4 мамыр күні «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында аудандық қоғамдық штабтың брифингі өтті. Алғы сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов брифингтің маңыздылығы туралы түсіндірді. Брифингке 20 адамнан құралған штаб мүшелері қатысып, алға қойған жоспарлары талқыланды.

.