26 қазан күні аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығына орай киім-кешектер жәрмеңкесі өтті. — Үстіміздегі жылдың 1 қазан мен 1 қараша күндері аралығында қайырымдылық айлығы деп жарияланған болатын.

 

Жыл сайын өткізілетін бұл жәрмеңке де қайырымдылықтың көрінісі. Аудандық мекеме, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындарынан киімдер жиналды. Аз қамтылған отбасыларға арналған киім-кешек жәрмеңкесінде жоспарға сай қысқы, күзгі киімдер мен аяқ киімдер бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл жәрмеңкеге тұрғындар көптеп жиналды, — деді аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев. Өткізілген жәрмеңкеде негізінен киімдердің басым көпшілігі ине мен жіптен жаңа шыққандай көрінгенін айта кетуіміз керек.

                                                                                      Гүлзара Төреғалиев