Ағымдағы жағдайға талдау және аудан әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының дамуындағы беталыстар

2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) жүзеге асыру жылдары ауданда медициналық-демографиялық жағдай жақсарды:

- тұрғындардың туу көрсеткіші 13,3(9 ай 2014ж.)-ден 12,5(9 ай 2015 ж.)-ге дейін төмендеді;

- өлім-жітім көрсеткіші тұрақталды - 5,5 (9 ай 2014 ж)-тен 5,7(9 ай 2015)-ге дейін артты;

- тұрғындардың табиғи өсім коэффиценті 1000 тұрғынға шаққанда 7,8( 9 ай 2014 ж)-ден  6,7 (9 ай 2015 ж)-ге дейін төмендеді.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарында 7 әлеуметтік қызметкер және 1 психолог лауазымы енгізіліп, еңбек етуде, 21 штаттық бірлікте 2-ші және 3-ші  медбикемен қамтамасыз етілді.

Бірыңғай  ұлттық денсаулық сақтау жүйесі   (БҰДСЖ) шеңберінде соңғы нәтижелерге қол жеткізуге профилактикалық жұмысқа жағдай жасау үшін 23 БМСК ұйымның тарифіне қосымша компонент енгізілді, 2014 жылдың 9 айында 15915,0 теңге ,2015жылдың 9 айында 10737,1 теңге табыс тапты, соның ішінде 1 дәрігерге орташа есеппен - 46564 теңге(9 ай 2014 ж),47005 теңге(9 ай 2015 ж), орта буынды мед.қызметкер - 22530 теңге(9 ай 2014 ж),17337 теңге(9 ай 2015 ж), әлеуметтік қызметкер -12863(9 ай 2014 ж),10477(9 ай 2015 ж) теңгені құрады. Аудандық ауруханаға материалдық-техникалық базасын жабдықтау үшін республикалық бюджеттен 49 млн.теңге бөлінді және  оған сандық рентген аппарат, 4- көз қысымын өлшейтін индикатор, 5- электрокардиограф, видеоканференцбайланыс терминалы HDX6000 сатып алынды.2015 жылы республикалық бюджеттен 27,155,460,00 теңге бөлініп 1- жедел -жәрдем көмегін атқаратын реаномабиль автокөлігін-12,990,00 теңге,3-санитарлық автотранспорт УАЗ-8,836,500 теңгеге сатылып алынды. Сонымен қатар Жанібек ОА өз бюджетынан -5,328,960 теңгеге ассенизатор автокөлігін сатып алды.

Басқарманың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері анықталды:

1. Азаматтардың денсаулығын нығайту.

2. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.

3. Кадрлық ресурс жүйесін дамыту

4. Тұрғындарды дәрілік қамтуды жетілдіру.

  

1. Стратегиялық бағыт.  1. Азаматтар денсаулығын нығайту.

1.1.Денсаулық сақтау саласын дамытудың басты параметрлері.

 

Ауданда медициналық-демографиялық жағдайында оңды даму үрдісі байқалуда:

- туу деңгейі 13,3-ден (9 ай 2014ж.) 12,5-ке (9 ай 2015ж.) дейін төмендеді;

- тұрғындардың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 5,5 тен (9 ай 2014ж.) 5,7-ге (9 ай 2015ж.) дейін артты;

- тұрғындардың табиғи өсім коэффиценті 1000 тұрғынға есептегенде 7,8 ден (9 ай 2014ж.) 6,7-ге (9 ай 2015ж.) дейін артты.

 

- ана өлімі тіркелген жоқ;

- сәби өлімінің жылдан-жылға төмендеуі байқалады және 1000 тірі туылғанға шаққанда 15,7(9 ай 2014 ж) ,4,8(9 ай  2015ж.) құрайды;

- туберкулезбен ауру 100 мың тұрғынға шаққанда 30,5-тен (9 ай 2014 ж ) 30,3-ке (9 ай 2015ж.) тұрақтауда ;

- 15-49 жас аралығы тобындағы ВИЧ-инфекциясының таралуы 0,009 деңгейінде;

- аудан тұрғындарының күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы 69,2 (ҚР-69,01)

 

Орташа өмір сүру ұзақтығы( 9 ай 2014ж)-67,2-ден,(9 ай 2015 ж) 69,2-ге дейін өсті. Әйел мен ер адамның өмір сүру ұзақтығының айырмашылығы 8 жас. Бұл акксиметрияның себебі ер адамның жоғары өлім көрсеткіші, әсіресе еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

 

Қан айналым жүйелері ауруларына шалдығу көрсеткіші 1639,3- ден(9 ай 2014 ж), 1862,1-ке (9 ай 2015ж.)дейін өстті.

