16 наурыз күні «Нұр Отан» партиясына 20 және Қазақстан Республикасы  Мәслихаттарының құрылғанына 25 жылдығына орай мекемелер арасында баскетболдан жарыстың қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды тиісінше №1 мектеп-лицейі, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және шекара командалары жеңіске жетті.


Сондай-ақ «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік техника» аталымдары бойынша сәйкесінше Мирсаид Азимов, Григорий  Герланов және Дастан Әбдірешов ие болды. Жеңімпаздарға дипломдар, медальдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.Аудан әкімдігі жарысты ұйымдастырып, атсалысқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен барлық мекеме басшыларына алғысын білдіреді.