29 қараша күні Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде  аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты дөңгелек үстел оздырылды.

 

Оған ауданның зиялы қауымы мен ардагерлер, мектеп оқушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудан жастары атынан аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Сағынбек Стамов сөз сөйлеп, Елбасының өмір және еңбек жолдарына кеңінен тоқталды.

 

Жарқын Ахметкереев

.