18 маусым күні Жәнібек ауданы әкімдігінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілінің жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша отырыс өтті.

 

Отырысқа Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жанар Жұмағазиева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Шолпан Қайырмұқанова, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жетекші сарапшысы Айгүл Қазиева,  Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Молдағалиев қатысып, дәрістер оқыды.

 

Бұдан кейін әдеп жөніндегі уәкілдер Ж.Дүйсенғалиқызы мен Ш.Амангелдіқызы жеке қабылдау жүргізді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер арасында тренинг өткізіліп, «Парасат» және «Бірлік» атты топтар өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде «Парасат» командасы жеңіске жетіп, алғысхатпен марапатталды.