27  тамыз күні аудандық мәдениет үйінде «Жаһандық құндылықтар және қазақстандық білім мен ғылымның сапасы» тақырыбында аудан білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Алдымен фойеде ардагер ұстаздар мен жас мамандарға гүл шоқтары ұсынылды. Аудандағы 12 мектептің директорлары жиналғандарды слайд арқылы білім ұясының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Кеңеске қатысушыларды аудан әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Абдолов құттықтады.

 

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Абдолов, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, білім саласы бойынша кәсіподақ төрайымы Аққу Нұрғалиева бір топ ұстаздарға ҚР Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасы мен алғысхатын, аудан әкімінің алғысхатын, облыстық білім басқармасының, аудандық білім беру бөлімінің құрмет грамотасын, аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің алғысхатын табыс етті.

 

Сондай-ақ кеңес барысында облыстық білім басқармасының құрмет тақтасынан орын алғандарға көпшілік тарапынан құрмет көрсетілді.

 

Шарада Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай республикалық тамыз кеңесінде ұйымдастырған музыкалық эстафета жалғастырылды. Осындай игі шараны аудандық балалар саз мектебінің тәрбиенушілері «Көзімнің қарасы» әнімен көркемдеді. Тамыз кеңесі жиналған қауымның орындауында «Ұстазым» әнімен өз мәресіне жетті.