6 ақпан күні Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен аудан аумағында 2018-2019 жылдардың қысқы кезеңінде мал қыстағын өткізу бойынша құрылған аудандық штабтың құрамымен отырыс өтті. Онда әрбір ауылдық округке мал қыстағын өткізу бойынша бекітілген штабтың мүшелері шаруа қожалықтарындағы қолда бар мал азығының қорына байланысты мәліметтерді баяндады. Өз кезегінде Азамат Сафималиұлы штаб мүшелеріне ауылдарды аралап, ондағы нақты жағдайды біліп, бақылауда ұстап отыруды ықтияттап тапсырды. Отырыс барысында, сондай-ақ астық, нан бағасының да басты назарда болу керектігі қаперге берілді.

                                                                                                                                                  

А.ЕСІРКЕПОВ