 

Қан айналым жүйесіне ауруға шалдығу көрсеткіші

2014

2015

371-2269,3

307-1862,1

 

 

 

Жыл сайын қан айналым жүйесі ауруларына скрининг бойынша тексерістен өткізіледі, соның ішінде үлкен жастағы адамдардың тексерістен өтуі күшейіп келеді.

Жүректің  ишемиялық ауруының тіркелуі артық салмақтың болуы ( Индекс Кетле 25-30 ) - 886-30,6%, шылым шегу - 363-12,6%, ішімдік тұтыну - 149-5,1% себебінен туындайды.

 

Қан айналу жүйесінен скрининг тексерістен өту көрсеткіші:

 

2014(9 ай)

2015(9 ай)

Тексерілді

2312

1562

Анықталғаны

235

157

Д тізімге алынды

229

157

 

Жүрек қан-тамыр ауруына шалдығу көрсеткіші 2015 жылдың 9 айында 307-1862,1 (2014ж 9 ай)-371-2269,3 құрайды, өлім-жітімі-61,1- ден(9 ай 2014ж), 133,4-ке дейін (9 ай 2015ж)көбейді.

Қан айналым жүйесінен өлім саны - 22, соның ішінде мынадай аурулар бойынша:

  1. - церебровакулярлық ауру бойынша - 17.
  2. - жедел коронарлық жетіспеушілік - 4.
  3. - жедел инфаркт миокард - 1. Қан айналым жүйесінен жұмысқа қабілетті адамдардың өлім саны - 3-17,6%.

 

Ағымдағы жылы онкологиялық қызметті қаржыландыру жаһандық бюджет бойынша республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен іске асырылуда, бүгінгі күні « Онкологиялық науқастарды электрондық регистр» бойынша 91 науқас тіркелді.

Онкологиялық ауруларды ерте мерзімде анықтау (скринингтік тексерулер), медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын күшейтуге бағытталған шаралар 5 және одан да көп жыл өмір сүретін науқастардың үлес салмағын 51.8%-ден  (9 ай 2014 ж.) 46,7 %-ғе (9 ай 2015 ж.) төмендеді.Қатерлі ісік ауруларының (3-4 сатыдағы) асқынған түрлерінің үлес салмағы 16,1-ден (9 ай 2014 ж), 9,0-ға (9 ай 2015 ж) дейін төмендеді. Ауруға шалдығу 60 жастан жоғары адамдар.

 

Скрининг атауы

2009

Анықталды

2010

Анықталды

2011

Анықталды

2012

Анықталды

Сүт безі обыры

579

1

487

1

476

2

535

1

Жатыр мойын обыры

540

-

567

-

643

1

832

1

Тік ішек обыры

-

-

-

-

1012

-

1394

1

 

Онкологиялық аурулардан өлім-жітім 55,0-ден(9 ай 2014 ж,9 оқиға),- 48,9-ға (9ай 2015 ж -8 оқиға)төменделді.

2013-15 жылдан бастап колоректалды қатерлі ісікті, өңештің, асқазанның, қуықасты безінің, бауырдың қатерлі ісігін ерте анықтауға нысаналы топтар бойынша скрининг жүргізілуде.

 

Активті туберкулезден аурушаңдық көтеріліп, 100 мың адамға шаққанда 2014 жылдың  9 айында - 20-121,3, 2015 жылдың 9 айында - 23-3235,8 құрайды. Аурудың асқынған тұрімен тіркеген жоқ.Өлім-жітім көрсеткіші 2014 жылдың 9 айында-6,1(1-жағдай),2015 жылдың 9 айында-тіркелген жоқ.Туберкулез ауруына сактықпен карау көрсеткіші 2015 жылдың 9 айында 2,3% құрайды. Алғашқы анықталғандар 2014 жылдың 9 айында-30,5 (5 жағдай),2015 жылдың 9 айында-30,3(5 жағдай).2014-15 жылдары туберкулез аурумен балалар және жасөспірімдер арасында тіркелген жоқ.

