Жалпы мағлұматтар

Жәнiбек ауданы 1922 жылы құрылған. Облыс орталығынан оңтүстiк-батыс жағында 454 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумағы 8,2 мың шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 17405 адам мекендейді. Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымы 9 ауылдық округтен тұрады.Табиғи-климаттық  жағдайы бойынша құрғақ, жартылай шөлейт аймаққа жатады. Автокөлiк жолдары 319 шақырымды құраса, соның ішінде 49 шақырымы қара жол, 188 шақырымы қиыршық тас төселген  жол және 82 шақырым грунттық жол.
Жәнібек ауданы Ресей Федерациясының Волгоград пен Саратов облыстарымен және Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда мен Казталов аудандарымен шекералас. 

 

 

Аудан халқы

 

2018 жылдың 1 қантарына аудан тұрғындарының саны 17352 адамды құрады, с.і. аудан орталығында 8358 адам (43,8%) және ауылдық округтерде 8964 адам (51,7%) тұрады. Экономикалық белсенді тұрғындардың саны 9404 адам, экономикалық белсенді емес тұрғындардың саны 7948 адамды құрады.
Осы мерзімге ауданда 228 адам дүниеге келіп, 108 адам қайтыс болған. Табиғи өсім 120 адамды құрады. Ауданға 321 көшіп келсе, 242 адам басқа жерге қоңыс аударды. Сальдо -79.