Орыс тілінде «Пушкин көшесіне» қатысты балалар санамағы бар. Ол неге  есіме түсе қалды? Әңгімені әріден бастайын. Алдымен, қадірлі оқырман,  сізге мына сұрақты төтесінен қойғым келіп отыр. Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сомасын білесіз бе? Зейнетақы шотыңыздан үзінді-көшірмені соңғы рет қашан алып едіңіз? «Мұның барлығын не үшін сұрап отыр? – деп, ойлап қалуыңыз мүмкін. 

Қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екі мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгілі. Ол кезде енді-енді жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ.

Әрине, барлығымыз да шартқа өзіміздің пошталық мекенжайымызды көрсеттік. Ол кезде электрондық пошталары бар адамдар саусақпен санарлық болатын. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған кезеңнен бері салымшылардың көпшілігі өздерінің жеке деректемелерін өзгертуге асықпады. Қорға келіп, дерекқордан өздерінің мекенжайын, телефон нөмірін тексеріп те жатпады.    

«Жұмыс беруші аударып жатыр ғой. Демек, барлығы да дұрыс» - дегендер де болды. Жасыратыны жоқ, көпшілігіміз әлі күнге дейін бұрынғы дағдылы әдіспен, жинақтарымыздың жай-күйі туралы деректерді пошта байланысы арқылы аламыз. Ал уақыт бір орнында тұрмайды. Бүгінде адамдар өмір ағысына қарай, бұрынғыға қарағанда жиі көшіп-қонатын болған.

Сол үшін де көпшілігіміздің мұндай конвертті көрмегенімізге бірнеше жылдың жүзі болып қалғанын жоққа шығаруға болмайды.  

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (шетелдіктердің қатысуынсыз) шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну бойынша конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа келесі жер телімдері шығарылады:

Жер телімінің,лоттың №

Ауылдық округатауы

Барлық жер көлемі га

Жалға беру мерзімі, жыл

Жер телімінің пайдалану мақсаты

1

Борсы

800

10

Ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін

2

Жақсыбай

500

10

Ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін

3

Күйгенкөл

700

10

Ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін

4

Қамысты

800

10

Ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін

5

Ұзынкөл

700

10

Ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында, жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурс қорытындылары шығарылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жарияланады.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурстық комиссия отырысын өткізуден үш күн бұрын – 2017 жылғы 6 қазанда аяқталады. Қатысушылардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы Ғ.Қараш көшесі, №63 үй мекенжайда орналасқан «Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ (2 қабат) жүргізіледі.

Конкурсқа қатысушылардың конверттерін ашу және конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы  2017 жылғы  9  қазанда  сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы Ғ.Қараш көшесі, №61 үй мекенжайда орналасқан Жәнібек ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында өтеді.

Конкурсқа байланысты қосымша деректерді (қатысу шарттары, конкурстық құжаттама және т.б.) Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы Ғ.Қараш көшесі, №63 үй мекенжайда орналасқан «Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ (2 қабат) алуға болады.

Байланыс телефон: 8(711-35) 2-23-55

 

Конкурстық комиссия

1. Жалпы ережелер

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  -Елбасы Қоры тағайындаған әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығын (бұдан әрі «Сыйлық» ) беру тәртібін белгілейді.

2. Сыйлықтың мақсаты – қазіргі заманғы Қазақстандық әдебиетті дамыту, қолдау көрсету және насихаттау.

3. Байқаудың міндеттері:

1) жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас Қазақстандық қаламгерлерді анықтау және көтермелеу;

2) тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қолдау көрсету;

3) қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.

4. Сыйлық құрылтайшысы мен ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры (бұдан әрі Сыйлық құрылтайшысы немесе Н.Назарбаев Қоры.)

Сыйлықты тағайындау байқауын өткізудегі Жоба серіктестері:

Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

5. Сыйлық байқау негізінде төмендегідей номинациялар бойынша тағайындалады:

  • «Жылдың үздік прозасы»;
  • «Жылдың үздік поэзиясы»;
  • «Жылдың үздік драматургиясы»;
  • «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;
  • «Туған ел» тақырыбындағы үздік әдеби туынды.

6. Әрбір номинация жеңімпазына әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» Сыйлығының лауреаты атағы және 1 миллион теңге қөлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Туған жер» арналған тақырыптық номинация жеңімпазына беріледі.

