"Ақжайық - адалдық алаңы"

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің ғимаратында аталған бөлімнің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Адалдық алаңы» (сатушысыз дүкен) ашылды. 

Б.М.Ыхсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Өзіңнен баста!» акциясы өткізілді.

Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектептің акт залында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық деген не?» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, қатысушылардың өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, мемлекет ісіне жауапкершілікпен қарау, әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты танымдық шара оздырылды.

"Ақжайық-адалдық алаңы" жобасының жұмыс тобы №1 мектеп - лицейдегі оқушыларға тегін ыссы тамақ ұйымдастыруына бақылау жүргізді. Жұмыс тобы ас мәзірімен танысып, асхананың тазалығына орасан көңіл бөлді.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында еліміздің барлық арнаулы оқу орындарында «Адалдық дүкені» туралы бастама көтерілді.

1 мектеп-лицейінде "Адалдық дүкені" ашылды. Басты мақсаты - қоғамдағы сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде көрсетуге мүмкіндік беру, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру.