назарға алынған. Қазіргі уақытта шетелдік оқу орнына ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы) рұқсатнамасы негізінде қабылдау туралы келісімдер жүргізіліп жатыр. Сондықтан алдағы тұжырымдама негізінде тиісті заңнамаға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жастарымызды барынша сақтандырудың кепілі болатынына сенімдіміз.

Подробнее...

Латын әліпбиіне көшу – өркениет әлеміне еркін кірігу

Елбасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылдың  12 сәуір  күні жариялаған  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласында өткенге ой жүгіртіп, бүгінгі күннің аяқ алысын саралап, келешекке көз тастап,  болашақты  бағамдады. Қазақ қоғамында шешілуі тиіс қадау-қадау  мәселелерді көпшіліктің талқысына салып, шешілу жолдарын бірлесе талдауға шақырды. Табысты болудың  басты факторы  білім десек, Елбасымыз  бәсекеге қабілетті болу үшін көп тілді білудің қажеттілігіне мысалдар келтірді. Мақалада тұтас ұлттың жігерін жанып, намысын қайраған Президент 2025 жылы латын қарпіне көшу туралы нақты тапсырмалар  берді. Бүгінде  Елбасының бұл ұсынысын  «Жаманның  сүйенгені топ пен дүрмек» (Абай) деушілерден басқа  ұлттың болашағын ойлайтын жұртшылық пен зиялы қауым өкілдері қызу  қолдауда.  1926 жылы желтоқсан айында Қазақ Атқару  Комитеті және Халық ағарту комиссариатының  ұйымдастыруымен   кеңес өтіп, оның шешімімен 1929 жылдың 1 қазанынан бастап  1940 жылға дейін  латын әліпбиінің елімізде қолданылғаны белгілі.Уақыттың қабағы мен мезгілдің ауанын тамыршыдай тап басқан ғалымдарымыз, тіл жанашырларымыз «Түбі түркі тұтас бол!» деген алаш арыстарының аманатын  арқалап, 1993 жылы  Анкарада  Қазақстан,  Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Түркия мемлекеттері ғалымдарының қатысуымен  күллі түркі жұртына ортақ  34 әріптен тұратын үлгі қабылдап,  бір-бірімен ақпарат алмасуды жеңілдету жолында даңғыл жол ашылған-тұғын. Осыған  орай Ұлттық  Ғылым академиясының  академигі  Әбдуәли  Қайдари 24 әріптен тұратын әліпби жобасын әзірлепті. Келешегі кемел жоспарды орта жолда қалдырмаған иісі түркітілдес мемлекеттердің ішінде  Қырғызстан мен біздің елімізден басқасы латын қарпін қолданысқа енгізіп те үлгерген болатын. 2007 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында латын графикасына  көшу мәселесін  қайыра қойып,  Білім  және ғылым министрлігінде  арнайы комиссия құрылып,  қазақ тілінің латын графикасындағы  бес жобасы жасалыпты.  Одан соң  Президент Н.Назарбаев 2012  жылы желтоқсан айында  жариялаған  «Қазақстан -2050» Стратегиясында да аталмыш мәселеге оралса, латын әрпіне көшудің қажеттілігіне  2013 жылы тағы да назар аударып,  Парламент  Мәжілісінің  әлеуметтік-мәдени  даму комитеті  республикалық  ғылыми конференция  өткізген екен.

Осы жерде ақтаңгер ақын Міржақып Дулатұлының өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қазақ тілінің халін сипаттаған мына  сөзі еске түседі: «Мен заманында қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе былдырлатып орысты араластырды»...