 

2. Өткізу тәртібі

Байқаудың басталғандығы туралы хабарландыру Н.Назарбаев Қорының сайтында www.fpp.kz және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Шығармалар 2017 жылғы 1 шілдеден мен 1 қарашаға дейінгі аралықта қабылданады.

Байқау қорытындысы 2017 жылы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жарияланады.

 

3. Сыйлыққа әдеби туындыларды ұсыну тәртібі

1. Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады.

2. Бір автор екі номинацияға қатысуға құқылы.

3. Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:

1) байқауға бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады;

  • байқауға бейнормалық қолданыстағы сөздер кездесетін, этикалық нормалар мен авторлық құқықтар бұзылған шығармалар қабылданбайды;
  • шығарма А-4 форматында, мәтін 14 көлеміндегі Times New Roman шрифтімен 1,5 аралықта теріліуі керек. Мәтіннің көлемінеқойылатын шектеу :
  • проза үшін – 35 беттен кем емес;
  • поэзия үшін – 5 беттен кем емес;
  • драмалық шығарма үшін – 30 беттен көп емес;
  • балалар әдебиеті үшін – 25 беттен көп емес;
  • «Туған ел» тақырыбына арналған түрлі жанрдағы әдеби шығарма ( проза – 35 беттен кем емес; поэма – 5 беттен кем емес; драма – 30 беттен көп емес; балалар шығармасы – 25 беттен кем емес; )
  • Байқауға жіберілетін өтінім «Алтын тобылғы» деп белгі қойылып бір конвертпен мынадай тәртіппен жіберілуі керек:

Конвертке бөлек салынатындар 1) автордың аты-жөні көрсетілмей бір данада басып шығарылған шығарма, 2) автордың өзі туралы мәліметтер осы конверттің ішінде жеке конвертте болуы тиіс: аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, e-mail.

4. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, А.Букейханов көшесі, 10 үй, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мекенжайына және Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

5. Байқауға қатысуға өтінім бере отырып, автор:

1) өзінің авторлығын растайды;

2) Сыйлық ұйымдастырушыларына шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, Ұйымдастырушының ұйғарымы бойынша жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсатын береді;

3) авторлық гонорарды талап етпейді.

6. Қабылданған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

7. Жұмыстарды Байқауға жіберумен және салтанатты марапаттау рәсіміне қатысумен  байланысты шығындарды қатысушылар өздері өтейді.

 

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

1. Қолжазбаларды бағалау және Сыйлық жеңімпаздарын ақын-жазушылардан, баспа өкілдерінен, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестері өкілдерінен жасақталған (7 адамнан кем емес) Қазылар алқасы жүзеге асырады.

2. Қазылар алқасының құрамы мен Төрағасын Сыйлық Құрылтайшысы бекітеді.

3. Қазылар алқасының сыйлық талаптарына сәйкес келмейтін шығармаларды қарамауға (сонымен қатар анонимді шығармаларды) құқы бар.

4. Байқауға ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).

5. Қорытынды шешім қазылар алқасының жалпы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

6. Байқауға ұсынылған туындыларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар анонимді түрде бағаланады. Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.

7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.

8. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.

9. Сыйлыққа лайықты шығармалар түспеген жағдайда, Қазылар алқасы Ұйымдастырушыларға сол номинация бойынша жүлденің толық берілмеуі немесе жартылай бөліп беру туралы ұсыныс беруге құқылы.

2017 жылдың 1 шілде – 10 қыркүйек аралығында

ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

«Батыс Қазақстан ғылыми зерттеу институты» мекемесі Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік-маңызды жобалар мен идеялардың жәрмеңкесін  өткізуді ұйымдастырады.

Жәрмеңке әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған әлі де іске асырылмаған кез-келген идеялар мен жобаларды қарастыруды көздейді. Жәрмеңке, өткізілу нәтижелері бойынша қандай-да бір жобаларды қаржыландыруды көздемейді. Қатысуға саяси партияларды, кәсіптік одақтарды, діни бірлестіктерді есепке алмағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, басқа да заңды және жеке тұлғаларға жол беріледі.

 

Жәрмеңке өткізу кезеңдері

Жәрмеңке үш кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең - 2017 жылдың 1 шілде – 10 қыркүйек аралығы – өтінімдер жинау және конкурстық комиссияның мүшелері баға береді. Өтінімдер және катысушылар саны шектелмейді.

