Дербес бөлімдер мен ауылдық округтер аппараттарына

2018 жыл (12 ай)  бойынша қаралған

жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне

ТАЛДАУ:

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы №221 Заңының 15 -бабының, 10 - тармағына және аудан әкімі аппаратының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы – шаруашылығы жұмыс бөлімі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтер аппараттарына 2018 жыл (12 ай)  бойынша қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізді.


2018 жылы Жәнібек ауданы әкімі аппаратымен, дербес бөлімдермен және ауылдық округтермен 1036 (979 - жеке, 57 - заңды тұлғалардан) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. Өтініштердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға төмендеген. (1 кесте)  


1- кесте


2017 және 2018 жыл бойынша өтініштер саны

 

 

Соның ішінде өтініштің:

 

  • 422 ( 1,7 % ) - аудан әкімі аппаратына
  • 501  (14,7% ) -бөлімдерге
  • 113 (42,6% ) – ауылдық округтерге келіп түсті (2-кесте)

 

2-кесте

 

2018 жылы түскен өтініштердің аудан әкімі аппараты, дербес бөлімдер және ауылдық округтер бойынша бөлінісі

 

 

Жалпы 2018 жыл бойынша келесідей мәселелер бойынша өтініштер көптеп келіп түсті :

 

  • 357 жер қатынастары;
  • 219 еңбек қатынастары;
  • 188 тұрғын үй;
  • 128 құрылыс;
  • 61 халықтың тұрмысы;
  • 45 білім;
  • 17 ауыл шаруашылығы;
  • 10 кәсіпкерлік;
  • (өзге салалар бойынша 10 өтініштен төмен).

 

2018 жылда келіп түскен өтініштерді негізгі түрлеріне сәйкес бөлетін болсақ (3 кесте)

  • 700 – арыздар;
  • 313 – сұрау сауалдар;
  • 14 - ұсыныстар
  • 9 - шағымдар;

 

 

3-кесте

 

2018 жыл бойынша түскен арыздар, шағымдар және басқа да өтініштер

 

 

Өтінішерді қарау кезінде 2018 жылы Жәнібек ауданы бойынша мерзімдері бұзылып қаралған өтініштер болған жоқ, 7 өтініштің мерзімі ұзартылып қаралды, соның ішінде:


Аудан әкімі аппаратында – 2 өтініш (қосымша зерделеу қажет етілді, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жерлерін берудің конкурсты өткізу барысында конкурстық рәсімдердің нормаларын қолдану тәртібі түсініксіз болғандықтан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетіне сұраныс хат жолданған болатын) және аудандық жер қатынастары бөлімінде – 5 өтініш (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бап 3-тармағына сай жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайтындығын ескере отырып, бөлімге түскен барлық өтініштер белгіленген кезең ішінде қаралады).


ІІ. Жәнібек ауданы әкімі аппаратына

2018 жылы

 келіп түскен өтініштер бойынша ақпараты

 

Жәнібек ауданы әкімінің аппаратына 422 (412-жеке, 10-заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде: арыз-164, шағым-3, сұраныс сауалдар-251, ұсыныс-4.


Түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны –16, заңға сәйкес түсінік берілді - 280, 126 өтініш қарау үшін жолданды.


2018 жылдың көрсеткіштерін 2017 жылмен салыстырсақ, өтініштердің саны 1,17 % - ға төмендегені байқалады
(2017 ж.– 427).


Өтініштердің басым бөлігі Жәнібек, Тау, Ұзынкөл, Ақоба, Жақсыбай, Қамысты ауылдық округі тұрғындарынан келіп түскен
(4 -кесте).

 

(4 – кесте)

Қала, аудандар

Саны

Жәнібек а/о

277

Тау а/о

25

Ұзынкөл а/о

24

Ақоба а/о

19

Жақсыбай а/о

17

Қамысты   а/о 

13

Борсы а/о

11

Күйгенкөл а/о

11

Талов а/о

9

Орал қаласы

7

Астана қаласы

3

Алматы облысы

3

Көкшетау қаласы

1

Тараз қаласы

1

Зеленов ауданы

1

 

Жалпы 2017 жылдың 11 айы бойынша келесідей мәселелер  бойынша өтініштер көптеп келіп түсті :

  • 130 тұрғын үй;
  • 120 жер қатынастары;
  • 105 еңбек қатынастары;
  • 23 халықтың тұрмысы;;
  • 17 материалдық көмек;
  • 16 су өткізу;
  • 6 құжаттандыру;
  • 4 білім;
  • 3 кәсіпкерлік;
  • 2 ветеринария
  • 1 мәдениет саласы

 

2018 жыл бойынша мерзімі бұзылып орындалған өтініштер болмады және жоғары тұрған мемлекеттік мекемелерден бақылауға қойылған өтініштер бойынша ақпарат мерзімінде жолданды.

