Білім беруді қаржыландыру

Жәнібек ауданы бойынша жалпы білім беретін 10 орта, 2 негізгі, 4 бастауыш мектептер, 9 мектепке дейінгі, 3 қосымша білім беретін ұйымдар, 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жұмыс жасайды.

Жәнібек аудандық білім беру бөліміне жалпы 2016 жылы 1506480 мың теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 1121459 мың теңге болса, республикалық бюджеттен 385021 мың теңге. Жалпы білім беретін орта мектептерге 1147550 мың теңге, қосымша білім беру ұйымдарына 66696 мың теңге қаралып отыр, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарға 167060 мың теңге көзделіп отыр. 

2016 жылы оқулықтарға 18833 мың теңге қаражат бөлініп, күні бүгінге барлық басылымдармен келісім-шарттар жасалынып, тамыз айына жеткізілуі жоспарланды.

Аудан бойынша барлық 16 мектепте оқушыларды ыссы тамақпен қамтамысыз етуге 2016 жылы 53621 мың теңге қаражат бөлініп, бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік отбасыларынан шыққан оқушылар санатындағы балаларға тегін ыссы тамақ ұйымдастырылды.

Ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 6000 мың теңге, «Өнеге» бастауыш мектебіне қатты отын алуға 150 мың теңге бөлініп отыр.

Жергілікті бюджеттен ата - ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға жергілікті бюджеттен жәрдем ақы алуға 5109,0 мың теңге, жалпы білім беретін мектептердегі аз қамтылған отбасы балаларына киім - кешек беруге 2500 мың теңге және ыссы тамақпен қамтуға 62228 мың теңге бөлінді.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру

Елбасымыздың қойып отырған ең басты тапсырмаларының бірі - балаларды мектепке дейінгі тәрбиелейтін мекемелері жүйесін көбейту. Осы мақсатта ауданда нақты жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы аудан орталығында 290 орынға арналған «Алтын ұя» бөбекжайының ғимараты салынып, аталған жылдың 3 шілдесінде салтанатты түрде ашылып, қолданысқа берілді. Күні бүгінге ауданда 9 балабақша («Алтын ұя», «Жәнібек», «Балдәурен», «Ұзынкөл», «Балауса», «Ақбота», «Қайрат», «Балбұлақ», «Балапан» және 2 мектеп-балабақша кешені (М.Ықсанов, Ғ.Сарбаев атындағы мектеп-балабақшалары), 11 шағын орталық жұмыс жасап келеді, онда 905 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 99,8 пайызды құрайды. Ауданда 5-6 жастағы балалар 100 пайыз мектеп алды даярлықпен қамтылған.

Мектепке дейінгі ұйымдарда  135 педагог жұмыс жасайды, соның ішінде - 14 жас маман.

Балабақшалардағы педагог қызметкерлерінің 50 пайызы жоғары білімді мамандар.

Аудан тәрбиешілерінің 2 пайызы жоғары санатты, 9 пайызы І санатты, 43 пайызы ІІ санатты.

 

Жалпы білім беру

2015-2016 оқу жылында ауданда 16 жалпы білім беретін мектеп, олардың 10 орта жалпы білім, 2 негізгі және 4 шағын құрамды бастауыш мектеп жұмыс жасады. Жаңа оқу жылдың бірінші жарты жылдығында барлық мектептердегі оқушылар саны 2567 баланы құраса, оқу жылын 2564 оқушымен аяқтадық. Былтырғы оқу жылын аяғындағы оқушы саны - 2577, олардың 26 бастауыш, 150 негізгі, 2401 орта мектептерде. 2016 жылдың 1 маусымына 29 бастауыш, 144 негізгі, 2391 орта мектептерде. Білім беру ұйымдарында 435 ұстаз еңбек етеді, олардың 357 жоғары, 78 арнаулы орта білімі бар. 46 ұстаз жоғары санатты болса, 149 бірінші, 106 екінші санаты бойынша жұмыстануда.

Бүгінгі таңда 12 мектепте физика кабинеті, 11 мектепте химия кабинеті, 11 мектепте биология кабинеті, 9 мектепте мультимедия кабинеттері жұмыс істеп тұр.

Барлық білім беру объектілері жай жөндеуден өтуде.

Аудан мектептері жаңа буын оқулықтармен және қосымша оқулықтармен толық қамтылған.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында 2014 жылдың қазан-қараша айларында Т.Жароков атындағы, №1 және Ө.Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектептер Батыс Қазақстан облысының білім саласын бақылау департаментімен кезекті мемлекеттік аттестациядан өткізіліп, оң баға алды.

