10 қаңтар күні  аудан  әкімі Азамат Сафималиев Қамысты, Борсы, Талов ауылдарындағы шаруа қожалықтары басшыларымен кездесіп, малды қыстан шығару, оларға қажетті жем-шөп мәселелері туралы талқылады. Әсіресе жылқы малын шөппен қамту, сонымен қатар жылқылары шекара бойында қалған шаруашылықтарға жол ашып беру мәселесін ұйымдасту жайында  айтылды.


Сондай-ақ шекара пункті арқылы Ресей Федерациясынан жем алу бағытында келісімге келді. Қазірде Қамысты ауылына 2 КамАЗ және Борсы ауылына 40 тонна жем өткізілді. Осы бағытта аудан басшысы Жақсыбай, Талов және басқа да сұранысқа ие ауылдарға жем жеткізуді қолға алды.  Сондай-ақ осы ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандарды аралап, олардың  қысқы маусымдағы жұмысымен танысты. Аудан әкімі аталған ауылдардағы мекеме басшыларына жылыту жүйесіндегі қазандықтардың жұмыс істеуін ұдайы бақылау, сонымен қатар ауруханаларда дәрі-дәрмектердің болуы, жедел жәрдемнің уақтылы қызмет көрсетуін тексеруді тапсырды.