Жәнібек ауданының әкімі

 Сафималиев Азамат Сафималиұлы

 

   Сафималиев Азамат Сафималиұлы 1979 жылы 23 желтоқсанда
   

   Атырау облысы, Атырау қаласында   дүниеге келген.
   
   Білімі жоғары, магистр.

  2000 жылы Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын, 2008
  жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
  мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
   
  Еңбек жолын 2001жылы  Атырау қаласындағы  «Нефтестрой сервис
  ЛТД» ЖШС-нде бастады.
   
  2003 жылы мемлекеттік қызметке келіп,  Атырау облысы қаржы
  басқармасында бас маман, бөлім бастығы лауазымдарын атқарды.
  2008-2009 жж Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат
  депутатының көмекшісі.
   
   2009-2010 жж Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы әкімінің кеңесшісі.
   
 

   2010-2012 жж Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан  облысының ішкі  саясат  басқармасы  бастығының орынбасары.
   
   

   2012 - 2016 жж Батыс Қазақстан  облысы,  Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары.
   
   

   2016 – 2017 жж Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы әкімінің орынбасары.
   
 

   2017 жылғы 03 шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі.

   

   Отбасылы. Жанұяда 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.

 


 

Жәнібек ауданы әкімінің ішкі саясат, әлеуметтік сала және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары

Менешев Біржан Нұрланұлы

 

 

 

    Менешев Біржан Нұрланұлы - 1982 жылы 26 қыркүйекте Орал

   облысы Орда ауданы Сайқын ауылында дүниеге келген. Ұлты

   қазақ. 1999 - 2003 жылдары Алматы комерциялық институтына

   оқуға түсіп, экономист      мамандығын, 2005 - 2007 жылдары

   Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер

   университетінен заңгер мамандығын алып шықты. Жоғары

   білімді маман өзінің алғашқы еңбек жолын туған жерінен, яғни

   Бөкейордасы аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

   бөлімінің әлеуметтік қызметкері болып бастады.

 

    2002-2003 жылдары Бөкейордасы аудандық қазынашылық

   бөлімінің жетекші маманы;

   

   2003-2005 жылдары Бөкейордасы аудандық телекомуникациялар торабының экономисті, бас есепші;

 

   2005-2006 Бөкейордасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі;

 

   2006-2007 жылдары Бөкейордасы аудандық мәслихат аппаратының басшысы;

 

   2007-2008 жылдары Бөкейордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы;     

 

   2008-2012 жылдары Бөкейордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

 

   2012 жылдың маусым-тамыз айларында Бөкейордасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;

 

   2012-2013 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Бөкейордасы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы;

 

  2013-2015 жылдары   ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясы кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің  басшысы; Орал қаласы

 

  2014-2015 жылдары ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы; Астана қаласы

 

  2015 жылдың 28 желтоқсанынан бастап Жәнібек ауданы әкімінің ішкі саясат, әлеуметтік сала және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары.

 

  Отбасылы. Жанұяда 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

 


 

Жәнібек ауданы әкімінің экономика, құрылыс және кәсіпкерлік дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары 

Абдолов Жақсылық Кәрімоллаұлы

 

 

  1984 жылы 29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы
  Тау ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2000-2004 жылдары
  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университет-
  інде «тарих-география» пәні мамандығы бойынша білім алды.
  Еңбек жолын 2004 жылы Жәнібек ауданының Тау ауылындағы
  Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ-нің тарих-география пәні мұғалімі
  болып бастаған.

   2006-2008 жылдары Жәнібек ауданы Тау ауылында Ғ.Абдуллин
  атындағы ЖББОМ-нің директоры.

  2008-2010 жылдары Тау ауылдық округінің әкімі.

 

  2010-2012 жылдары Жәнібек аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

 

  2012-2017 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратыныңбасшысы.

 

  2017 жылдың маусым бастап Жәнібек ауданы әкімінің  экономика, құрылыс, ауыл шаруашылық саласы және кәсіпкерлік дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары.

 

  Отбасылы. Жанұяда 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

 


 

Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы

Молдағалиев Асхат Хамитұлы

 

  1981 жылы 13 желтоқсанда Жәнібек ауданының Жәнібек
  ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білім жоғары. 2002  жылы
  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Химия және
  биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
  Алғашқы еңбек жолын 2002 жылы Т.Жароков атындағы жалпы
  орта білім беретін мектебінде химия және биология пәндерінің
  мұғалімі қызметінен бастаған.

   2002-2008 жж. Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін
  мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі,
  директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі;

   2010-2012 жж. А.Оразбаева атындағы орта білім беретін негізгі
  мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі;

  2012 ж. жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі директорының уақытша міндетін атқарушы;

 

  2012-2013 жж. Ақоба ауылдық округінің әкімі;

 

  2013-2014 жж. А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебі директорының уақытша міндетін атқарушы;

 

  2014-2015 жж. А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің директоры;

 

  2015 – 2017 жж. «Нұр Отан» партисының Жәнібек аудандық филиалы төрағаның бірінші орынбасары;

 

  2017 жылғы 17 қазанна бастап  Арнайы тексерістен өткенше Жәнібек ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы.

 

  2018 жылдың 4 қаңтарынан бастап Жәнібек ауданы әкімі аппараты басшысы.

 

  Отбасылы. 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.