Флюорография тексерісінен өткендер 2015 жылдың 9 айында-93,8% құрайды.

 

2013-15 жылдан бері жедел гепатит вирусы тіркелген жоқ.

Тұрғындарды вакциналармен қамту жоспарланған көлемнен 100%-ға орындалды.

 

 

1.2.Негізгі мәселелер талдауы

2015 жылға күтілетін өмір сүру ұзақтығы медико-демографиялық көрсеткіштің оңды нәтижесіне орай сақталады.(69,9)

Ауданда әйел адамдардың гендерлік артық салмақтықтық сақталған.  Әйел адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 70,2, ер адамдардікі - 61,3. өмір сүру ұзақтығының айырмашылығы 9 жас.

Үлкен жастағы адамдардың жоғары өлім көрсеткіші байқалады.

Онкологиялық аурулардың ерте анықталуына бағытталған шаралармен қамтамасыз ету - қатерлі аурулардан өлім-жітім көрсеткіштерін төмендете алған жоқ (39,5),     Бұл орайда жатыр мойны, сүт безі, өңештің, асқазанның, бауырдың,  бүйрек асты безінің және қуықасты безінің, тоқ ішектің қатерлі ісігін анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың аяқ асты жағдайлардан және түрлі зақымдардан қайтыс болуына байланысты жарақаттану ауданда маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі болып саналады (қайтыс болу көрсеткіші 2014 жылдың 9 айында 42,8, 2015 жылдың 9 айында -42,4 100 мың тұрғынға шаққанда, (соның ішінде жол апатынан қайтыс болған жағдайлар да кіреді).

Ақпараттандырудың жеткіліксіз болуы салдарынан салауатты өмір салтын ұстану және түрлі аурулардың алдын алу мәселелерінде тұрғындар құзіреттілігі мен уәждің жетіспеушілігі, салауатты өмір салтын ұстану және түрлі аурулардың алдын алу мәселелерінде тұрғындардың сауаттылығының және уәждемесінің, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының сақталуы, ауыз суды пайдалану және тамақтанудың, әлеуметтік жағдайы осал топтағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағынан дамымауын атап өтуге болады.

Экологиялық жағдайдың нашарлауы («Капустин Яр» әскери-сынақ полигондарының жақын орналасуы, Қарашығанақ және Чинарев кен орындарынан мұнай-газ шикізатының алынуы, өзен суларының азаюы), 2 баллдан 5 баллға дейінгі жер сілкіну жағдайларының тіркелуі қоршаған орта әсерінен туындайтын аурулар көрсеткішінің өсуіне әкеліп соқтырады (тыныс алу жолдарының аурулары, аллергологиялық және онкологиялық аурулар).

Сол себепті, тұрғындар денсаулығын жақсарту мәселелері денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіруді және осы мәселелер бойынша ведомстворалық және сектор аралық қарым-қатынасты күшейтуді талап етеді  және  жұмыс беруші мен азаматтардың өз денсаулығына деген ынтымақты жауапкершілігін арттыру қажет.

1.3.Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Көрсеткіштер деңгейіне келесі факторлар ықпал етеді:

СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАР:

аудандық климаттық-географиялық ерекшеліктері;

әлеуметтік-экономикалық факторлар (білімділік деңгейі, жаман әдеттерге жақындығы, салауатты өмір салтын ұстану, қоршаған орта жағдайы);

қауіпті жетекші факторлардың жойғыш әсерлері туралы тұрғындардың жеткілікті ақпараттанбауы және уәждемесі (шылым шегу, қауіпті дозаларда алкоголь қолдану, дененің артық салмағы, жоғары артериалдық қысым, гиперхолестеринемия, жеміс-жидектерді және көкөністерді жеткілікті мөлшерде пайдаланбау, дене белсенділігінің төмендігі);

биологиялық лаңкестік қаупі және шет елдерден (Ресей Федерациясының шекаралас 5 аумағынан) аса қауіпті жұқпалардың таралу қаупі;

«Капустин Яр» әскери-сынақ полигондарының жақын орналасуы табиғи сипаттағы факторлар әсерлерінен қоршаған ортаның бұзылуы;

коммуникациялық жүйелердің техникалық жағдайының ескіруі, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерін жеткіліксіз тазарту және залалсыздандыру;

жақын шетелдерден жеткізілетін азық-түлік тағамдары қауіпсіздігінің жүйелі сақталмауы;