Жәнібек ауданының мектеп түлектері 3 маусым күні Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан өтті. Аудан бойынша жалпы білім беретін орта мектептерде 11 сыныпты 163 оқушы аяқтаса,  ҰБТ-ге жалпы 144 оқушы қатысты (88,34). Соның ішінде қазақ тілінде 122, орыс тілінде 22 түлек тестіленді.

Аудан бойынша орташа балл 80,8 құрады (2015 жылы - 81,39; 2014 жылы - 82,6). Облыстық көрсеткіш - 82,11 (2015 жылы - 83,62; 2014 жылы- 81,2).

Мектептердің көрсеткіші төмендегідей болды:

Мектепатауы

Орташа балл

1

Ғ.Абдуллинат.ЖББОМ

70

2

Е.Ниетқалиеват.ЖББОМ

91

3

Т.Жароковат.ЖББОМ

85

5

№1 ЖББОМ

72

6

Ө.Сахиповат.ЖББОМ

67

7

Ғ.Сарбаеват.ЖББОМ-балабақша

76

8

М.Ықсановат.ЖББОМ-   балабақша

81

9

Ұзынкөл ЖББОМ

80

Аудан бойынша

80,8

 

ҰБТ қорытындысы бойынша «алтын белгіге» 8 үміткердің  2 ақтады. Т.Жароков атындағы ЖББОМ - Н.Ситекова (113), Е.Ниеткалиев атындағы ЖББОМ - А.Абатова (115). «Алтын белгіге» Үміткер Т.Жароков атындағы ЖББОМ оқушысы А.Нигматуллина «Қазақстан тарихы» пәнінен «1» бал, Е.Ниеткалиев атындағы ЖББОМ оқушысы А.Акишева «математика» пәнінен «1» бал жеткізбеді, олар «ерекше аттестатқа» ие боды. Сонымен қатар «ерекше аттестатқа 9 үміткер ие болды. Ең жоғарғы көрсеткішке Е.Ниеткалиев атындағы ЖББОМ алтын белгісіне үміткер А.Акишева  - 116 баллға ие болды.

Ауданның барлық жалпы  білім беретін мектеп түлектерінің аттестат табыс ету салтанаты 2016 жылдың 17 маусым күні ауданның орталық алаңында өткізілді. Жоспар бойынша аудан орталығында өткен шара «Алтын белгі» және «Ерекше үлгідегі аттестат» иегерлерін, сонымен қатар ата-аналарын аудан әкімі Н.Қарағойшиннің жеке қабылдауымен басталды. Аудан әкімі үздік түлектерді құттықтап, ата-аналарына алғысын білдірді.

Орталық алаңда «Алтын белгі» және  «Ерекше үлгідегі аттестат» иегерлерін құрметтеу және аудан орталығының мектеп бітірушілеріне аттестат табыс ету салтанатты жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі, орынбасары, облыс және ауданның мәслихат депутаттары, ардагер ұстаздар, ата-аналар қатысты. Мектеп түлектерін аудан әкімі Н.Қарағойшин құттықтап, «Алтын белгі» және «Ерекше үлгідегі аттестат» иегерлеріне аттестатарын, төс белгілерін тағып және аудан әкімдігі атынан бүгінгі заманның ең озық технологиялық құрамды планшетті сыйлыққа берді. Сонымен қатар, «Алтын белгі» және «Ерекше үлгідегі аттестат» иегерлерінің ата-аналарына облыс әкімі А.Көлгіновтің және аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Аудан көлемінде ҰБТ қорытындысы бойынша бір топ ұстаздарға облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», аудан әкімінің «Алғыс хаттары», білім беру бөлімінің «Алғыс хаттары» мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Салтанатты жиын түлектерге арналған мерекелік отшашумен аяқталды.

Барлық оқушыларға аттестаттар табыс ету рәсімі аяқталғаннан кейін мектеп түлектерінің, ата-аналарының және мектеп ұжымының қатысуымен мектеп бітіру балымен жалғасты.

 

Қосымша білім беру

Аудан бойынша 3 мектептен тыс жұмыс орталықтары жұмыс істейді. Ондағы оқушылар саны - 625 (мектептен тыс жұмыс орталығы - 270, туризм және экология орталығы - 255, саз мектебінде - 90 оқушы). Ондағы мұғалімдер саны - 25 (мектептен тыс жұмыс орталығында - 7, туризм және экология орталығында - 9, саз мектебінде - 9). Қазіргі таңда, оқушылардың қосымша білім алу үшін сұранысы ауылдық жерлерде артып келеді.

