26 қазан күні  аудандық спорт мектебінің ғимаратында аудан әкімдігі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Жәнібек аудандық БЖСМ-нің құрылғанына 50 жыл толуына орай  қазақ күресінен 2003-2004 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында ашық аудандық турнир өтті.

 

Оған ауданға қарасты ауылдық округтер  және көршілес Қазталов пен Бөрлі аудандарынан барлығы 7 команда қатысты. -Бүгінде спорт мектебінде волейбол, баскетбол, шахмат, жеңіл атлетика, футбол, күрестің самбо, қазақ, еркін түрлері ашылып, 300-ге жуық бала қатысады. Біздің спортшыларымыз халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда топ  жарып, аудан спортының мәртебесін арттырып келеді. Жарыста қазақстандықтардың болашағы үшін, еліміздің тәуелсіздігінің мәңгі болуы үшін жастарға көп мән берілетіні белгілі. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз,- деді аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов жарыстың ашылу салтанатында. Өз кезегінде ардагер спортшы Тельман Ғұсманов та жылы лебізін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Л.Халина