9 қаңтар күні Жәнібек ауданының әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтіп, оған аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары қатысты. 


Сессияда «Жәнібек аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» және «Жәнібек ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, сондай-ақ «Жәнібек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиев хабарлама жасады. Депутаттар күн тәртібінде қаралған мәселелерді бір ауыздан қабылдады. Өз кезегінде Тахир Зинұрұлы сайланған аудандық және учаскелік сайлау комиссиялары бір аптаның ішінде өздерінің отырыстарын өткізіп, комиссия төрағасын, оның орынбасарын және хатшысын сайлау керектігін ескертті. Ал Жарқын Ғиниятұлы өз хабарламасында аталған саладағы өзгерістер жөнінде кеңінен түсінік берді.

 

А.ҚОЖАҒҰЛ