2) екінші кезең – 2017 жылдың 10-20 қыркүйек аралығы – конкурстық комиссия  көрме-презентациялау үшін қабылданған өтінімдерді қарастырып, олардын ішінен іріктеп он үздік жоба  шығарады.

3) үшінші кезен - 2017 жылдың қыркүйек айында – жобалардын көрме-презентация өткізу, Жәрмеңкенін үш үздік жобасын таңдау (көрме-презентацияны откізу орнымен уақыты туралы қосымша хабар беріледі).

 

Конкурстық өтінімдерді беру тәртібі

Жәрмеңкеге қатысу үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен 10 қыркүйегіне дейін ұйымдастырушынын электрондык поштасына Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

№ 1 Қосымшаға сай нысанды толтырып, Жәрмеңкеге қатысуға өтінім беру.

Нысан қазақ немесе орыс тілде толтырылады. Нысанның барлық тараулары міндетті түрде толтырылуы тиіс. Қатысушы толымсыз ақпарат ұсынған жағдайда, ұйымдастырушы өтінімді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады. Жәрмеңке ұйымдастырушылары қатысушы конкурстық өтінімдерді беру талаптарын бұзған жағдайда өтінімді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Қатысушы нысанды толтырғаннан кейін, Ұйымдастырушы деректердің дұрыс толтырылуын және өтінімнің мына критерийлерге сай келуін тексереді:

1) жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

2) әлеуметтік проблемаларды шешудегі өзектілік, жаңашылдық тәсілдер;

3) жобаның жүйелілігі, адрестілігі;

4) әлеуметтік проблемаларды шешуде заманауи инновациялық технологияларды, нысандар мен әдістерді пайдалану;

5) жоба іс-шараларының қойылған міндеттерге сай болуы;

6) болжамдық нәтижелердің реалистік болуы, жобаның орнықтылығы және сәттілігі, жобаның даму перспективаларының болуы.

 

Жобаларды бағалау үшін косымша мәліметтер сүратуға конкурстық комиссияның құқығы бар.

 

 

Көрме-презентацияны откізу тартібі

Көрме-презентацияға үшінші кезенге жіберілген катысушылар шақырылады. Олар өз жобаларын презентацияға және қорғауға дайындайды.

Таратылма материалдардын болуы құпталады.

Жобалардын демонстрациялық стендтерін ұйымдастырушылар дайындайды.

 

БҚО ҮЕҰ құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі тақырыбқа арналған семинар-тренингке Жәрмеңкенін жеңімпаздарымен белсенді қатысушылары шақырылады.

 

«Әлеуметтік-маңызды жобалар мен идеялар жәрмеңкесі туралы» ережесі  .doc файлде  қоса беріледі.

 

«Әлеуметтік-маңызды жобалар мен идеялар жәрмеңкесі туралы» ережесі (rar, 23 Kb)

 

 

Қосымша ақпарат алуға арналған телефондар:

8 (711)2 53-64-88,

8 777 567 17 67,

8 775 370 09 79

 

 

1-қосымша

Әлеуметтік-маңызды жобалар мен идеялардың байқауына қатысуға

өтінім

Өтінімнің жалпы көлемі 5 беттен аспау тиіс

1.

Ұйымның атауы

 

2.

Басшының аты-жөні

 

3.

Тіркеу күні

 

4.

Ұйымның миссиясы

 

5.

Жобанын атауы

 

6.

Жобанын өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы

 

7.

Жобанын мақсаты мен міндеттері

 

8.

Жобаның сипаттамасы (жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар)

 

9.

Күтілетін нәтижелер

 

10.

Байланыс ақпараты (пошталық мекен-жайы, телефоны, email)

 

 

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адамтүрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетін «күрделі» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатып алған кезде, біздің дербес менеджеріміз өздігінен жылжымалы мүлік кепілін тіркейді, көлікті есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді», - деп түсіндірді Бассаров.

Жаңа сервис ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлік сатып алушылар мен бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие болады деп күтілуде.

Бассаровтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшін ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделі» мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісін және кепіл шартын тіркеу, жер учаскесіне жекеменшік құқығына актілерді ресімдеу және алу, жеке және заңды тұлғалар үшін нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлікке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шарттарын жасай отырып, тіркеу қызметтері үшін қолжетімді болып табылады. Келешекте бұл тізім ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкері нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асыратын болады.