Ия, тарихымызда үш рет әліпбидің ауыстырылғанын білетіндіктен, халқымызды түп-тамырынан, тарихи жадысынан  айыруға бағытталған, жоспарланған саяси істің  салдарынан (Латын әліпбиінен кириллица  әліпбиіне көшкен тұстағы) ұрпақтар арасындағы  дәстүрлі мәдени-рухани сабақтастықтан ажырап қаламыз ба  деген алаш арысының сол кездегі  қаупін бізде бүгінгі күні  латын қарпіне көшу туралы бастама көтеріліп отырылған тұста жақсы түсінеміз. Сондықтан  2025 жылға дейін   әдебиет, мәдениет, саясат, экономика, техника  саласында жазылған мұраларымызды кириллицадан латын әліпбиіне көшіру күн тәртібіндегі өзекті мәселе болмақ.Үлкендер  үшін бірнеше ондаған жылдар бойы қолданылып келген әліпбиден қол үзу қиын болса да жастар үшін еш кедергі болмайтыны анық. Себебі бүгінде  әлеуметтік желі арқылы бір-бірімен латын қарпінде пікір алмасатындардың дені жастар екенін білеміз. Жас буынға тіл үйренуде де кедергінің болмайтындығын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Латын әліпбиіне көшу арқылы біріншіден, түркітілдес елдер арасындағы  әріп кедергісін жойып, мәдени қатынастардың тамырын бекітіп, ғылым мен білім саласында өзара байланысты нықтап, бауырлас елдермен ортақ тарихи құндылықтарымызды терең жаңғыртып, әлемдік қоғамдастыққа кедергісіз кірер едік. Екіншіден, бір атадан жаралған, бір ананың ақ сүтінен нәр алған түркі халықтарының бірлігі нығая түсіп, ана тіліміз әлемдік қоғамдастық  қажет етіп отырған  заманауи ақпарат тіліне айналар еді.

Подробнее...

«Қай кезде де ұлт мүддесі тұтастықпен алға асқан...»

Елбасы Н.Назарбаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын зер сала оқып шықтым. Дүниежүзілік жойқын дағдарыстар әбжыландай шалт қимылдап, дүбірге толы дүние-нің апшысын қымбатшылық, жұмыссыздық, инфляция қыспағымен құрсауға алып, жер-жерде террорлық актілер халықтың үрейін ұшырып, рухани тұрғыдан жұтаңдану көріністерінің көңілге қаяу түсіріп отырған  уақытында жаһанданудың ықпалында ұлт ретінде жұтылып кетпеудің қамын әр мемлекет ойластырып отырғаны белгілі.  Әлемде болып жатырған осынау жағдайлардың тұсында Елбасымыздың мақаласында айтылған мына бір жолдар ойландырмай қоймайды екен.«Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ол ұлттық кодыңды сақтай білу.

Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі керітартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені –өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді».Шын мәнінде отаншыл рухты бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті, білімді, саламатты өмір салтын ұстанатын, ұлттық мүддені жоғары қоятын, білікті, сауатты, тәрбиелі азаматтардың бәсі қашанда биік болмақ.

«Әрине, әр адамның өз ата тегіне, бабаларының тарихына,   олардың өнегелі істеріне тамыр жіберуі қажет.  Онсыз біз ана  тілі мен рухын, басқа ұлттың тілі мен рухына айырбастаған, өзінің түпкі тамырын, баба тарихын мойындамай, бірден «әлем азаматы» биігіне көтеріле салғысы келіп жүрген қазіргі космополиттеріміздің қатарына жақындаймыз. Бірақ, мәселе айқын. Сіздің өз ата-бабаңыздың, өз руыңыздың тарихына деген құлшынысыңыз бен құштарлы-ғыңыз бүкіл халықтық, бүкіл ұлттық ортақ мүддемізге кедергі жасамауы және оған көлеңке түсірмеуі шарт.

Сорымызға қарай, осы ұлттық ұстанымға мүлде назар аудармайтын адамдар көбейді. Қазіргі кезеңде рулық мүдделердің жазылмаған заңға айналғаны соншалық, кей жерлердегі басшылық қызметтегілер және еліміздегі  кәсіпкерлердің едәуір бөлігі қарамағындағы орындарға негізінен өз руластарын ғана тартатын мінез қалыптастырды. Ұлттық бірлікке сына қағар осы қауіпті бағытты тоқтата алмасақ – азаматтығымызға, елдігімізге сын»,-деген Қазақстанның халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шахановтың Елбасы ойымен орайлас сөзінің мән-мазмұны да тарихи тамырыңнан қол үзбей отырып, өркениет көшінің өресінде өз орныңды нықта дегенге саймақ.

Қабаш ЖҮНІСОВ,

ардагер ұстаз,

Қазақ КСР Халық

ағарту ісінің үздік қызметкері

Сананы жаңғырту қажет

«Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын зер сала оқыдым. Мақала бағыты айқын да түсінікті болуымен көңілімнен шықты. Мемлекет басшысының бұл мақаласын өз басым қазақ ұлтына Жолдауы ретінде қабылдаймын. Мақалада айтылғандай, көптеген дамыған мемлекеттер нақ осындай жолды бастан кешті. Мәселен, Қытайда өзіндік мәдени революция болды. Олар шыдамдылығының нәтижесінде технологиясы дамыған мемлекеттің біріне айналды. Ал осындай өзгерістер жасаған түріктер мен жапондар қазір мәдени құндылықтары күллі дүние жүзіне танылған бірегей елдердің қатарына енді. Бұған бұл елдер халықтың озық дәстүрі мен салт-санасын, менталитетін сақтау арқылы жетіп отыр. Жаңару мен жаңғыртуды сананың жаңғыртуынсыз жүзеге асыру да мүмкін емес. Парасатты, байыпты ел экономикалық және саяси өрлеуге жетеді. Бізге ұлттық мәдениетке жетудің ашық, тура жолы қажет. Бұл үшін елдің іс-жоспар шарасын осы бастан қамдауымыз қажет.

Бекет Әліпқалиев,

Жәнібек аудандық қоғамдық

кеңестің төрағасы

Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы

20 қыркүйек күні Ұзынкөл ауылында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауданда атқарылған жұмыстар барысын талқылау мақсатында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы оздырылды.

«Болашаққа бағдар: туған жер тарихы және жастардың кемел келешегі» мега жобасы аясында

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында Жәнібек ауданы жастары арасында бастау алған «Болашаққа бағдар: туған жер тарихы және жастардың кемел келешегі» мега жобасы аясында 18 қыркүйек күні Жәнібек ауылының жастары Қамысты ауылына барды. Мега жобаның бағдарламасы бойынша ауылға келген жастар ауылдағы Е.Ниеткалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, дөңгелек үстел өткізді. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

«Болашаққа бағдар: туған жер тарихы және жастардың кемел келешегі» атты мега жобасы

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында Жәнібек ауданы жастарының арасында «Болашаққа бағдар: туған жер тарихы және жастардың кемел келешегі» атты мега жобасы бастау алды. 18 қыркүйек күні Жақсыбай ауылының жастары Борсы ауылына келіп, жобаның бағдарламасы бойынша ҰОС ардагерлерінің ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойып, дөңгелек үстел өткізді. Басқосу соңы мерекелік концертке жалғасты.

Қоғамдық сананы жаңғырту-өзекті іс

18 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті. Конференцияның күн тәртібіне сәйкес Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру негізінде ауданда атқарылған жұмыстар туралы аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов баяндама жасады. Баяндаманы талқылауға Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағасы Алтай Бақтығалиев, «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Сағынбек Стамов қатысты.

Акция аясында

«Рухани жаңғыру» жалпы республикалық жастар акциясы аясында Жәнібек ауданының бір топ белсенді жастары жалғызбасты Қанапия әжейдің үйіне барып үй ішін жинастырып, ауласын тазалап көмек көрсетті.

«Жас Отан» жиыны

12 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Жәнібек аудандық бөлімшесінің съезд алды жиналысы оздырылды. «Жас Отан» Жастар қанатының Жәнібек ауданды бойынша жетекшісі Сағынбек Стамов жинынға қатысушы жастарды күн тәртібемен таныстырды. Күн тәртібіндегі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданда жастармен атқарылған және атқарылатын шаралар, «Жас Отан» Жастар қанаты Жәнібек аудандық бөлімшесінің атқарған жұмысы туралы мәселелер тыңдалып, талқыланд . Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде «Жас Отан» Жастар қанаты БҚО-да өтетін съезге «Жас Отан» Жастар қанаты Жәнібек ауданды бойынша жетекшісі Сағынбек Стамовтың кандидатурасы бірауыздан бекітілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында 7 қыркүйек күні ауданға жастардан құрылған Казталов ауданының «Ғұмар Қараш ізімен» атты тарихи-туристік экспедициясы келді. Экспедиция мүшелері Жәнібек колледжінде, Т.Жароков атындағы ЖББОМ-нің, №1 мектеп-лицейінің жанындағы және аудандық мұражайларында болып тарихтан сыр шертер жәдігерлермен танысты. Шара барысында екі ауданны жастарының қатысуымен «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» атты дөңгелек үстел оздырылып, Ғ.Қараш туралы фильм көрсетіліп, ақын өлеңдерін жеткіншектер үзінді оқыды. Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінде қазталовтық өнерпаздар жәнібектіктерге «Туған жерім –аяулы алтын бесігім» атты концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Алаштың ардақты ұлдары

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және Алаш қозғалысының 100 жыл толуына орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Алаш және Тәуелсіз Қазақстан» атты тарихи сағат өтті. Оған Жәнібек колледжінің 2 курс студенттері қатысты. Шара барысында «Алаш алыптары», «Мұстафа Шоқай-күллі түркі дүниесінің бірлігі үшін күрескен тұлға» атты видео слайд көрсетіліп, «Алаштың ардақты ұлдары» атты баяндама оқылды. Кітапхананың белсенді оқырмандары алаш арыстарына арнаған ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар шарада «Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің тарихына – 100 жыл» атты кітап көрме – инсталляциясы оқырмандар назарына ұсынылды.

Подробнее...

Туған жер табиғатында

6 қыркүйек күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Борсы ауылдық округінің патриот жастары ауылдығ тарихи жерлерімен, сұлу табиғатымен танысу мақсатында ауылдың батыс бағытындағы Ғұмар Қараш бейітінің басына барып тазалық жұмыстарын жүргізіп, экспо-тур ұйымдастырды.

Туған жерге арналады

Аудандық мәдениет және демалыс саябағындағы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Талов ауылдық округі көркемөнерпаздарының «Туған жер – алтын тұғырым» атты концерттік бағдарламасын өтті. Шара барысында туған жерге, ауылға, Астанаға арналған әндер шырқалды.

Ауданымыздың қасиетті, киелі жерлерімен танысты

Жәнібек ауданына Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Қазақстанның киелі географиясы» жобасына енгізілетін ауданымыздың аумағындағы қасиетті, киелі жерлерді көріп, зерттеу мақсатында Астанадан «Қасиетті Қазақстан» орталығының республикалық экспедиция тобының мүшелері Анар Екимбаева, Арайлым Рахмберді және облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мерболат Ерсаев бастаған бір топ музей қызметкерлері келді. Аталған экспедиция тобын Жақсыбай ауылында аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, Жақсыбай, Борсы ауылдық округінің әкімдері Алмат Қаратаев, Айгүл Бекқалиева қарсы алды. Біздің ауданға жұмыс сапары барысында экпедиция тобы ауыл ақсақалдарымен, шежірежілерімен және жергілікті тарихшылармен кездесіп, Борсы, Ұзынкөл ауылдарындағы Ғ.Қараш, Әтеш ата зираттарына тәу етті.

«Туған жер – алтын тұғырым»

Жәнібек ауылының тұрғындары мен қонақтары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық мәдениет және демалыс саябағында 25 тамыз күні өткен Тау ауылдық көркемөнерпаздарының «Туған жер – алтын тұғырым» атты концерттік бағдарламасын тамашалады. Шара барысында Тау ауылдық округінің тыныс тіршілігі туралы бейне ролик көрсетілді.

