«Өрлеу» пилоттық жобасы


 

Әлеуметтік төлемдер бөлімі бойынша:

2016 жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша кедей отбасының 23, оның ішінде 98 адам санын құрайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 23 отбасына, 98 адамға 1724,6 мың теңге төленді. Тұрғын үй көмегі 182 отбасына 4866,0 мың теңге төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 742 отбасына, 1638 балаға, 19092,3 мың теңге мөлшерінде төлем төленді. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек 10 балаларға 373,9 мың теңге,жекеленген санаттағы азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдер 932 адамға, 18896,0 мың теңге, жалпы білім беру қорынан төленетін көмек 904 адамға, 1354 балаға, 15898,0 мың теңге,барлығы 4161 адамға 60810,8 мың теңге қаржы төленді. Соның ішінде аз қамтылғандары 356 адамға - 8725,6 мың теңге әлеуметтік көмек берілді.

Жұмыспен қамту:

Аудандық жұмыспен қамту орталығына жолыққан жұмыссыздар саны 479 адам. Соның жұмыспен қамтылғандары 141 адам. Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны 327, осы бағытта жұмсалған қаржы 14749,3 мың. теңге. 2016 жылдың жоспары бойынша 470 жаңа жұмыс орынының есепті мерзімге 124 жұмыс орыны ашылды. Тіркеуде тұрған жұмыссыз саны 78 адам.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметтері туралы

Аудан бойынша 88 адам үйде әлеуметтік көмек көрсететін қызметкердің көмегін тұтынды. Оның ішінде тірек қимыл аппараты бұзылған балалар - 13, психоневрологиялық аурумен ауыратындар балалар - 13, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауратын - 29 адам, жалғызбасты қариялар - 45 адам, жалғызбасты мүгедектер - 4 адам. Бөлімшеде - 1 меңгеруші, 1 кеңесші, 26 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.

Әлеуметтік - медициналық қызметтер:

Аудан бойынша 491 мүмкіндігі шектеулі адам есепте тұрса, 26 адам гигиеналық құралмен, 41 адам жеке көмекшімен қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік - экономикалық қызметтер:

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік материалдық төлемдер бойынша жергілікті бюджеттен ҰОСҚ - 150,0 мың теңге, ҰОС қайтыс болған мүгедектердің жесірлері 15 адамға 225,0 мың теңге, 1 тұтқынға 20,0 мың теңге, 5 ЧАЭС апатының мүгедектеріне - 140,0 мың теңге, Ауған соғысына қатысушылар12 адам 360,0 мың теңге, тылда болғандарды орден медальмен марапатталған 3 адамға жергілікті бюджеттен 45,0 мың теңге, 6 айдан жоғары еңбек өтіліментылда болған 128 адамға 1280,0 мың теңге, ҰОС қайтыс болған мүгедектердің жолдастарына 15 адамға 225,0 мың теңге материалдық көмектер көрсетілді.