Кеңестер беруді дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджері арқылы дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізеді, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жіберіледі немесе өз қолына жеткізіледі. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушінің үйіне барады.

Дербес менеджердің қызметі жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. Мұндай қызметтің құны мемлекеттік көрсетілетін қызметтің күрделілігіне және елді мекеннің орналасқан жеріне байланысты болады. Біздің облыста дербес менеджердің қызметін Орал қ. бойынша № 1 бөлімде (Жамбыл көшесі 81) және № 2 бөлімде (Құрманғазы 173) алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік

 қоғамының баспасөз қызметі

Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 қадам ұлт жоспарының 84 қадамын іске асыру шеңберінде 2018 жылдан бастап елімізде жәрдемақының үш түрі біріктіріліп атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта өзгертіледі. Яғни, атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және көпбалалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы енді жаңа форматта берілетін болады. Бұл көмек тұрғылықты жері бойынша тіркелген және жан басына шаққанда табысы ен төменгі күнкөріс деңгейінің 50℅-нан төмен отбасылардың әрбір мүшесіне тағайындалады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындату үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкіміне жүгінеді және мынандай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі) – жеке басын сәйкестендіру үшін, сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) отбасының әрбір мүшесінің тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаты (мекенжай анықтамасы немесе әкімнің анықтамасы);

3) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

4) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат (қажет болған жағдайда);

5) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер;

6) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

7) банктік шотының нөмірі туралы мәлімет.

Отбасының еңбекке қабілетті мүшелерімен қосымша құжаттардың келесі түрлері ұсынылады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) жұмыс істегендігін растайтын құжат (бар болған жағдайда);

3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіби даярлығы барын растайтын құжат (бар болған жағдайда);

Өтініш беруші жүгінген жағдайда өтініш берушінің отбасы құрамы туралы, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы, жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы туралы өтініш бланктерін тегін алады

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз түрге жіктеледі.

Шартсыз ақшалай көмек:

1) жұмыспен қамту шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын азқамтылған адамдарға:

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңы 11-бабының 1-тармағымен бекітілген зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты;

бірінші немесе екінші топ мүгедектігіне байланысты;

екі немесе одан да көп мерзімге уақытша жұмысқа жарамсыздығы белгіленуі мүмкін болатындай ауруына байланысты көрсетіледі;

2) азқамтылған отбасылардың барлық еңбекке қабілетті мүшелері бірінші немесе екінші топ мүгедектері және (немесе) екі немесе одан да көп мерзімге уақытша жұмысқа жарамсыздығы белгіленуі мүмкін болатындай ауруы бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі балаларға, мүгедек-балаға, бірінші және екінші топ мүгедектеріне, басқа адамның қарауына және көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан қарт адамдарға қарауды жүзеге асырушы адамдарға көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек:

Жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын азқамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар азқамтылған отбасыларға жұмыспен қамту шараларына оның (олардың) қатысу және (немесе) әлеуметтік бейімделу шартымен көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасымен көзделген шаралар арқылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуды көздейді.

Бір жолғы шартты ақшалай көмек төлемінің соммасы тек әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты, жеке қосалқы шаруашылықты дамыту (үй малдарын, құстарын және басқаларды сатып алуға), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру (бұрынғы қарыздарды өтеуден, тұрғын үй алу шығындарынан басқа) іс-шараларына қолданылады.

Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт аз қамтылған адаммен (отбасымен) әлеуметтік келісімшарт шарттарын және жеке жоспар іс-шараларын, сондай-ақ шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға соқтырған дұрыс емес мәліметтерді ұсынған жағдайда әлеуметтік келісімшарты бұзылады. Әлеуметтік келісімшартты бұзу шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылады.

Бұл ретте, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындалмауы бірінші рет анықталған жағдайда отбасының жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) балаларды қоспағанда он сегіз жастан асқан барлық мүшелеріне төленетін шартты ақшалай көмек мөлшері бір ай ішінде елу пайызға азаяды, міндеттерді қайта орындамаған жағдайда отбасының жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жастан аспайтын) балаларды басқа мүшелері үшін шартты ақшалай көмек төлеу тоқтатылады.

Аталған әлеуметтік көмектің негізгі міндеттері кедей отбасылардың санын азайту, оларды жұмыспен  қамтамасыз ету, халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау – қоғамды әлеуметтік жетілдіру болып табылады.

 

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі