Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жыл сайынғы Жолдауын халықтың арасында кеңінен насихаттап, түсіндіру мақсатында аудан әкімінің 2014 жылғы 17 қарашадағы №42-ө өкімімен аудандық ақпараттық насихаттық топ құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Ақпараттық насихаттық топ мүшелерімен аудан тұрғындары, мекемелер мен кәсіпорындар ұжымдары арасында белгіленген кестеге сай 67 кездесу өткізіліп, оған 6492 адам қатысты. Аудан бойынша Жолдауға арналған 12-і билборд орнатылды. Аудандық «Шұғыла» газетінде арнайы айдар ашылып, медиа-жоспарға сәйкес 54 мақала мен пікір жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауды халықтың арасында насихаттап, түсіндіру мақсатында аудан әкімінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №319 қаулысымен аудандық ақпараттық насихаттық топ құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Ақпараттық насихаттық топ мүшелері аудан тұрғындары, мекемелер мен кәсіпорындар ұжымдары арасында белгіленген кестеге сәйкес кездесулер өткізуде. Аудандық «Шұғыла» газетінде арнайы айдар ашылып, медиа-жоспарға сәйкес күні бүгінге 9 мақала мен пікір жарияланды.

Аудан әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның жұмысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жылы комиссияның 4 отырысы оздырылып, мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылуы, сонымен қатар білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы және оларды құрметтеу мен насихаттау жәйі туралы тыңдалды. Жыл басынан бастап барлық ауылдық округтердегі мемлекеттік органдардағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы тексеріліп келеді.  Ауданның барлық ауылдық округтерінде 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған шаралар оздырылды.

Жәнібек ауданы көлемінде Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейде атап өту мақсатында аудан әкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №2-ө өкімімен жұмыс тобы құрылып, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған салтанаттық шарасинхронды түрде бірыңғай 2015 жылдың 6 ақпанда аудан орталығының және ауылдық округтердің орталық алаңдарында өткізілді.

Елбасының қолдауымен басталған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы ауданның барлық ауылдық округтерінде кең көлемде аталып өтілді. Батыс Қазақстан облысында 6 ақпанда бастауын алған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының эстафетасы Жәнібек ауданына үстіміздегі жылдың наурыз айының 4 күні Казталов ауданынан қабылданып, 10 наурыз күні Бөкейордасы ауданына табысталды.

 Жәнібек ауданының әкімдігі "20 жақсы іс" жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Камал Наргуловқа сый-сияпатын табыс етіп, тұрғын үйі өртеніп кеткен жас отбасы Б.Бисенғалиевтерге материалдық көмек көрсетті.

Жәнібек ауданы  бойынша  қазіргі таңда  қоғамдық -саяси ахуал  тұрақты, қоғамдық-саяси, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтау бойынша жұмысты үнемі назарда.

Аудан орталығында « Қазақстан 2050» Стратегиясы-жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты», «Біздің басты мақсатымыз - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу», «Жаңа Қазақстандық патриотизм-еліміздің жарқын болашағының тірегі», «Астана - жаңаның жаршысы, тәуелсіздігіміздің табысы, Қазақстанның гүлденуі, қауіпсіздігі және  жақсаруы, барлық Қазақстандықтардың әл-ауқаты!», «100 нақты қадам» және т .б. баннерлер орналастырылды.

Жәнібек ауданының жастары патриотизмді, азаматтық көзқарасты тәрбиелеуге аса мән береді. Бұл тұрғыда «Ақбастау» Жәнібек жастар қоғамдық  бірлестігі  зор үлес қосуда. «Болашақ бүгіннен басталады» жалпыазаматтық бастама аясындаЖәнібек ауданы бойынша Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясының дамуы Тұжырымдамасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданның ауылдық округтеріндегі Қоғамдық келісім кеңесінің біртұтас және өзара байланысқан құрылымын құру бойынша шаралар қабылданды - жергілікті қауымдастықтың қатысуымен жиналыстар өткізілді. Қазіргі уақытта жергілікті орындарда Кеңестердің Жұмыс жоспарларына сай жұмыстар жүргізілуде. «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасын іске асыруда көптеген игі шаралар іске асырылды және  осы бағытта ауданда жұмыстар жалғасын табуда.

