9 мамыр Жеңіс күніне арналған шара ауданда "Бауырластар" зиратындағы реквием-митингіден басталды. Ұлы Отан соғысынан оралмай Жәнібек жерінде  қалған 140 боздақтарға тағзым етіліп, содан соң аудан әкімі А.Сафималиев пен Жәнібек аудандық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Губашев, ауған соғысының ардагерлері Қ.Қабаев пен К.Аткешев, А.Оразбаева мектебінің үздік оқушылары  бауырластар зиратына гүл шоқтарын  қойды.

 

  

 

Орталық алаңнан бастау алған "Мәңгілік полк" шеруі Кеңес одағының батыры М.Мәметова ескерткішіне келді. Аудан әкімі А.Сафималиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Уалиев,  №2036 әскери бөлім басшысының міндетін атқарушы Қ.Нүсіп пен тыл ардагері Ә.Темешев батыр қыздың ескерткішіне, соғыстан оралмаған боздақтарға арналған монументке аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Кадимов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы  Б. Әліпкалиев гүл шоғын қойды.

 

  

  

 

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған шара одан әрі төйтөбеде дала қызықтарымен жалғасын тапты.

 

📰 Онда:⤵️

🔵 аударыспақ;

🔴 теңге ілу;

🔵 тай жарыс;

🔴 құнан жарыс;

🔵 топ бәйге;

🔴 қазақша күрес;

🔵 арқан тартыс сынды ұлттық ойындар ойналды.

 

  

  

  

 

Кешкісін Ұлы Жеңіс күніне орай аудандық мәдениет және демалыс саябағының жазғы маусымдық ашылу салтанаты өтті. Шарада:

 

 Аллея бойындағы кітап көрмесі таныстырылып;

 Суретшілер байқауы өткізіліп;

 Соғыс кезіндегі демалыс уақытын бейнелейтін көрініс қойылып;

 Тегін солдат ботқасы таратылды;

 Мерекелік концерт тамашаланды.