Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің АХАТ қызметі туу, неке қию, нке бұзу, өлім, әкелікті анықтау,  ұл (қыз) асырап алу,  тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру, қайталама куәліктер мен анықтамаларды беру, акт жазбаларды қалпына келтіру,  акт жазбаның күшін жою және ресми құжаттарға апостиль қою секілді  11 мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Аталған мемлекеттік қызметтерге сәйкес Қазақстан Республикасындағы «Электронды Үкіметті қалыптастыру туралы» Президент Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде, ақпараттық жүйені оңтайландыру  және  құқық  қорғау органдарының арнайы порталы мен «шлюзі»  жасалды. Бөлімнің мұрағатында азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша кітаптары 1943 жылдан бастап сақталған.  Алайда, 2008 жылға дейінгі акт жазбалар қолжазба  мәтінінде жасалған.  Осыған байланысты, «АХАЖ» ақпараттық  жүйесіне енгізілген ақпараттық дұрыс емес мәліметтер болуы мүмкін.  Азаматтар өздерінің мәліметтері дұрыс емес боған жағдайда  түзету үшін тиісті өтінішпен тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарғы арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарына немесе тіркеуші органға жүгінуге толықтай мүмкіндігі бар.                     

2018 жылдың маусым айында басталған  азаматтық хал актілерді өзектендіру жұмысы бойынша барлығын аяқтаған болатын. Яғни  өзектендірілуге тиісті акт жазбалар саны-91598. Азаматтық хал актілерді өзектендіру жұмысы бойынша 10 адам 10 компьютермен   жастар практикасы  негізде ауқымды жұмыс атқарып келеді. Сонымен қатар БҚО Әділет Департаментінің хатына сәйкес, АХАТ АЖ-нен азматтық хал актілерінің сапасына қатысты жүктеме жасалған  акт жазбалар бойынша жеке сәйкестендіру нөмірлері  қойылмаған 27162 акт жазбаға қазіргі таңда ЖСН кою жұмыстарын атқарып жатыр. ЖСН-сыз сәйкестендіру категориясымен жұмыс жасаған кезде кездескен басты мәселелер:

  • «АХАЖ ТП» Ақпараттық жүйесіне акт жазба бойынша аты-жөні, туған күні дәл  салынғанымен сәйкестендіру жасалмайды, ондай жағдай көбіне әйел адамдарға қатысты болып келеді. Некеге тұрғаннан кейін жолдасының тегін алуына байланысты тегі өзгеріп кетеді.
  • Азаматтық хал актілерді өзектендіру жұмысы бойынша БҚО Әділет Департаментінен келіп түскен кестеде көптеген азаматтардың ЖСН-ы табылмайды, азаматтардың аты-жөнін тіркеу кезінде кейбірінің тегі қазақша болса, әкесінің аты орысша болып келеді немесе керісінше, сол себепті сәйкестендіру қиынға соқтырады .
  • Шет мемлекетке қоныс аударған және қайтыс болған  азаматтардың ЖСН-ы табылмайды;

   Сондай-ақ  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлерімен бірлесіп, қызмет алушыларға  электрондық үкімет порталы арқылы өз мәліметтеріне түзету жүргізу мүмкіндігі жөнінде түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.

Орындаушы:                                                                                                      

Жәнібек  ауданының  аудандық мәдениет,                                                       

тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт                                             

 бөлімінің  бас  маманы  Г.Х.Дуйсенбаева