 

ІІІ. Ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерге

2018 жылы келіп түскен өтініштер бойынша ақпараты:

 

Ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерге 614 (567 - жеке, 47 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде: арыз-536, шағым-6, сұрау сауалдар-62, ұсыныс-10.


Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 378 өтініш, заңға сәйкес түсінік берілді - 220, бас тартылды - 9, 6 өтініш қарау үшін жолданды, 1 өтініш қаралуда.


Дербес бөлімдерге 501 (455 - жеке, 46 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде: арыз 469, шағым 6, сұрау сауалдар 16, ұсыныс 10.


Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 357 өтініш, заңға сәйкес түсінік берілді - 133, бас тартылды - 9, өтініш қарау үшін 1 жолданды, 1 өтініш қаралуда.


Ауылдық округ әкімі аппараттарына 113 (112 - жеке, 1 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде: арыз 67, басқа да өтініштер 46.


Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны – 21 өтініш, заңға сәйкес түсінік берілді - 87, өтініш қарау үшін 5 жолданды.


Өтініш берілген тілде жауап берілмеген өтініштер болмады.

 

ІV.«АШЫҚ ӘКІМДІК»

ашық есік шарасы туралы ақпарат:

 

Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп, билік пен халық арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С.Көлгіновтың тапсырмасына сай 2018 жылы аудан бойынша 15 рет «АШЫҚ ӘКІМДІК» ашық есіктер шаралары ұйымдастырылған болатын.


Жеке қабылдауға қатынасқан 131 аудан тұрғындарының жұмыспен қамту, тұрғын үй қатынастары, несие алу, ауыз сумен қамтамасыз ету, жер қатынастары және басқа да көтерген мәселелеріне қатысты аудан әкімі, жиырмаға жуық аудандық мекеме, ұйым басшылары өз өкілеттіктері шегінде егжей-тегжейлі түсінік берді.


Ұйымдастырылған барлық шаралар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және  әлеуметтік  желілерде жарияланды.

 

VІІ. 2018 жыл бойынша азаматтарды жеке қабылдау

жұмыстарына талдау жүргізу:

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы №221 Заңының 13 - бабына сәйкес мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүргiзуге мiндеттi.


2018 жылы Жәнібек ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы  288
азаматты жеке қабылдаған (5- кесте).  


Ауылдық округ әкімдері
ішінде азаматтарды ең көп қабылдаған Тау (27), Ұзынкөл (10), Күйгенкөл (8), Жәнібек (8) және Борсы (3) ауылдарының әкімдері, ал қалған ауылдық округтердің әкімдері мен барлық дербес бөлімдердің басшыларының жеке қабылдауында азаматтар мүлдем болмаған.


Аудан әкімі, оның орынбасарлары және ауылдық округі әкімдерінің
қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 287 түсінік берілді, 5 – мәселе оң шешілді, 52 қарау үшін басқа мекемелерге жолданды.

 

5  - кесте

 

Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның

Т.А.Ә

Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның лауазымы

 

Қабыл-данған адам-дардың саны

Қабылданғандардың  ішінен:

Мәселе оң шешілді

Өтініш

қанағаттан-дырылмады

Мемле-
кеттік органдар-дың бөлім-шесіне жіберілді

Түсіндір-ме берілді

Басқа ұйым-дарға жіберілді

Сафималиев Азамат Сафималиұлы

Аудан әкімі

247

-

-

41

196

10

Меңешов Біржан Нұрланұлы

Аудан әкімінің  орынбасары

22

-

-

-

22

-

Абдолов Жақсылық Кәрімоллаұлы

Аудан әкімінің  орынбасары

12

-

-

-

12

-

Молдағалиев Асхат Хамитұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

7

-

-

-

6

1

Жәнібек ауылдық округінің әкімі

8

-

-

-

8

-

Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі

8

-

-

-

8

-

Тау ауылдық округінің әкімі

27

-

-

-

27

-

Ұзынкөл ауылдық округі

10

5

-

-

5

-

Борсы ауылдық округі

3

-

-

-

3

-

Барлығы

344

5

-

41

287

11