Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 деңгейдегі бюджетке төленуге жататын салықтар бойынша барлық төлемдер аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының БСН-іне төленуі тиіс. Бұл ретте жергілікті өзін–өзі басқарудың дербес бюджеттерін енгізудің бірінші кезеңінде (4-деңгейдегі бюджеттер) халық саны 2000 адамнан асатын ауылдық округтердің бюджетіне түсетін салықтар бойынша жаңашылдықтар салық төлеушілерге қатысты болады. МӘМ бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде енгізіледі. Дербес бюджетті қалыптастыру әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде және азаматтардың өз ауылын, кентін дамытуға бағытталған шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге мынадай түсімдер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер болып табылады:

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы;
2) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы;
4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан көлік құралдары салығы.

    Осылайша, 4-деңгейдегі дербес бюджеттер халықтың елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, автожолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі қажеттіліктерін ескере отырып, бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жоспарлауға және пайдалануға мүмкіндік береді, бұл түпкі нәтижесінде адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және елді мекендердің сыртқы келбетін жақсартуға ықпал ететін болады.

 

Жәнібек ауданы бойынша 4-деңгейдегі бюджеттерге төлеуге жататын ауылдық округтердің орналасу кодтары

 

Орналасу коды

БИН МСУ

Ауылдық округтердің атауы

1

270402

050240003397

Жақсыбай ауылдық округі

2

270403

050240003436

Тау ауылдық округі

3

270405

050240003426

Борсы ауылдық округі

4

270406

050240003406

Ақоба ауылдық округі

5

270407

050240003387

Қамысты ауылдық округі

6

270408

940640000383

Ұзынкөл ауылдық округі

7

270409

050240003416

Күйгенкөл ауылдық округі

8

270410

050240003446

Талов ауылдық округі