1. Діннің, діни догмалардың ерекшеліктері туралы идеялардың болуы.
  2. Зайырлы тәртіпті, оның ішінде заңдарды, билік және басқару органдарын мойындамайтын ұйғарымдардың болуы.
  3. Діни алауыздық немесе араздық тудыратын, қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, адамгершілікке немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін ұйғарымдардың болуы.
  4. Діни догмалардың ғылыми түсіндірмесін мойындамау, «мазхабтарды» (исламдағы діни мектептерді) теріске шығару, оның ішінде Орталық Азия мұсылмандары үшін дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабын сыни түрде қабылдамау.
  5. Адамдарды шынайы діндар, діннен безгендер немесе адасқандар деп бөлу.
  6. Халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын мойындамау, оларды ұстанудан үзілді-кесілді түрде бас тартуға шақыру.
  7. Діндарлардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға баруын, теледидар, әсіресе ойын-сауық және музыкалық бағдарламалар мен хабарларды қарауын шектеу.
  8. Әйелдердің киім үлгісін таңдау еркіндігін шектеу немесе әйелдерді, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаларды анық көрінетін діни киімді немесе басқа елдер мен халықтарға тән киімді киюге мәжбүрлеу.
  9. Діни талаптар мен рәсімдер бойынша некеге тұру және некені бұзу ұйғарымы.
  10. Ұлттық тілге және мәдениетке нұқсан келтіретін өзгеше сөйлемдерді, сөздерді, сленгтерді қолдану ұйғарымы.
  11. Ұлттық дәстүрлерге, мәдениетке және қазіргі заманғы талаптарға нұқсан келтіретін өзгеше түрге ие болу және өзгеше киім кию ұйғарымы:

Ер адамдар үшін:

- күтім көрмеген, бей-берекет өсірілген сақал. Мұрт қырып тасталады;

- тобықтан төмен түспейтін, кең пішімді қысқартылған шалбар (дене пішінін анық көрсететін киім үлгісіне тыйым салынады).

Әйел адамдар үшін:

- Денені толығымен немесе толық дерлік жабатын кең үлгідегі киім (паранджа, бурка, чадра, химар, хиджаб). Көбінесе қара түсті немесе басқа да қараға жақын түстер (қара-қоңыр, қара-көк, сұр).

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңын жүзеге асыру мемлекет мүддесінің басты мақсаты болып отыр. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық, басқа да жағдайлар жасап келеді. Асығып сүрінгенше, аптықпай жетейік дегендей, аталған заңның қабылданғанына да 15 жыл болып отыр. Жергілікті жерлерде жүзеге аспақ түгілі, заңның қағидалары мен қойған талаптары ұмыт болып қалғандай... Олай деуге негіз жоқ емес. Аудандағы ауылдық округтер тұрғындарының өздері тұрған ауылдарын, яғни өзін-өзі басқаруға қолдары жетті деп әлі айта алмаймыз. Өйткені, әртүрлі қоғамдық нысандағы ұйымдар тек қағаз жүзінде қалып отыр. Жариялылық жетіспейді.

Айталық, жоғарыда қабылданған заңда қоғамдық кеңестер құру туралы алғышарттар орын алған болатын. Мұның өзі тек 2016 жылы ғана жүзеге асты. Атап айтқанда, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының заңы 2015 жылы қарашаның 2-сі күні қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Міне, ауданымызда бұл іс қысқа мерзім ішінде қолға алынып, заңға сәйкес құрылып, яғни өткен жылдың 15 ақпанынан бастап, аудандық қоғамдық кеңес өз жұмысын толық негізде атқарып келеді деп айта аламыз. Оның 5 адамнан құрылған төралқасы, әрбір ауылдық округтен бір адамнан барлығы 25 мүшесі бар. Аудандық қоғамдық кеңесті - республика бойынша мыңдаған әртүрлі нысандағы қоғамдық ұйымдар болса, солардың ішінде «Қоғамдық кеңес туралы» заңды басшылыққа алып жұмыс істейтін бірден бір қоғамдық ұйым деп айтуға толық негіз бар.

«Қоғамдық кеңес туралы» ҚР заңы кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына, оған азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Аталған заң аясында жоғарыда айтылғандай, оның қызметінің мақсаты, азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелері бойынша пікірін білдіру болса, міндеті азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, атқарушы органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, атқарушы органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Жыл ішінде аудандық қоғамдық кеңестің 26 отырысы оздырылды. Өйткені отырыс қоғамдық кеңестің жоғарғы органы болып табылады. Аталған отырыстарда қоғамдық кеңес өзіне заңда көрсетілген өкілеттіктері бойынша аудан бюджетінің бағдарламалық жобаларын және оның орындалуын уақтылы талқылап, тиісті шешімдер алып отырды. Атқарушы органның стратегиялық жоспарлары мен ауданды дамыту, нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы есептерін тыңдап талқылады. Жергілікті экономика және қаржы бөлімінің есебін тыңдап, бюджетті талқылап, оған қажетіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Аудандық қоғамдық кеңес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға үнемі қатысып келеді. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеп, тиісті мемлекеттік органға енгізіп отырды. Жеке және заңды тұлғалардың қызметтік әдеп нормаларының сақталуы, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және олардың жұмысының ашықтығын ұйымдастыру турасындағы қоғамдық кеңес аталған тұлғаларды қабылдап келеді. Басқа да ағымдағы көптеген қоғамдық маңызы бар құжаттар қабылдап, отырыстарда қарап, келісім беріп, хаттамалар түзілді. Қоғамдық кеңестің отырыстарына оның мүшелерінің басым көпшілігі белсенді қатысып отырды. Жалпы, қоғамдық кеңес шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, жариялылығын қамтамасыз ету - қоғамдық кеңес жұмысының басты мақсаты болды.

Қоғамдық кеңестің тағы бір атқаратын қызметі қоғамдық бақылау мен мониторингті ұйымдастыру, сондай-ақ қоғамдық тыңдауды және қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу болса, ол турасында қоғамдық кеңестің комиссиялары үш бағытта құрылып, нәтижелі іс тындырды деп толық айтуға болады.

Бекет ӘЛІПҚАЛИЕВ,

аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

28 шілде күні Жәнібек ауданының әкімдігінде аудандық қоғамдық кеңестің отырысы оздырылып, оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары, кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен білім саласының басшы-қызметкерлері қатысты. Отырысты қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Басқосу барысында отырысқа қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, түрлі ұсыныстарын ортаға салды.