Қазақстанның Кедендік  одақ құрамына кіруі;

ІШКІ ФАКТОРЛАР:

дәлелденген медицинада негізделген ауруларды диагностикалау, емдеу және сауықтыру хаттамалары мен жаңа әдістердің толық енгізілмеуі;

орта медицина қызметкерлерінің аурулардың алдын алуды қалыптастыру, балалар және жүкті әйелдер патронажы мәселелерінде біліктіліктерінің төмендігі;

бастапқы медициналық-санитарлық көмек және басқа да мекемелер арасындағы сабақтастықтың болмауы;

болжау, бағалау және қауіптерді басқару жүйесін енгізу деңгейінің жеткіліксіздігі;

БМСК деңгейінде медицина кадрлары жүктемесінің артық болуы;

кадрлардың жетіспеуі, соның ішінде, ауылдық жерлердегі кадр жетіспеушілігі;

медициналық қызметкерлердің телемедициналық кеңес берулерді жүргізуге және кеңінен қолдануға даяр болмауы;

сапаны бақылау қызметі рөлінің жетіспеушілігі;

компьютерлік сауаттылықтың, ақпараттық ресурстармен жұмыс дағдыларының жеткіліксіздігі.

 

2. Стратегиялық бағыт.  2. Денсаулық сақтау жүйесі тиімділігін арттыру.

2.1. Денсаулық сақтау саласы дамуының негізгі параметрлері

 

2014-15 жылдары аудандық денсаулық сақтау желісіне  17 медициналық ұйым кіреді (барлық ведомстволар), соның ішінде 16- амбулаторлық-емханалық ұйым (ДА-6, ФАП-2, МП-8), 1 аурухана және 1 туб.аурухана.

2014-15 жылы төсек орындармен қамтылу 10 мың тұрғынға шаққанда 28,3-ті құрады (9 ай 2014 ж.-45,4).

Амбулаторлық-емханалық ұйымдар қуаттылығының жоғарғы көрсеткішінде   (10 мың тұрғынға шаққанда ауысымына келіп-кетулер  120), дәрігерлер жетіспеушілігі орын алады (10 мың тұрғынға шаққанда барлық ведомстволар - 13,0 )

Бірыңғай автоматтандырылған денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру және енгізу үшін Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде компьютерлік техникамен 100% қамтылған.

2014-15 жылдары аудандық жедел жәрдем қызметінің 4 бригадасы бар. Санитарлық автотранспорт бойынша автопарк 2 бірлікке артты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2131 «Денсаулық сақтау ұйымдары жүйелерінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру шеңберінде 2013-15 жылдары келесі іс-шаралар жүргізілді:

4- дәрігерлік амбулатория  ФАП ретінде қайта құрылды; 3- медициналық пункт жабылды.

Аудандық орталық ауруханаға оңалту-бұрынғы қалпына келтіру профилі қайтадан ашылды.

 

Жыл сайын  халықтың 9%  стационарда ем алады, халықтың 10%-ы стацонарлық емделуге мұқтаж емес

. Бір тұрғынның дәрігерге орташа қаралу саны 2014 жылдың 9 айында-4,0 , 2015 жылдың 9 айындада сондай көрсеткіш болды - 4,0

. Поликлиника ішіндегі  күндізгі стационарда емделіп шыққан науқастар саны 2014 жылдың 9 айында-2232, 2015 жылдың 9 айында -2250.

.

 

Жедел-жәрдем шақыру саны көбейді- 1916(9 ай 2014ж), 1963 (9 ай 2015ж).

 

2.2. Негізгі мәселелер талдауы

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейінің жеткіліксіз болуы өзекті мәселе болып отыр. Орталық аудандық аурухана медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы-67,4%, Ұйымдық қатардың типтік емес ғимаратта орналасу 47,0% (8), санитарлық ережелер мен нормативке сай келмеушілік 17,6%, (3 МП).

 

2.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Тұрғындарға медициналық көмек көрсету деңгейіне келесі факторлар ықпал етеді.

СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАР:

қатынас жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы;

Кедендік одақ құрамына кіру.

