6 маусым күні  аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІІ сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

 

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша:

 

аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев 2018 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы туралы,

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қанат Алпысбаев, жоғарыда аталған бөлімнің басшысы Руслан Сариев Жәнібек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №26-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы,

 

Қамысты ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қарақұлов Қамысты ауылдық округі әкімінің 2018 жылы атқарған жұмысының есебі туралы,

 

аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Жәнібек аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» №28-1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы,

 

аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мирас Иманғалиев Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 87-тармағын іске асыру мақсатында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарламалар жасады.

     

Күн тәртібінде қаралған мәселелер аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның мәжілісінде талқыланғандықтан, депутаттар шешім жобаларын бірауыздан бекітті.


Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып №12 Талов сайлау округінен депутат Берік Ихсанов сайланды. Сессияда аудан әкімі Азамат Сафималиұлы сөз сөйледі.