Жаңалықтар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркелу қызметін қосты. Бұл қызмет мемлекеттік корпорацияның бастамасымен ҚР ІІМ мен Әділет министрліктері базаларының интеграциялануы нәтижесінде жүзеге асып отыр.

6 маусым күні  аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІІ сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

БҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мен РФ Волгоград облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының арасында «Трансшекаралық аумақтарда пайда болған табиғи өрттерді жою туралы» бірлескен командалық-штабтық жаттығу өткізілді. 

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. Оның айтуынша, елімізде 1,5 жыл бұрын іске қосылған проактив қызметі арқылы70 мың баланың туу туралы құжаты рәсімделіп, бала тууға байланысты берілетін 13 мың жәрдемақы смс арқылы тағайындалды.

2019 жылдың төрт айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша  бөлімдері арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 2 қызмет көрсетілді. 

2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы менбала кезіненI топтағы мүгедеккекүтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өседі.

5 маусым Қазталов ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Алтай Көлгінов осындағы көшпелі жиынға қатысты.