ІШКІ ФАКТОРЛАР:

БМСК деңгейіндегі медицина кадрлары жұмысының  көптігі;

бірқатар медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базаларының жеткілікті деңгейде болмауы;

қайтарылған шығындарға негізгі заттарды жаңарту есебімен, стационарлық және стационар алмастырғыш көмекті қаржыландыруды жетілдіру;

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту;

дәріханалық нысандар санын, соның ішінде, жылжымалы дәріханалық пункттер санын көбейту;

жалған және контрафакталық өнімдерді тестілеуге арналған зертхананың толық жабдықталмауы.

 

3. Стратегиялық бағыт. 3. Кадрлық ресурстар жүйесінің дамуы.

Денсаулық сақтау саласы мамандарының үздіксіз кәсіби даму жүйесін жетілдіру.

3.1. Реттемелі саланың немесе қызмет ету өрісінің негізгі даму параметрлері

2014-15 жылдардан бастап орта медицина қызметкерлерінің саны көбейді, 10 мың тұрғынға шаққанда - 74,0 құрайды. 2014-15 жылдары аудан бойынша емдеу-профилактикалық ұйымдарының жоғары білімді медициналық кадрлармен қамтылу көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 13,3-ді  құрайды.

2014-15 жылы дәрігерлер санаттылығы 37,5%-ға артты,.

Дәрігер кадрлар тапшылығын төмендету үшін Алматы, Ақтөбе қалаларының медициналық университеттерінің түлектерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің, М.Оспанов атындағы медициналық университетінің және облыс әкімдігінің арасындағы 3 жақты келісім өз нәтижесін беруде.

2014-15 жылы біздің ауданға 6 жас  маман «дипломмен ауылға» жобасы бойынша аудандарға жіберілді. Оларды пітермен жабдықтау, көтерімақымен қамтамасыз етілген .

Бүгінгі күні Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебі базасында біздің басшымыз британдық технология бойынша денсаулық сақтау менеджерлеріне 10 айлық қашықтан оқытудан өтті.

 

3.2. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Кадрлық ресурстар мен медициналық ғылымды дамытуға келесі сыртқы және ішкі факторлар ықпал етіп отыр.

СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАР:

медициналық мамандықтың әлеуметтік мәртебесінің төмендігі;

ІШКІ ФАКТОРЛАР:

Медициналық мамандықтың әлеуметтік мәртебесі мен абыройын көтеру үшін:

медицина қызметкерлерінің кәсіби бірігулерін (қауымдастық) қолдау және олардың рөлін көтеру;

 

4. Стратегиялық бағыт. 4. Тұрғындардың дәрі-дәрмектермен қамтылуын жетілдіру.

Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

4.1. Реттемелі саланың немесе қызмет өрісінің негізгі даму параметрлері

Тұрғындарды амбулаторлы және стационарлы деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 100% құрады, тұрғындардың дәрілік заттарға қолжетімділігін арттыру үшін  ауылдық мекенде 8 дәріханалық ұйым ашылды.

2013-15 жылдардан бастап «Д» есебінде тұрған науқастар, амбулаторлы деңгейдегі 50% жеңілдікпен алатын дәрілік заттарды тегін алады.

4.2. Негізгі мәселелер талдауы

Фармакологиялық бақылау, дәрілік заттардың жанама әсерлер мониторингі, жалған және контрафакталық дәрілік заттардың өндірілуі және таралуымен күрес бойынша  жұмыстар одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Сонымен қатар медициналық ұйымдарды тиісті сервистік қызметі бар қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет.

Одан әрі шешімін табуды қажет ететін мәселелерге тұрғындарға, әсіресе, ауыл тұрғындарына дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі жатады.

4.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау:

Тұрғындар үшін дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға келесі факторлар ықпалын тигізеді.

СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАР:

Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) және Кедендік одақ құрамына ену;

дәрілік заттарды тасымалдауға әсер ететін климаттық жағдайлар;

форс-мажорлық жағдайлар;

жоғарыда аталған факторлардың кері әсерін болдырмау үшін рұқсат құжаттарын, келісімшарт жағдайларының жылдамдығы мен икемділігін оңтайландыру қажет.

ІШКІ ФАКТОРЛАР:

дәрілік заттардың бірыңғай дистрибьюциясы менеджментінің тиімсіздігі;

медициналық жабдықтардың, әсіресе, қымбат жабдықтар мониторингі деңгейінің жетіспеушілігі.

емделушілерге дәрілік заттар мен дәріханаларды таңдау құқығын ұсына отырып, тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге жеңілдіктерді  белгілеу.