5 қазан күні аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезекті ХХІV  сессиясы оздырылды. Отырысқа №1 Оңтүстік шығыс сайлау  округі бойынша депутат Тахир Қадимов төрағалық етті.

 

Сессияға  аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасарлары,  аппарат басшысы,  ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде бірінші мәселе  аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы  № 18-8  «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы  аудандық экономика  және қаржы  бөлімінің басшысы  Руслан Сариев баян етті. Өз кезегінде аудандық ішкі істер  бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымынан босатуға  келісім  беру,  аудандық мәслихаттың  2013 жылғы  20 желтоқсандағы  № 20-1 «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін  белгілеу және  мұқтаж  азаматтардың  жекелеген санаттарының тізбесін анықтау қағидасын бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу , аудандық мәслихаттың  кезекті  сессиясының төрағасын бекіту туралы мәселелер қаралды. Ұсынылған мәселелерді  депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді. Жиынды аудан басшысы Азамат Сафималиұлы қорытындылады.

 

Ә.Қуанғалиева