Абай -адамзаттың ақыны

Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді. Осы орайда Ұзынкөл ауылдық кітапханасында ауыл жастарымен "Абай -адамзаттың ақыны" атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұлы ақыннның өмірін баяндайтын слайд көрсетіліп, "Абай шығармашылығы", "Абай қара сөздері" атты баяндамаларын оқып, өлеңдері оқылды. Шара барысында "Абай мұрасы - халық ұлағаты" атты кітап көрмесі таныстырылды.

«Адам және құқық» тақырыбына дөңгелек үстел оздырылды

Тау модельді ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесі аясында «Адам және құқық» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Оған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, БАҚ өкілі, мәдениет қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарымен қатысты.Шара барысында «Өмірден алары бар» атты бейне сюжет көрсетілді. Шарада соңында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Қуаналиев мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті құрал жабдықтар табыстады.

Әдеби сазды кеш өтті

Күйгенкөл модельді ауылдық кітапханасында Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Мен Абайды оқимын» тақырыбында әдеби сазды кеш оздырылды. Кеште «Қазақ даласының сұңқары Абай Құнанбаев» тақырыбында слайд көрсетіліп, ақынның өмірбаяны мен шығармалары таныстырылып өтті. Оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, әндерін хормен орындады. Шара соңында қатысқан белсенді оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.

«Мен Абайды оқимын!»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тау модельді ауылдық кітапханасында Абай Құнанбайұлының туған күніне «Мен Абайды оқимын!» тақырыбында поэзия кеші өткізілді. Шараның мақсаты- Абайдың өмірі мен шығармаларын, келер ұрпаққа қалдырған өсиеттерін балалардың ой-санасына сіңіру.Кешке шақырулы қонақтар, кітапхана оқырмандары, мәдениет қызметкерлері мен оқушылар қатысты.

«Туған жер - алтын бесігім»

Орал қаласы күніне орай өткізіліп жатырған «Туған жер» ауданаралық өнер фестивалі аясында қала тұрғындары мен қонақтары 19 тамыз күні Қадыр Мырза Әлі атындағы орталықтың амфитеатрында Жәнібек ауданы өнерпаздарының «Туған жер - алтын бесігім» атты концертіік бағдарламасын тамашалап, ауданнның жетістіктерімен танысты.

Туған жерге құрмет

18 тамыз күні Күйгенкөл ауылының белсенді жастары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін білдіру, табиғатқа құрметпен қарау мақсатында «Үштамақ» сайына сенбілік ұйымдастырды.

Саяхат ұйымдастырылды

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында Күйгенкөл ауылының жастары көрікті тарихи жерлерді аралап, тарихимен танысу мақсатында экспо тур ұйымдастырды. Ауыл жастары Жасқайрат бөгетінде болып,бөгет тұрғызғанда басы-қасында болған Сапаров Қауметтен бөгет тарихы жайлы сұхбаттасты. Шара барысында бөгет айналасына сенбілік жасалды.

Туған жер сені қосам әуеніме

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында « Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік ,патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Осы орайда ерекше тарихы бар Тау ауылына 15 тамыз күні облыстық Қазақстан Орал телеарнасының редакторы, журналист Өтеғалиева Тәтті Мақсотқызы «Өскен өңір» бағдарламасы негізінде ауылдың тыныс тіршілігімен танысып, еңбектері сіңген ауыл азамат- азаматшаларымен сұхббаттасу мақсатында ат басын тіреді. Кездесу кеші ауыл мәдениет қызметкерлерінің арнайы дайындаған «Туған жер, сені қосам әуеніме» тақырыбындағы сазды кешімен қортындыланды.

