«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.

Әзірше 66 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тіркеу, баланың туылуы мен күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттің орнына уақытша куәліктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттік корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді еркін алуына ерекше назар аударылып келеді. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейді, олар әкімдіктердің өтінімдері бойынша елді мекендерге шығып, қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлімшелері арқылы танымал мемлекеттік қызметтерді көрсетудің пилоттық жобасы - азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін ыңғайлылыққа арналған тағы бір қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екі ай бойы тестілеуден өтті, нәтижесінде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешім қабылданды. «Пилоттық жобаны тестілеуде ШҚО почта байланысы бөлімшелерінде 233 құжат берілген. Одан бөлек, біздің жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, оң бағалар берілгендіктен, біз оны еліміздің барлық аумағында жүргізуді шештік. Қазіргі таңда шалғай елді мекендердің тұрғындары почта байланысы бөлімшелері арқылы 1656 корпорация қызметін ала алады. Демек, енді бұл қызметтерді алу үшін, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», – деді Оспанов.

«Біз ауыл тұрғындарын тек почта қызметімен емес, сонымен қатар әр түрлі банк қызметтерімен, әрине, оның ішінде ХҚКО қызметімен де қамтамасыз ететін боламыз. Өйткені ауылда көбіне почта байланысы бөлімшелері ғана жұмыс істейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді почта арқылы алу үшін, ауыл тұрғындары құжаттар пакетін ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтініш берулері және қажет болған жағдайда, мемлекеттік баж салығын төлеулері тиіс. Қазпочта операторы өтініштерді қабылдап, құжаттар пакетін қалыптастырады және оны жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтеді. Онда ХҚКО инспекторы қызметті ресімдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жібереді», – деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

коммерциялық емесакционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет - бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы - бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы - әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұрғазиевтің айтуынша, қазіргі уақытта пилоттық жобаға 206 перзентхана мен перинаталды орталықтар қамтылған, ол жерлерде қызметтерді мемлекеттік корпорацияның 309 жұмыскері көрсетеді. «Пилоттық жоба дегеніміз перзентханада ХҚКО инспекторларының бірден 4 қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауын білдіреді - ол бала тууды тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және балабақшаға кезекке қою. Бұл жас аналар үшін өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге ХҚКО-ға бару үшін жаңа туылған нәрестені кіммен қалдыруды ойланудың қажеті жоқ» - деді ол.

Нұрғазиев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бала тууға байланысты жәрдемақыны бір облыс шегінде, тіркелген жеріне қарамастан ресімдеуге болатынын да атап өтті. Мысалы, әйелдің тұрғылықты тіркелімі Бөкейордада, ал баланы Оралда босанса, онда ол барлық қажетті құжаттарды Оралдағы перинаталдық орталықта ресімдей алады.

Осы 4 қызметті ресімдеу үшін қазақстандықтар ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (ҚР аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), баланың туылуы туралы медициналық куәлікті (перзентханада беріледі), туу туралы куәлікті немесе барлық балаларға туу туралы акт жазбаларынан көшірме үзіндіні, банк шотының нөмірі туралы құжатты ұсынуы тиіс.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік

қоғамы баспасөз қызметі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруды жалғастыруда. Елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту» композиттік қызметіне бірден екі қызмет: «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» және «Нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметтері біріктірілді. Оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды және халыққа қызмет көрсету орталықтарына екі рет бару қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту композиттік қызметіне біріктіру жүзеге асырылды.

Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, бұл бағыттағы пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның құрамында ЖерҒӨО мен ЖМО-ның бірігуі арқасында мүмкін болды. Ол: «Жобаны енгізгенге дейін тек кадастрлық құнды анықтау жұмысын орындау мерзімі 10 күнді құраған, оған жергілікті атқарушы органның бекітуіне 3 жұмыс күні қосылады. Сондай-ақ азаматтарға ХҚКО-ға екі рет жүгінуге тура келетін: алдымен құнын анықтауға, одан кейін кадастрлық құнды бекітуге. Енді бұл қызмет жеңілдетілді - құнын анықтауға құжат тапсыра отырып, қызметті алушы бекітілген кадастрлық құн актісін алады. Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған», - деп түсіндіре отырып, пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап 1 454 қызмет көрсетілгендігін атап өтті.   

Жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы органдарда бекіту композиттік қызметіне біріктірудің пилоттық жобасы мемлекеттік қызмет алуды айтарлықтай жеңілдетті. «Бұрын тұтынушыға жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін алдымен ЖерҒӨО-ға жүгіну және оны әзірлегеннен кейін ғана жергілікті атқарушы органда бекіту үшін ХҚКО-ға құжат тапсыру керек болатын. Енді мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну және жерге орналастыру жобасын әзірлеуге құжаттар тапсыру жеткілікті, бекітуге ол автоматты түрде жолданады. Бұл «Азаматтарға арналған үкіметтің» барлық фронт-офистерге қосылған «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің арқасында мүмкін болды. Пилоттық жобаның қолданылуынан бастап біз 4 мың жерге орналастыру жобаларын әзірледік және 2 мыңнан астамын бекітуге жолдадық», - деді мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары.

Пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның барлық фронт-офистерінде қолданылады және 20 тамызға дейін созылады. Пилот аяқталғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданады. Бірақ қазірдің өзінде пилот іс жүзінде уақытты, мерзімді, екі рет баруды қысқарту және «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының жақсарту мүмкіндігін көрсетті.  

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ директорлар кеңесінің отырысында осы жылдың 3 маусымында «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясын құру бекітілді. Жаңартылған дирекцияның алғашқы жобаларының бірі - алдымен Астана қаласы бойынша, әрі қарай өңірлерде қала құрылысы кадастрымен ықпалдастыра отырып, «Жер және жылжымайтын мүлік» бірыңғай мемлекеттік кадастрын кұру.

  

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы «21» қаңтар № 19 бұйрығы

«II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру үшiн табыс етiлетiн материалдар

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

II санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін қоршаған ортаға әсердің оған ілеспе бағалау (бұдан әрі - ҚОӘБ) материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

өтінімді бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі БАҚ) жарияланғанын растайтын материалдар;

жобаның электрондық нұсқасы.

эмиссиялар нормативтерінің жобалары, келесі құрамда:

жобаның электрондық нұсқасы.

жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлеген іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік- техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары, келесі құрамда:
       өтінімді БАҚ-та жарияланғанын растайтын материалдар.

 III, IV санаттатардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін қоршаған ортаға әсердің оған ілеспе бағалау (бұдан әрі - ҚОӘБ) материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

өтінімді БАҚ-та жарияланғанын растайтын материалдар;

жобаның электрондық нұсқасы.

жоспарланған қызметтің экологиялық салдары туралы өтінім

 

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы «21» қаңтар № 19бұйрығы

«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн табыс етiлетiн материалдар

1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн рұқсат беретін органға қажеттi құжаттар топтамасын табыс етедi.

2. I және II санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы:

1) рұқсат алуға өтiнiмдi;

2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына қорытындысын;

3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын;

4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын қамтиды.

3. III санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы:

1) рұқсат алуға өтiнiмдi;

2) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың эмиссиялар нормативтерiнiң жобасына қорытындысын;

3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын;

4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын қамтиды.

4. IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы:

1) рұқсат алуға арналған өтінімді;

2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.
 

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы