Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

Жәнібек ауылдық округі әкімдігінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтіп, оған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, ауылдық округ әкімі аппаратының және аудандық «Шұғыла» газетінің қызметкерлері қатысты.

Тау ауылында Елбасының биыл 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауын тұрғындарға насихаттауға арналған кездесу болды.