Туған жермен танысу

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жақсыбай ауылынан шыққан патриот жастар шағын Отанымызды гүлдендіріп, ауыл жастарына өңіріміздің тарихи жерлерін, сұлу табиғатын көрсету және оны құрметтеу мақсатында ауылдың батыс бағытындағы Көшек жеріне 16 тамыз күні экспо-тур ұйымдастырды. Тур барысында ағылымы мол тарих қойнауында жатырған жерлерімізді болашақ ұрпаққа таныстырып, насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Туған жер

Ұзынкөл ауылдық округінің жастары «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламсы аясында 13-15 тамыз күндері Күйгенкөл, Қамысты ауылдық округтеріне гастрольдік сапармен барып, "Туған жер - алтын бесік" атты концерттік бағдарламаларын тарту етті. Аталған шараның мақсаты ауылдық округтермен достық қарым-қатынасты нығайту және туған жерге, елге деген патриоттық сезімді ояту.

Ақынға арналған кеш

Қамысты модельді ауылдық кітапханасында ауыл тұрғындарының қатысуымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М. Шахановтың – 75 жас толуына орай «Ұлттық санаға терең тамыр жіберген ақын» жыр кеші оздырылды. Кеште қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулуда «Рух мектебіндегі мұң», «Төрт ана» , «Ғашықтық ғаламаты» өлеңдері оқылып, «Кешікпей келем деп ең», «Туған күн кешінде», «Лаула, даула желтоқсанның алауы!» әндері орындалды. Шараға орай жасақталған «Ұлт рухының шырақшысы» тақырыбында көрмеге шолу жасалды.

Абай – дана Абай – дара қазақта

10 тамыз күні аудандық балалар кітапханасында оқырмандардың қатысуымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 172 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында әдеби слайд кеші өтті. Шараға қатысушы оқушылар ақынның «Білектей арқасында өрген бұрым», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Қыс», «Жаз», «Ғылым таппай мақтанба», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып берді. Кеште «Абай – дана, Абай – дара қазақта» слайды көрсетіліп, «Абай – дара қазақта» кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханашылар шараға қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармаларынан викториналық сұрақтар қойып, нәтижелі жауаптар алды.

Туған жерге тарту

Жәнібек ауылының тұрғындары мен қонақтары Елбасының «Болашаққа бпғдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық мәдениет және демалыс саябағында 4 тамыз күні өткен ұзынкөлдік көркемөнерпаздардың «Туған жер – алтын тұғырым» атты концерттік бағдарламасын тамашалады.

Туған жер табиғаты

Қамысты ауылдық округінің патриот жастары «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл жастарына өңірдің тарихи жерлерін, сұлу табиғатын көрсету және оны құрметтеу мақсатында ауылдың Насосный қыстағында орналасқан станциясына экспо-тур ұйымдастырды. Шара барсында станция айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл станция 1975 жылы пайдалануға берілген, 2004 жылы күрделі жөндеуден өткен, өнімділігі 5400 м3, электр энергиясын тұтыну қуаты 315 кВт.

Туған жер-алтын тұғырым

28 шілде күні аудандық мәдениет және демалыс саябағында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы орай «Туған жер- алтын тұғырым» атты концерттік бағдарлама өтті. Көрермендер алдымен «Жайсаң ел, жан жұмағы-Жәнібек» атты кітап көрмесін тамашалады. Шара барысында туған жерге арналған әндер шырқалды.

Батыр қызы елінің

26 шілде күні аудандық балалар кітапханасында «Болашаққа бағдар» мақаласының, «Туған жер» бағдарламасы аясында Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай «Ерліктен өмір гүл атты» тақырыпта тарихи-танымдық кеш оздырылды. Оған «Балдаурен» лагерінің демалушыларымен кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында қатысушыларға «Ержүрек қыз ұмытылмайды» атты бейнеролик көрсетіліп, «Батыр қызы сен халқымның» атты кітап көрме таныстырылды.

Туған жерге саяхат

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақоба ауылынан шыққан патриот жастар шағын Отанымызды гүлдендіріп, ауыл жастарын өңіріміздің тарихи жерлерін, сұлу табиғатын көрсету және оны құрметтеу мақсатында ауылдың солтүстік шығысында орналасқан Нысан бөгетіне экспо-тур ұйымдастырды.