 

Ыстық тамақпен қамту

Аудан бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан, жетім және денсаулығы нашар балаларға мектептерде «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан бір мезгіл ыссы тамақ ұйымдастырылды. Оқу жылының аяғына білім алыған 934 әлеуметтік қорғалмаған оқушылар және 1-4 сыныптардағы оқушылардың 100 пайыз (барлығы 1064 баладан 1064-і) бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып келді.

Тегін ыстық тамақты ұйымдастырумен қатар ақылы ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп келді. Күні бүгінге 1631 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр, ол 63,6 пайызды құрайды.

 

Жазғы демалыс

Жәнібек аудандық жазғы демалыс лагерінің комиссиясы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №79 қаулысы негізінде құрылып, білім беру бөлімінің ағымдағы жылдың 20 сәуіріндегі №83 бұйрығымен бекітілді.

2016 жылы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат - 2 млн. 857 мың, соның ішінде, жалпыға бірдей міндетті орта білім қорынан қарастырылған қаражат - 1 млн.500 мың теңге, аудандық «Балдәурен» лагеріне бөлінген қаражат - 1 млн.357 мың теңге. Қосымша 2016 жылы жазғы демалысты сапалы ұйымдастыруға мәслихат сессиясының шешімімен Мектептен тыс жұмыстар орталығының жанынан шатырлы лагерь ұйымдастыруға 1 млн.489 мың теңге бөлініп, лагерь схемасының жобасы жасақталса, Балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығындағы «Балдәурен» жазғы демалыс лагеріне оқушыларға суға шомылуға арналған каркасты бассейн, саяхаттар, дәрежелік жорықтарды ұйымдастыруға велосипедтер, спорттық құрал - жабдықтармен қамтамасыз етуге 1 млн.488 мың теңге бөлінді. Бассейн тиімділігі өзінде сутазартқыш құм насосы, волейболдық сетка орналасқан, түнгі уақытқа жабылады. Бассейн размері 975х488х132см, көлемі 54368 л.

Жәнібек ауданы бойынша 2015 жылы 1-10 сынып аралығында 2401 оқушы 100% жазғы демалыспен қамтылса, 2016 жылы 1-10 сынып аралығында 2406 оқушы  100% жазғы демалыспен қамтылады деп жоспарлануда. Лагерде демалушы балалар қатарында аз қамтылған отбасынан - 725, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 6, көп балалы отбасынан - 346, даму мүмкіндігі шектеулі 100 бала қамтылады.

Аудан бойынша Италия еліндегі «Чезенатико» лагерінде - 2015 жылы 2 оқушы, 2016 жылы - 2 оқушы, мектеп жанынан тамақ ұйымдастырылған 12 лагерьде 2015 жылы - 1300 оқушы, 2016 жылы - 1300 оқушы қамтылатын болса, 12 тамақтанусыз бағдарлы лагерьлерге (информатика, ағылшын, математика пәндерінен) 2015 жылы - 220 оқушы, 2016 жылы - 315 оқушы және Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде 20 бала тамақтанусыз лагерьге тартылады. Облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығында 45 оқушы, облыстық «Самал» жазғы демалыс лагерінде 20 оқушы, облыстық Назарбаев зияткелік мектебінде 5 оқушы, аудан сыртындағы "Балдәурен" туристік-өлкетану лагерінде 6ауысымда 240 оқушы демалады және Мектептен тыс жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен 6 кезеңде 120 оқушыны және Балалар-жасөспірімдер туризмі орталығында 120 оқушыны қамтитын шатырлы лагерь, мектеп жанынан 260 оқушыға арналған шатырлы лагерьлер  ұйымдастырылады. Биылғы жылы үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасына сәйкес жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы лагерьлерде және «Балдәурен» жазғы демалыс лагерьінде жазғы тіл мектебі ұйымдастырылып, жүргізіледі.

«Отанымыздың елордасы - Астанамен танысамыз» атты өлкетану жобасы аясында ұйымдастырылатын туристік экскурсияға аудан мектептерінен 9 оқушы,  тарихи орын Бөкей Ордасына 350 оқушы және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінен 12 даму мүмкіндігі шектеулі бала, Волгоград қаласына 60 оқушы  саяхатқа барады деп жоспарланып отыр.

2015 жылы 1-10 сынып аралығындағы оқушылардың  барлығы - 2235 оқушы болса соның (ішінен маусым айына (76,1 пайз), 10 шілдеге 2090  (93,5 пайыз), 25 тамызға  2232 (100 пайыз) қамтылып отыр.