5 қазан күні  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында аудан әкімі Азамат Сафималиев тұрғындарды қабылдады. Жиынға дербес бөлім басшылары да қатысты.

 

Қабылдауға жазылған тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үйге қол жеткізу бағытындағы сұрақтарымен келді. Мәселен, Г.Темірғалиева, Г. Мұқанова, Д.Сүйінғалиева, А.Садықова, П.Идрисова, М.Оразова тұрғын үйден көмек сұрап, сұраққа қатысты бөлім басшыларынан санат бойынша кезекте тұру немесе кезегінің жылжуы туралы ақпарат алды. Ал С.Қожасова көршісі А.Қуанованың жағдайын айтса, Қ.Папанова, А.Алдиярова, И.Оспанова, Ж.Ғаббасова, С.Ахмурзин жұмысқа орналасу жөнінде жәрдем сұрады. Майра Кинжинова мүмкіндігі шектеулі жандарға шеберхана ашу үшін демеуші немесе әкімшілік тарапынан көмек сұрады. Сондай-ақ апатты үй, маршруттардың уақтылы жүрмеуі сынды сұрақтармен келген тұрғындар да болды. Аудан әкімі тарапынан қабылдауға келген әр тұрғынға тиісінше жауап берілді.

 

Гүлзара Төреғалиева