8 қаңтар күні  аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында мал қыстағын өткізу бойынша құрылған аудандық штабтың құрамымен, ауылдық округ әкімдерімен бірлескен отырыс оздырылды. Оған облыстан арнайы келген облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов қатысты. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов жүргізіп отырды.


Облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Рашидұлы ауа-райы күрт өзгеріп, қалың қар жауып, қыс мезгілі өз қаһарын көрсетуіне байланысты мал басын қыстан аман сақтап қалу хақында ойын жеткізді. Жиынға қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, пікірлерімен бөлісті. 

 

Г.МӘДИ