Конференция өтті

10 маусым күні Борсы ауылында «Туған жер» бағдарламасы аясында және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына» орай «Қараңғылықтың түнегін түрген шамшырақ» атты аудандық конференцияның оздырылды. Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов жүргізді.Оның жұмысына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ғұмар Қараштың есімін халыққа танытуда өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бері жұмыстанып, басына белгі қою ісіне ұйытқы болған Амангелді Уәлиев, Борсы ауылының ардагер ұстазы, ақын өлеңдерін жеткіншек ұрпаққа насихаттап жүрген Тамара Бекбосынова, ардагерлер, жастар қатысты. Конференция алдында шараға қатысушыларға «Айбынды Алаш арыстары» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Атты жорыққа аттанды

8 маусым күні ауданының орталығында «Туған жер» бағдарламасы аясында және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай еліміздің тәуелсіздігін аңсап, азаттық жолында күрескен жерлесіміз, ғұлама ойшыл, ақын, ұлт зиялысы Ғұмар Қараштың кіндік қаны тамған жері Борсы ауылында өткізілгелі отырған «Қараңғылықтың түнегін түрген шамшырақ» атты аудандық конференцияның аясында атты жорыққа аттанғалы отырған жерлестерімізді шығарып салу салтанаты оздырылды. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев Ғұмар Қараштың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Содан соң аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлы өткізілгелі отырған шаралардың бүгінгі тұсаукесер рәсімімен жиылған жұртшылықты құттықтады. Шараға қатысушылар «Алаш идеясы – қазақ идеясы» атты көрме инсталациямен таныстырылды. Жорыққа аттанушыларды ақ бата беріп шығарып салды.

Туған жер бағдарламасы аясында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының аясында Жәнібек колледж студенттерімен ардагерлердің кездесуі өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Мырзағалиұлы, осы колледждің ардагер ұстаздары, ардегерлер ұйымының белсенді мүшелері Кабаш Жүнісұлы, Меркен Мұстахұлы, Ерсайын Фазылұлы қатысты. Шара барысында колледждің тарих пәнінің мұғалімі М.Ефремова баяндама жасаса, ардегерлер өздерінің жастарға ақыл-кеңестерін айтып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Қыран қызы қазақтың

17 мамыр күні аудандық орталықтандырылған кітапханада «Болашаққа бағдар» мақаласының, «Туған жер» бағдарламасы аясында Жәнібек топырағынан Ұлы Отан соғысына алынған Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 95 жасқа толуына орай «Қияда қанаты талмаған Хиуаз» атты танымдық шара оздырылды. Алдымен продюсер Мұрат Жәкібаевтің қанатты қыз туралы түсірген фильмі көрсетілді. Жергілікті облыс ақыны, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Мұнайдар Балмолданың Хиуаз Доспановамен сұхбаты негізінде жазылған «Қазақтың қанатты қызы» атты мақаласы негізінде және батыр қызға қатысты басқа да деректер кешке қатысушы Жәнібек колледжінің студенттері мен №1 ЖББОМ-ның оқушыларына жан-жақты ашылып слайд негізінде түсіндірілді. Ақпаратты-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен батыр қыздың өмірінен сыр шертер көркем әдебиеттерден жасақталған кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақаланы талқылады

2 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқтарын қорғау комитеті “Ұлттық сараптама орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Жәнібек аудандық бөлімшесінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ұжым болып талқылады

Мақала талқыланды

25 сәуір күні аудандық мәслихат аппараты ұжымында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды. Мақала бойынша мәслихат хатшысы Т.Кадимов қысқаша баяндама жасап, мақаладағы әр бөлімге тоқаталып қысқаша түсінік берді. Ұжым қызметкерлері өз кезектеріндк ойларымен бөлісті.

