15 наурыз күн «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов тұрғындарды қабылдады. Жиынға дербес бөлім басшылары да қатысты. Қабылдауға жазылған тұрғындар түрлі сауалдармен келді.


Мәселен, Жәнібек ауылының тұрғыны Нұрбек Сырымов пен Меңдібек Шаматов жер мәселесімен келсе, төрт баланың анасы Алма Ерғалиева тұратын үйінің жоқтығын айтты. Ұзынкөлдік Меруерт Қыдырғалиева жұбайы екеуіне жұмыс сұрап келді. Жұмаев елді мекенінің тұрғыны Шолпан Қыдырғалиева мүгедек баласын ауруханаға әкелу қиындық туғызып отырғанын айтып, аудан орталығынан тұрғын үй мәселесін шешіп беруді өтінді. Ал Мария Мұқанова бірнеше жыл жұмыссыз отырған екі баласына жаны ашып, оларға жұмыс сұрап келді. Сонымен қатар бұдан бұрын бірнеше рет әкім қабылдауында болған Гүлсім Кинжинованың мәселесі шешілді.Аудан әкімінің орынбасары тарапынан қабылдауға келген әр тұрғынға тиісінше жауап берілді.