8 қаңтар күні  аудан әкімдігінде мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі өзгерістер, сыбайлас жемқорлықты алдын алу хақында жиын болып өтті. Оған ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және аудандағы барлық мекемелердің бухгалтерлері қатысты. 

 

Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі және электрондық еңбек шартындағы өзгерістер, бюджетті дұрыс игеру, уақтылы тапсырылатын есептердің дұрыстығы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев, аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік сатып алу маманы Асхат Жамиев және аудандық статистика басқармасының бас маманы Нұрсұлу Атаева өз ойларын ортаға салды.Жиынға қатысушылар тарапынан тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар алынды. 

 

Г.ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