Алда атқарылар жұмыстар көп

26 сәуір күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын А.Оразбаева мектебінің ұжым талқылады. Шарада директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дулат Закарин Мақсотұлы мақаланың мақсаты мен міндеттерін, басым бағыттары туралы айтып, мұғалімдер қауымына да артылар жүктің аз емес екендігін баяндады. Өз сөздерінде жарыссыөзге қатысушылар латын әліпбиіне көшу, патриотизмге тәрбиелеу, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Шара қорытындысында мектеп ұжымы Елбасының мақаласын бірауыздан қолдап, осы бағыттағы жұмыстарды жұмыла атқаратындықтарын айтты.

Подробнее...

Спортшылар мақаланы талқылады

25 сәуір күні аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ұжымдарында талқылады. Мақала бойынша мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Салихова хабарлама жасады. Ұжым қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, мақаладағы жобалардың жүзеге асырылуын қолдайтындықтарын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру (rar, 1.5 Mb)

Округтердегі кездесу

21 сәуір күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Ақоба және Ұзынкөл ауылдық округтерінде «Туған жер-алтын бесік» атты кездесу және « Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» түсіндіру мақсатынд мектеп бітіруші түлектерімен, жастармен кездесу өтті.

Фракция отырысы оздырылды

19 сәуір күні Жәнібек ауданы әкімдігінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы депутаттық фракция отырысы оздырылып, оған мәслихат депутаттары қатысты. Басқосуда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туралы аудандық мәслихат депутаты Гүлмира Нұрғалиева баяндама жасап, баяндаманы талқылауға аудандық мәслихат депутаты, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сағынбек Стамов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Нұртай Зайнуллин қатысып, сөз сөйледі.

Елбасының мақаласын талқылау

18 сәуір күні А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылады. Шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дулат Закарин Мақсотұлы мақаланың мақсаты мен міндеттерін, басым бағыттары туралы айтып, мұғалімдер қауымына да артылар жүктің аз емес екендігін баяндады. Жарыссыөзге қатысушылар латын әліпбиіне көшу, патриотизмге тәрбиелеу, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Шара қорытындысында мектеп ұжымы Елбасының мақаласын бірауыздан қолдап, осы бағыттағы жұмыстарды жұмыла атқаратындықтарын айтты.

Елбасының мақаласы талқыланды

19 сәуір күні Жәнібек ауданы әкімдігінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау бойынша жиын өткізіліп, оны аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев ашты. Жиынға КазИИТУ білім-ғылым кешенінің ректоры Әліби Баяхов, КазИИТУ білім-ғылым кешені аудит тобының басшысы Айболат Сейтақов, «Ресей ғарыш» журналының тілшісі Валентина Полетаева қатысып, Елбасының мақаласынан туындайтын жайттар мен «Батыс Қазақстанның зымыран тарихына-70 жыл» тақырыбының шеңберінде мәліметтермен бөлісті.

Бірыңғай республикалық күні өтті

20 сәуір күні аудандық ардагерлер үйінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға бағытталған Бірыңғай республикалық күніне орай дөңгелек үстел оздырылды. Оған ардагерлер, жастар, қоғамдық келісім кеңесінің, аналар кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты. Шараға қатысушылар өз ойларымен бөлісіті. Осында шара барлық ауылдық округтерде де өтті

Актив жиыны оздырылды

14 сәуір күні Жәнібек ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Н. Қарағойшиннің төрағалық етуімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған актив жиналысы оздырылып. Оған дербес бөлімдер мен мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында Наурызбай Қадырбайұлы баяндама жасады. Жиында аудан әкімі Елбасы ұсынған рухани жаңғыру идеясын жүзеге асыру мақсатында ауылдық округ әкімдеріне, аудандық ішкі саясат бөліміне, аудандық білім беру, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қабаш Жүнісов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нұралиев сөз сөйлеп, мақалаға байланысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Актив жиынын аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қорытындылады.

ҚазақшаРусский

баннеры

 

  Наверх