Жақында туған елім Жәнібек ауданында болдым. Аудан орталығы соңғы жылдарда көркейіп, абаттандырылып, әдемі қалыпқа енген. Ауылда бәрі жақсы, қиыны тек жол мәселесі. Ауылға жетіп келгенде шаршап келе жатырған жүргіншілер қор болып, жол азабын көреді. Жәнібектен Орал бағытындағы жолды жөндеу жөнінде қандай жоспарларыңыз бар?

Игі құрметпен,

Астанадан Ақболат Ғаббас

6.09.2013 ж.

 

Жауап:  

Ауыл туралы пікіріңізге үлкен рахмет. Жәнібек – Казталов – Чапаев автожолы республикалық санаттағы жол. ҚР автомобиль жолдары комитеті қазіргі кезде осы жолдың Чапаев – Казталов бағытын жөндеп келе жатыр. Келесі жылы жөндеу жұмыстары Жәнібек ауылынан Казталов ауылына қарай жүргізілетін болады. Қазіргі кезде жолдың 162–142 км жөндеге жобалық сметалық құжаттама жасалуда. Сондай-ақ, болашақта халықаралық дәліз Волгоград – Жәнібек – Чапаев – Жымпиты автожолын іске қосу туралы Үкіметтің арнайы бағдарламасы жасақталуы жоспарланған. Бұл жоба іске асып жатырса Жәнібек ауданы тоғыз жолдың торабында болатын болады. Бұл ауданның дамуына үлкен мүмкіндіктер береді.