Соңғы кезде өткір тұрған мәселелердің бірі ол дін мәселесі. Аудан жастарын теріс діни ағымдардан сақтандыру бағытында діни экстремизм және терроризм идеологиясы таралуының алдын алу; халықтың діни сауаттылығын арттыру,  орта мектептер және арнаулы білім беретін орындардағы дін ахуал және оларды шешу бағытында жұмыстар жүргізілді. Ақпараттық насихат топ мүшелері колледж студенттерімен, мектеп оқушыларымен кездесті. Қаңтар айында аудандық мәдениет үйінде Мәуліт мейрамы аталып өтті. Сәуір айында аудандық мұсылмандар мешітінде жергілікті халықтың қолдауымен жалпы садақа берілді. Ертеңіне жергілікті әкімдіктің көлік күшімен қамтамасыз етуімен ауыл тұрғындары зираттың іші тысын тазалады. Сонымен қатар, Ораза айт, Құрбан айт мерекелерінде мешіттің ауласында киіз үй тігіліп, келген қадірлі меймандар мен ел үлкендері үшін ас әзірленді, мешіт жанында спорт ойындары ұйымдастырылады. Қасиетті Рамазан айында ораза үстап жүрген жамағатқа мешіт басынан мекемелер мен кәсіпкерлер күн сайын ауыз ашар дастарханын ұймдастырды. Аудандағы білім саласындағы мекемелермен, ҰҚК қызметкерлерімен, аудандық мешітпен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі. Есепті мерзімде №1ЖББОМ, Т.Жароков атындағы ЖББОМ, Жәнібек колледжінде, Камысты, Ұзынкөл, Тау, Талов, Ақоба, Күйгенкөл, Борсы, Жақсыбай ауылдарының тұрғындарымен діни тақырыптарда кездесулер өтті. Діннің теріс ағымына түскендермен, олардың ата аналарымен де жұмыс жүргізілуде.

 Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында Жәнібек ауданында діни экстремизмге қарсы ақпараттық өрісті кеңейтуге арналған жылдық жоспар бекітіліп, аталмыш жоспар барысында барлық мүдделі әлеуметтік топтар жұмылдырылды.

2015 жылы аудан көлемінде діни экстремизм мен терроризмді алдын алуға және діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түрлі форматта 4900 адамды қамтыған 71 шараөткізілді. Соның ішінде 2 кеңес, 59 кездесу, 1 семинар, 8 дөңгелек үстел, 1 акция. Қоғам ішінде толерантты діни сана-сезімді қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ұлттық тәлім тәрбие құндылықтарын сақтау және насихаттауға арналған аудандық медиа-жоспарға сәйкес 51 мақала жарияланды.

Аудандық ішкі саясат бөлімімен ақпараттық - насихат топ мүшелеріне және аудандық мұсылмандар мешіті арқылы жамағатқа Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасынан алынған 2500-ден астам діни әдебиеттер таратылып берілді.

24 қыркүйек күні аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу мақсатында орталық алаңда «Жастар жарқын болашақты қолдайды» атты акция оздырылды.

Желтоқсан айында жыл қорытындысымен үздіктер анықталып, 12 номинация бойынша әр саланың мамандары марапатталды және орталық алаңдағы Құрмет тақтасына бейнелері ілінді.

Ағымдағы жылғы 26 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы Орал қаласында оздырылған болатын. Бұл шараға Жәнібек ауданы белсене қатысып, Зеленов ауданы, Көшім ауылындағы балалар үйіне өз сыйлықтарын табыс етті. 

Аудандық ішкі саясат бөлімі жанында «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі және аудандық ардагерлер ұйымы жұмыс жасайды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырып отыр. 2015 жылға Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 2010 000 (екі миллион он мың) теңге қаражат бөлінді. Жыл бойы әр түрлі шаралар өткізілді, соның ішінде «Көктем аруы» байқауы, «Жүректен жүрекке» қайырымдылық кештері, КТК ойындары, «Жасыл жапырақ» сенбілігі, «Жігіт сұлтаны», спорт жарыстары, дөнгелек үстелдер және т.б.. Аудандық ардагерлер ұйымына 2015 жылға 500 (бес жүз) мың теңге бөлінді. Желтоқсан айында «Жыл үздігі» жастар сыйлығымен әр саладағы жас мамандардың үздіктерін марапаттады.

Ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен «Қариялар жаны дархан дариялар» байқауы, Елбасының Жолдауын насихаттау бағытында кездесулер, құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде дөнгелек үстелдер, спорттық және мерекелік шаралар өткізілді. Аудан деңгейіндегі мекеме, ұйым және білім ордаларында, рухани орталықтарда түрлі кештерге қатысып, кейінге жеткіншек ұрпаққа ағалық ақыл-кеңестерін айтып жүруде.

Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газеті арқылы жүргізіледі. Ол үшін жергілікті бюджеттен 7 933 (жеті миллион тоғыз жүз отыз үш) мың теңге қаражат бөлініп, 1700 - ден астам тиражымен газет басылып шығарылуда.

Аудан бойынша республикалық және жергілікті мерзімдік баспасөзге 2016 жылдың І жартыжылдығына жазылу ұйымдастырылды.

Телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерге 2015 жылға 1 млн. теңге бөлініп, «Қазақстан-Орал» арнасы арқылы жұмыстар толығымен атқарылды.