24 шілде күні  «Ақжайық-адалдық алаңы» жобасының негізінде ауыл-елді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізіп жүрген аталған жоба кеңсесінің құрамындағы өкіл мамандар  Күйгенкөл ауылында болып, жергілікті билік өкілдері мен бұқара халықтың басын біріктірген жиын өткізді.

Жиынға:

✅«Ақжайық-адалдық алаңы» жоба кеңсесінің басшысы Әлия Салиева,

✅БҚО әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас инспекторы Айман Хайруллина,

✅«Ақжайық-адалдық алаңы» жоба кеңсесінің менеджері Мира Отарбаева;

✅аудан әкімі Азамат Сафималиев;

➡️аталған жобаның алда атқарар жұмыс миссиясы туралы түсінік беріп,

➡️ауыл-елдегі қарапайым азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру арқылы тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендетуге және сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу арқылы қоғамның ахуалын қалыптастыру екенін түсіндіріп өтті.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға, жауаптар қайтарылды.